«Стилистика және әдеби редакциялау» – болашақ журналистердi дайындау бағытындағы ең маңызды практикалық дәрiстердiң бiрi



бет6/11
Дата04.02.2022
өлшемі32,92 Kb.
#130672
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Стилистика және әдеби монтаж

Редактор – (франц. жөндеушi) газет-журналда, баспада, радиохабар мен телевизияда мәтiндi әдеби тiлдiң стильдiк нормаларына түсiрiп өңдеушi, оны басылымның (хабардың) мақсаты мен сипатына, сондай-ақ саяси бағытына сай етiп жөндеушi әдеби қызметкер немесе журналист. Ол өзiне жүктелген газет-журналдың, кiтаптың (хабардың) саяси-идеялық және көркемдiк мазмұнына, тiлi мен стилiне, сондай-ақ техникалық безендiрiлуiне жауап бередi. Мерзiмдi баспасөзде редактор, ал баспаларда, радиохабар мен телевизияда жауапты немесе бас редактор басылымды (хабарды) әзiрлеуге басшылық етедi, оның мазмұн-сапасына, саяси-идеялық бағытына жауап бередi және барлық ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк мәселелердi шешедi. Түйiндеп айтқанда, редактор – редакциялаумен кәсiби тұрғыда айналысатын әдеби қызметкер. Әрине, журналистикада редакциялау композициясына көзқарас мүлде басқаша [16, 157]. Сол себепті редактордың жұмыс стилі де басқа қырынан өрбиді.
Мұнымен қатар биресми басылымдарға толықтай жауап беретiн жетекшi (жауапты – белгiлi бiр бөлiгiне ғана жауап беретiн, техникалық, көркемдiк) редактор, әдеби өңдеу iсiмен айналысатын әдеби редактор, ғылыми басылымдарда ғылыми редактор, арнаулы редактор (арнаулы тапсырмамен редакциялау жұмысын атқаратын), титульды редактор (ең жауапты адам, аты-жөнi пердебетте тұрады, негiзiнен автормен жұмыс iстейдi) болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет