- оқыту және тәрбиелеуде қатып қалған үлгіге қарамай, өзіндік жаңалық енгізу
- биік нәтижегелерге қол жеткізуге ұмтылу
К.Э.Циолковскиидің «формуласы»:
Мен алдымен көп адамға белгілі ақиқатты аштым, одан кейін кейбір адамдарға ғана белгілі ақиқатты аштым, ең соңында, ешкімге беймәлім ақиқатты аша бастадым.
1. Теоретик-логик. Өз жұмысын жоспарлайды, бұрыннан белгілі ғылыми зерттеулерді кең қолданады. Жан-жақты. Бастаған ісін аяқтайды.
2. Теоретик – интуитивист. Керемет қиялшыл. Жалпы қабылданған ой-пікірлерге қарсы шығуға қорықпайды.
3. Практик – экспериментатор. Ұйымдастырушы. Тез тіл табысады. Өз еркіне өзгелерді көндіріп, үлкен шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағыттай алады.
В.А. Кан-Калик, Н.Д.Никандров қарым-қатынасқа байланысты педагогикалық шығармашылық деңгейлерін жіктейді:
Бұрыннан белгілі әдіс, шаблон бойынша сыныппен жай ғана қарым-қатынас жасай білу.
Сабақты оптимизациялау – жоспарлаудан бастап, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдай алу.
Эвристикалық деңгей – оқушымен тікелей қарым-қатынас жасай білу, яғни нәтижеге бағытталған бірлескен іс-әрекет.
Жоғары деңгей – сабақты сыныптың деңгейін, әр оқушының ерекшелігін есепке ала отырып өткізу. Мұғалім дербестігі.
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады: