Редактор – баспасөз орындарына авторлар қауымынан түсетiн қолжазбаны қабылдап, редакциялап шығаратын, оны жарыққа шығаруды басқаратын жетекшi, басшы, шығармалық қаламгер. Газет пен журналда оны бас редактор деп атайды. Кiтап баспасында редактордың атқаратын жұмысы сәл басқарақ болады. Мұнда қолжазбаны автордан тiкелей қабылдап, танысып көрiп, онымен нақты редакциялық жұмысты жүргiзетiн редактор бар. Қысқасы редактор – баспасөз бен баспадағы негiзгi тұлға, шығармашылық күш. Ол авторға дәйектi көмек көрсетiп, автор шығармасының жоспарымен мұқият танысып, оның иесiне өз идеясын өрiстете түсуге және соны мазмұнды, дәйектi жүзеге асыруға қаламгерлiк қол ұшын бередi. Редактор, былайша айтқанда, автор мен оқырман арасындағы байланысқа дәнекершi.
Достарыңызбен бөлісу: |