«Стилистика және тіл мәдениеті»


–дәріс. Публицистикалық стиль



бет5/12
Дата10.03.2023
өлшемі166,5 Kb.
#171703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
«Ñòèëèñòèêà æ?íå ò³ë ì?äåíèåò³»

6 –дәріс. Публицистикалық стиль.

  1. Публицистикалық стиль. Жалпы сипаттамасы

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлері

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.

  4. Публицистикалық стильдің фонетикасы.

  5. Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі

Публицистикалық стильдің шағын түрлері: саяси-насихаттық шағын публицистикалық стилі; таза публицистикалық шағын стилі; газет шағын публицистикалық стилі; газет тілінің өз ішіндегі жүктелетіндігі (бас мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, т.б.)
Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілері.
Публицистикалық стильдің фонетикасы. Публицистикалық стильдің лексикасы мен фразеологиясы. Публицистикалық стильдің морфологиясы мен синтаксисі.
Публицистикалық стиль және ауызекі сөйлеу стилі. Публицистикалық стиль және көркем әдебиет тілі.
Бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық өрісі мен ақпараттық нормасы. Сөйлеу мәнерлілігінің құралдары.
Бақылау сұрақтары:

  1. Публицистикалық стилге жалпы сипаттама беріңіз

  2. Публицистикалық стильдің шағын түрлерін атаңыз

  3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және экстралингвистикалық белгілерін көрсетіңіз

7-дәріс. Шешендік сөз мәдениеті.

  1. Шешендік сөз – классикалық формадағы сөз өнері

  2. А.Байтұрсыновтың шешен сөз туралы ойлары

Қазақ халқы сөздің құдіретіне табынып, тоқсан ауыз сөзге тобықтай түйін жасаған. Ұшқыр да ұтымды, мағыналы сөздерді негізгі ойдың арқауы еткен. Ел ішіндегі түрлі дау-жанжал, шешімін таппас мәселелерді де осы сөз арқылы, көрегендіктерімен, тапқырлықтарымен шешіп, әділ бағасын беріп отырған.


Бүгінге дейін жалғасын тауып отырған асыл қазынамыз – шешендік сөздер тарихи оқиғаларды, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін,оның ішінде жер дауы мен жесір дауын, мінез-құлқын, тайға таңба басқандай дәл, әрі шебер, әрі мәнді бейнелеуімен ерекшеленеді.
Шешендік сөз – тілдік, коммуникативтік, философиялық, логикалық, этикалық, психологиялық, тарихи-мәдени т.б. көпқырлы ерекшеліктері бар классикалық формадағы сөз өнері
Бізге мәлім, өнердің бірнеше түрі болса соның бірі – киелі де қасиетті сөз өнері. Шешендік өнер «өнердің падишасы» ретінде саналған.Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар: шешендер, философтар, ақындар, тарихшылар. Мысыр, Вавилон, Ассирия,Қытай, Үндістан елдерінде шешендік өнер айрықша дамыған. Осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады.
Ділмәр шешендеріміз тек шешендік өнерлерімен ғана танылып қоймай, әрі би, әрі қолбасшы, әрі батыр, әрі жырау, әрі қолбасшы, әрі философ бола білген.
Асыл қазынамыз шешендік сөздердің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып, естен айырып,ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді сөздер екендігін айта келіп А.Байтұрсынов шешен сөздің бес түрін атап көрсетеді:
Шешендердің жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығару мақсатымен сөйлегендері саясат шешен сөзі деп аталады.
Шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау, иә қаралау мақсатымен сөйлегенде сот билігіне әсер ету ұшін айтқан сөздері билік шешен сөздері деп аталады.
Біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады.
Білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері білмір шешен сөз деп аталады.
Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады.405-бет
Бүгінде шешендік сөздерімізді әр қырынан, атап айтсақ, тарихта болған би-шешендердің сөздеріне ғана қатысты қарастырылмай, көне заманнан, оның ежелгі дәуірден басталатындығы жайлы айтылып жүр .
Қазақ халқы шешендік өнерді, оны иеленуші адамды ерекше құрмет тұтқан. Шешендіктің арнайы мектебі дегенді білмеген қазақ даласында «би» мен «шешен» атанудың жазылмаған өзіндік қағидалары мен ережелері болған. Мәселен, «Би-шешен» дегендегі «би» сөзінің өзінің беретін мәні, атқаратын қызметі ерекше болған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет