Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы



Дата26.10.2019
өлшемі16,43 Kb.
#50671
Байланысты:
Эссе.Гүлмира апай (1)

Жақсының жақсылығын айт...

«Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын!» Иә,қазақ халқы қашан да тауып айтудың шебері.Орынды айтылған жылы сөз адамды жігерлендіреді, өмірге құштарлығын арттырады, жан сарайыңды жаңғыртады.Осындай жандардың бірі,жанымызда жүрген жақсы жан-Орманова Табиға Елтайқызы.

«Ісім оңсын десең, сол істің маманы бол. Даңқым шықсын десең, көпшіліктің адамы бол» деп атақты ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқан нақыл сөздің мәні мен мағынасы апайымызға арнайы айтылғандай. Осынау бағаны ұлы ғұлама еліне еңбегімен сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған Табиға ұстаз секілді абзал жандарға арнап айтқан болар.

Ұстазы жақсының,ұстамы жақсы

Жас ұрпаққа саналы тәрбие беруде өнегелі үлгісімен, жаңашылдық жолымен, адамгершілік қасиетімен, ұстаздық жолын көрсетіп келе жатқан Орманова Табиға мұғалімдер отбасынан шыққан жан. Әкесі Елтай бірнеше жыл мектеп басқарған,абыройлы да сыйлы кісі.Ұяда көрген тәрбиесін бүгінгі күні өз пайдасына жарата алған Табиға апайымыз шәкірттеріне тағылымы мол тарих пәнінен дәріс беріп келеді.Өмірден көрген-түйгені мол,кемел ойлы, терең білімді, жаны жомарт жан,ұжымына сыйлы. Бірлестік жетекшісі ретінде бірлестіктегі әріптестері жанының тазалығы мен көңілінің адалдығы, қарапайым мінезі және еңбектегі білгірлігі үшін үлгі тұтып сыйлайды, әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Кез келген уақытта жолығып, көңілге қонымды, толыққанды кеңесін алып отыратын бірлестігіміздің жас мамандары апайымызды «бірлестік энциклопедиясы» деп атауы да тегін емес. Ақылшы ретінде кейінгі жастарға жиған тәжірибесін үйретуден жалықпайды. Шынында да, ол кісінің адал еңбегі– адамгершілігі тұнып тұрған ғажайып бір әлем.
Ұстаз еңбегінің жемісі – шәкіртінің жетістігі.

Орманова Табиға – мамандығын жете меңгерген,жинаған тәжірибесі мол тәлімгер,өз ісінің майталманы.Мектеп мерейін асырған,сан түрлі бәйгелерден оза шапқан шәкірттерінің жетістіктерімен қатар,қызмет саласындағы жеке жетістіктерімен де мақтана алады.Республикалық,облыстық,қалалық олимпиада мен байқаулардың жеңімпаздары болған талантты шәкірттері бүгінде Қазақ елінің түкпір-түкпірінде әр түрлі салада қызметтер атқаруда.Тарих пәнінен облыстық,қалалық деңгейде семинар сабақтар өткізіп, білім мен ғылымның дамуына ерекше үлес қосқан білікті маман.Бүгінгі таңда зейнет жасына жақындаса да аудандық семинар өткізудің жолында жан аямай жұмыс жүргізіп жатқан ұлы істің ұйытқысы,білікті бірлестік жетекшісі.Бірнеше Құрмет граматасы мен Мадақтамалардың иесі,ғылыми-практикалық мақалалардың авторы.Ұлы мұрат жолынды жасаған еңбегіміздің жемісі мен жеңісін көріп,бақытты да баянды ғұмыр кешуіне тілектеспін.

С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

Желдібаева Гүлмира,тарих пәні мұғалімі


Менің ұстазым

Ұстазым бар ғажап қасиетің...

«Ұстаз» сөзі ұлы да қасиетті.Адам баласына қадірлі,құрметті сөздердің бірі.Халқымыз қашанда нақыл сөздердің мәнін терең түсініп,орынды қолдана білген. «Ұстаз көрген» деген сөзді тәрбиелі,өнегелі, өмірде өз орнын жаңылмай тапқан, сонымен қатар ақылды,адамгершілігі бар жан-жақты тұлға болып қалыптасқан жанға құнды пікір.Ұстаз - әр адамның жанына білім дәнін сеуіп,әр шәкіртін аялап,өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады.Дәлірек айтсақ,адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді.Әркім өз мамандығының шебері болса ғана,өмірде өз орнын табады. Осындай өмір атты кеменің капитаны болып,барар жолын,бағытын дұрыс таңдай білген жан,ол менің ұлағатты ұстазым -Желдібаева Гүлмира Әуесбекқызы.

Ұлы ақын Абай атамыз ұстаз туралы,ұстаз еңбегінің өлшемі туралы айтылған мына өлең жолдары мен үшін өте мағыналы.

Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

Иә,ұстазымыздың еңбегінің еш кетпегені алдынан түлеп ұшқан шәкірттерінің жетістігімен өлшенеді. Гүлмира ұстаздың алдынан шыққан шәкірттері бүгінде беделді қызметтер атқарып,өз еліне үлестерін қосуда. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген нақыл тегін айтылмаса керек.Отыз жылға жуық педагогикалық өтілінде бірнеше шәкіртті алтын ұя мектебінен ұшырған ұлағатты ұстазымыздың бүгінгі шәкірттері біз боламыз.

Ұстаз болу - өз уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау.

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай,Гүлмира ұстаз өз уақытынан гөрі өзгенің бақытын аялайтын жан.Қиындығы мен қызығы қатар жүретін осынау мамандықтың шын иесі де - Гүлмира ұстаз.Әр сабағыңа  жете  дайындалып, балаларға білім беріп қана қоймай, тәлім-тәрбиені қоса береді. Өмірде адал болуға, адамгершілік асыл қасиеттерді бойымызға жинақтап, дарыта білді.Бізбен тең дәрежеде сырласып, мерекелік шаралар ұйымдастырып,табиғат аясына саяхатқа шығып, көңілді кезеңдерімізбен бірге бөлісті. Шәкіртіне ұрысып, жекіп, кейімей-ақ, олармен сыйласа отырып жан дүниесін ұғынады.Аяулы ұстазыма өзіңізді сүйетін,құрметтейтін,ибалы да инабатты,ақылды да білімді шәкірттеріңіздің арман-тілегімен жасарып,жайнап жүре біріңіз деген ақ тілегімді айтқым келеді.Екінші анамыз санайтын Гүлмира ұстазыма арнаған ой толғауымды мына бір өлең жолымен қорытындылағым келеді.

Ұстазым, менің ұстазым,

Өзіңмен өткен қыс-жазым,

Қалдырған ізің мәңгілік,

Жадымда тұрар жаңғырып,

Ұстазым, менің ұстазым!

С.Адамбеков атындағы жалпы орта мектебі

Алимсак Самал 9-сынып оқушысы



 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет