«Стилистика және әдеби редакциялау» – болашақ журналистердi дайындау бағытындағы ең маңызды практикалық дәрiстердiң бiрi


белгiлi бiр сала бойынша (ғылыми, техникалық, ар-наулы, т.б.)



бет3/11
Дата04.02.2022
өлшемі32,92 Kb.
#130672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Стилистика және әдеби монтаж

белгiлi бiр сала бойынша (ғылыми, техникалық, ар-наулы, т.б.) көзқарасты айқындай отырып, түзетулер мен толықтырулар енгiзiп тексеру;

  • тақырыбын тауып қою;

  • мәтiндi әдеби өңдеу.

    Әдеби өңдеу – шығармашылық процесс, авторлық шығарманы баспасөзде, радиода, телевизияда жариялауға әзiрлеу.
    Әдеби өңдеушi – редакциялау барысында шығарманы тақырыбы, мазмұны, фактiлi материалы, тiлi мен стилi жағынан мұқият тексерiп, мәтiнге қажеттi түзету-жөндеулер, толықтыруқысқартулар енгiзедi, әдеби стилистикалық тұрғыдан өңдейдi, композициялық құрылысын жақсартады.
    Редакциялау шартты түрде саяси, ғылыми және әдеби өңдеу түрлерiне бөлiнедi.
    «Стилистика және әдеби редакциялау» курсының болашақ журналистер үшiн алатын орны ерекше. Өйткенi қайсыбiр шығармашылықпен айналысатын адам болмасын, өзiнiң жазғанына не өзгенiң материалын тексергенiне қарамастан, мiндеттi түрде әдеби өңдеу процесiн игередi.
    Бұл курс университеттiң журналистика бөлiмдерiнде оқытылатын жалпы редакциялау теориясы мен тәжiрибесi модулінің бiр бөлiгi болып табылады. Яғни, шығармашылықпен айналысатын студенттерге өз ойын еркiн жеткiзiп, баспасөз материалдарына, автор қолжазбаларына, түпнұсқа мәтiндерiне әдеби сипат берiп, тiлi мен стилiн қалыптастыру үшiн оқытылады. Баспасөз материалдарының түрiне, жанрына лайық оларды танып-бiлудiң принциптерiн ескерiп, талдау, бағалау, қорытындылау, содан соң әдеби өңдеп, редакциялау жайы да осы курста үйретiледi.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет