Стиль мен бейнелілік ұғымдары туралы


ХХ ҒАСЫР ЛИРИКАСЫНДАҒЫ СТИЛЬ МЕН БЕЙНЕЛІЛІК



бет11/32
Дата25.03.2022
өлшемі195,32 Kb.
#136809
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
Сыйлыгул-Диссертация

2 ХХ ҒАСЫР ЛИРИКАСЫНДАҒЫ СТИЛЬ МЕН БЕЙНЕЛІЛІК
2.1 Дәстүрлі көріктеу құралдарының поэтикалық бейне жасаудағы қызметі

Кез келген көркем шығармада, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөз көп жағдайда ауыспалы мағынада қолданылатынғы алдыңғы тараушада да айтылды. Бұл туралы Е.Жанпейісов: «Жазушы тіліндегі бейнелеу құралдарын әр алуан көркемдік бояу бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де, мақал-мәтелдер де, эпитет пен теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу құралдары шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір мағыналық астар алып, стильдік функциясы арта түседі. Ауызекі сөйлеу стилінде де, әдеби тілде де әдетте жиі айтылатын тіл құралдарының үйреншікті номинативтік мағынасы ақын-жазушылардың тілінде әр түрлі дамып отырады» [57, 265-б.], – дейді.


Бүгінгі таңда поэзияда көбірек қолданылатын дәстүрлі көркемдік бейнелелік құрылымы бір негізге түскен. Олар өлеңдердің бірінде жиі, бірінде сирек қолданылса да, өлеңді бейнелі жеткізуге, астарлы ойды стильдік айшықтармен беруге көмектеседі.
Дәстүрлі бейнелеуіш құралдар туралы сөз еткен кезде поэзияда, оның ішінде лирикалық шығармаларда көп кездесетін теңеулерді атауға болады.
«Теңеу – адамның рухани дүниесінің аса қуатты көріністерінің бірі. Ең алдымен ол ең пәрменді ойлау формаларының қатарына жатады. Ойлаудың басқа түрлерінің барлығы да (ұғым, пайымдау, ой қорытындылары) тек теңеу арқылы ғана, теңеудің тікелей қатысуы нәтижесінде жүзеге асады. Теңеу таным құралы болуымен қатар, эстетикалық категориядың бірі болып табылады. Олай болуы заңды да. Өйткені адамның көркем ойлауының, соған орай көркемдік танымының аса қуатты құралдарының бірі – көркем әдебиетті теңеусіз елестету мүмкін емес. Теңеу барлық халықтың фольклорында да, жазба әдебиетінде де кеңіне орын алып, әдеби персонаждардың портреттерін жасауда, табиғат көріністерін суреттеуде, кейіпкерлердің мінез құлқын, іс-әрекеттерін сипаттауда, басқа да толып жатқан жай-жағдаяттарды баяндауда ұтымды стильдік тәсіл ретінде мейлінше мол қолданылады» [58, 9-б.], – деген Т.Қоңыров пікірімен толықтай келісуге болады. Себебі бір нәрсені басқа нәрсеге теңеу, балау арқылы ол нәрсенің табиғатын ашуға толық мүмкіндік туады.
Теңеулерде түсінік ассоциациясы семантикалық жағынан алғанда басқа сөздің тіркесінен барып қалыптасады. Сондықтан да теңеу сөздерде стильдік реңк эпитеттерге қарағанда айқынырақ байқалады.
Жалпы қазақ тіліндегі теңеулерді Т.Қоңыров жасалу жолдарына қарай он топқа бөлген. Олар:
1) -дай, - дей, -тай, -тей, дайын, дейін, тайын, тейін жұрнақтарның көмегімен;
2) -ша, -ше жұрнағының көмегімен;
3) шығыс септігінің жалғауының көмегімен;
4) секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен;
5) бейне сөзінің көмегімен;
6) тең сөзінің көмегімен;
7) ұқсас сөзінің көмегімен;
8) параллеллизм тәсілі көмегімен;
9) аралас тәсілдің көмегімен;
10) қосалқы тәсілдің көмегімен [59.11-б.].
Осы жасалу жолдары бойынша біздің жұмысымызда қарастырылатын ХХ ғасыр лирикасында басқаларымен салыстырғанда бірінші жолмен, яғни -дай, -дей, -тай, -тей, дайын, дейін, тайын, тейін жұрнақтарның көмегімен жасалатын теңеулер жиі кездеседі. Мысалы: жауырына ер батқан кербестідей; төбелер түймедей боп семіп қапты; алаулап екі бетің оттай жанып; әженің бауыры ұядай; ақ жұлдыздай ағып бара жаттым мен; аспандай боп нөсерден соң ашылам да шығамын; аспанға шығар көпірдей.
Жоғарыдағы мысалдарға қарап отыра, теңеулер зат есім арқылы ғана жасалады деген пікір тумауы керек. Ол басқа есімдер арқылы да, тіпті етістік арқылы да жасала береді. Мысалы:
Шаңғыға сендей ешкім болмас құмар. (А.Б. Ақ ұлпа. 1-68)
Қыз-келіншек жаралғандай ақ гүлден. (М.С. Адам. 1-29)
Жаңағы аппақ дүнием
Көзімнен бір-бір ұшқандай. (А.Б. Аққанат. 1-73)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет