Стереометрия есептерін шығару (қолданбалы курс бағдарламасы, 11 сынып)


«Ойланайық, кім ойшыл» Сабақты бекіту



бет13/31
Дата18.10.2023
өлшемі3,72 Mb.
#186454
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Стереометрия есептерін шығару. Казжанова ГЗ

3 «Ойланайық, кім ойшыл» Сабақты бекіту
Сөзжұмбақ «Конус»
1.Тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышын жасайтын қабырғалары.
(катет)
2.Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың___ деп аталады
(косинус)
3.Косинустың биіктігі табанына қалай орналасады?
(перпендикуляр)
4. Косинустың төбесін табанындағы шеңбер нүктесімен қосатын кесінді. (жасаушы)
5. Конустың бүйір бетінің жазбасы қандай фигураны береді.
(сектор)


4. « Геометриялық фигуралы ребус» /сергіту сәті/
Математикалық ребустан ақыл, қайрат, жүрек деген сөздер шығады.
Ақыл, Қайрат, Жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек – деп Абай атамыз өзінің 17-ші қара сөзінде айтқандай. Жүрек жылуы бар, Қиындыққа мойымайтын қайратты, ақылымен мыңды жығатын адам болыңыздар деген тілекпен сабағымызды аяқтаймыз.
5.Тест. Интерактивті тақтадан 6 сұрақпен тест орындайды
5. Үйге тапсырма беру; тест есептерінен. Талапкер 218, 219.

Сабақ №21-№22
Сабақтың тақырыбы: Конустың көлемін табуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: конус бетінің ауданын есептеу дағдларын
қалыптастыру, дамыту; оқушылардың айналу
денелері туралы түсініктерін кеңейту
Сабақтың түрі: интелектуалді сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сызғыш, циркуль, үлестірме 
тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, 3 топқа бөлу (әр топта 4 оқушыдан)
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта өткенді қайталау диалог түрінде
- Қандай денені конус деп атайды?
- Конустың толық бетінің ауданы қандай формуламен анықталады?
- Конустың бүйір бетінің ауданы қандай формуламен анықталады?
- Осьтік қимасы қандай фигура болады?
ІІІ. Бекітуге есептер шығару №190 /а,ә,б/, №191 /а,ә,б/
Әр топтан бір оқушыдан шығып, тақтада шығарылуы рәсімделеді. Жауаптарының дұрыстығын слайд арқылы тексеруге болады
IV. Практикалық тапсырма
Циркуль, қайшы көмегімен қағаздан:
- конус жазбасын дайындау;
- сызғышпен жасаушысының ұзындығын өлшеу;
- транспортирмен жазбанын центрлік бұрышын өлшеу;
- формуласымен дөңгелек сектордың ауданын есептеу;
- жазбадан конус құрастыру;
- конус табанының радиусын өлшеп, формуласымен бүйір бетінің 
ауданын есептеу;
- шыққан нәтижелерді салыстыру, қорытынды тұжырымдау.
V. Дәстүрлі емес есептер шығару.
№ 1. Шырша төбесіне 30° бұрышпен ілінсе, ал табанындағы шырша бұтағының ұзындығы 5 м болса, биіктігі 12 м шыршаны безендіру үшін қанша метр жаңа жылдық әшекей қажет?
Жауабы: 156 метр әшекей қажет.
№ 2. Биіктігі 4м, табан радиусы 6 м конус тәрізді шатыр құрастыру үшін қанша м2 брезент қажет. Қайырылуына және тігісіне 5% қоса есептегенде.
Жауабы: 79,13 м2.
VI. Үйге тапсырма: №196, №203.
VІI. Тест тапсырмаларынан ҰБТ есептері:
1 топқа - Конус табанының радиусы 8 см, ал жасаушысы табан жазықтығына 60° бұрыш жасай көлбеген. Конустың толық бетінің ауданын табыңыз.

  1. 108 см2

  2. 192 см2

  3. 384 см2

  4. 216 см2

  5. 320 см2

2 топқа - Қиық конустың табан радиустары 3 м және 6 м, жасаушысы табанына 45° бұрышпен көлбеген. Биіктігін табыңыз.

  1. 7 м

  2. 9 м

  3. 5 м

  4. 3 м

  5. 6 м

3 топқа - Конустың жасаушысы 25 см-ге, биіктігі 7 см-ге тең. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

  1. 600 см2

  2. 1500 см2

  3. 540 см2

  4. 500 см2

  5. 830 см2 

VIІI. Қорытындылау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет