Бақылау сұрақтары:
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу, шылау, одағай сөздердің стилистикалық қызметіне мысалдар келтіріңіз
Жай және құрмалас сөйлем синтаксисінің стилистикасы.
Автор сөзінің, төл сөз бен ортақ төл сөздің қолданылуындағы стлистикалық ерекшеліктерін мысалдар арқылы көрсетіңіз
12-дәріс. Синтаксистік стилистика.
1.Синтасистік стилистикаға тән ерекшелік жайлы.
2.Синтасистік стилистика қарастыратын мәселелер жайлы.
Синтаксис — сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.
Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар — адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөлшектері де, сөйлем — ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақтарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.
С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады, дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды,— кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық кұбылыстарын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.
Бақылау сұрақтары:
Стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не?
Синтаксистік ережелер мен синтаксистік заңдылықтарды қадағалаудың стильдік ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |