5 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын мағыналы хабар жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын тілдік емес (вербальды емес) құралдардың жиынтығы.
6 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филологиялық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланысты болады.
7 МОНОЛОГ – (грек.monos – бір және logos – сөз, сөйлеу) – белсенді сөйлеудің нәтижесінде пайда болатын сөйлеу түрі. Монологқа интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.
8 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл жалпыхалықтық тілдің бір түрі.
9. ТАБУ – (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді атауға тиым салу. Т. құбылысы тілдің магиялық қызметімен байланысты, яғни, сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады деген нанымнан туындайды. Т. Барлық тілдерде бар. Ең көп тараған Т. адам есімімен байланысты: туыстардың атын айтуға тиым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты болады.
10.ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu – жақсы және phemi – сөйлеу)- эмоция жағынан бейтарап сөздер. Э. құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде, өлді-қайтыс болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге қарсы қойылады.
Дисфемизмде керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі тұрпайы сөздер қолданылады
2 ДӘРІСТЕР
1-дәріс. Стилистиканың ғылым және пән ретінде қалыптасу, даму тарихы.
Дәріс сабағының мазмұны:
Стилистиканың зерттеу нысандарының ауқымына, көлеміне байланысты бөлінуі
Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері
Стилистиканы түр-түрге тарамдағанда, басшылыққа алатын принцип оның негізгі зерттеу бағыттары болуға тиіс.
Стилистикада ең басты назарда болатын екі бағыт бар. Олардың бірі – мәтіннен тысқары стилистикалық ресурстар ( мүмкіндіктер). Бұл аспектіні тіл ресурстары стилистикасы деп те аталады.
Зерттеу нысандарының (объектілерінің) ауқымына, көлеміне байланысты жалпы стилистика, салыстырмалы – салғастырмалы стилистика, ішінара стилистика және дара (индивидуалдық) стилистика болып бөлінуі.
Жалпы стилистика тілдің қай топқа, қай класқа жататынына қарамастан, тіл атауларына ортақ стилистикалық пробремалар мен мәселелерді қозғайды.Лингвистикалық стилистиканың анықтамасы, басты ұғымдары мен категориялары, әр түрлі топтарға жіктелуі.
Салыстырмалы – салғастырмалы стилистика әр тілдің ярустарында ұлттық өзгешеліктердің болатыны сияқты, тілдік құралдардың қолданылуына да бір заңдылыққа бағына бермейтіндігі туралы.Стилистиканың салыстырмалы және салғастырмалы түрлері,ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
Екі сөзден біріккен атауды (салыстырмалы - салғастырмалы) контрасивтік стилистика қатарына жатқызушылық. Контрасивтіліктің жайы сәл басқаша екенін айта кету жөн болар. Мұндайй жағдайда көбіне – көп салыстырылып немесе салғастырылып отырған тілдердегі стильдік құралдардың жұмсалу реттерінде айырмашылықтарға, қарама-қайшылықтар мен қарама-қарсылықтарға көбірек көңіл бөлінеді де, олардың арасындағы жақындық пен ұқсастықты зерттеуді басқа ізденушілердің міндеті болып саналуы.
Салыстырмалы стилистика мен салғастырмалы стилистиканың бір-бірінен айырымдарына келетін болсақ, мынадай жайды ескеру қажеттілігі.Салыстырмалы стилистикада туыстығы алыс тілдердің стилистикалық немесе стильдік құбылыстары жарыстырыла сөз болады.Мәселен, ағылшын тілі мен қазақ тіліндегі бірыңғай мүшелердің стилистикалық қызметі немесе неміс тілі мен қырғыз тіліндегі зат есім сөздердің қолданылысы т.с.с. зерттеу жұмыстары осы салаға жатқыза отырып зерттеу әдістері.
Салғастырмалы стилистика туыстығы жақын тілдердің фактылары негізінде стлистикалық зерттеу жұмыстарын қамтитындығы. Мәселен, қазақ және қырғыз тілдеріндегі сын есімнің стилистикасы немесе түрік және әзірбайжан тілдеріндегі сөздердің орын тәртібінің қолданылуы т.с.с. мәселелер туралы зерттеу еңбектердің маңызы.
Салыстырмалы –салғастырмалы деп қоса –қабат айтылуы да тегін емес. Бұл салада да зерттеулер баршылық. Мәселен, неміс, иқырғыз және қазақ тілдеріндегі синонимдердің стилистикалық қызметі немесе ағылшын, француз және өзбек, түрік тілдеріндегі метафоралардың қолданылуы жайлы сөз болатын зерттеулерді осы тұрғыдағы еңбектер. Ол арқылы ұлттық стильдік жүйенің ероекшеліктерін анықтау қажеттілігі.
Ішінара стилистика нақтылы бір ұлт, халық тіліндегі стилистика мәселелерін көтереді. Қазіргі пайдаланып жүрген қазақ, өзбек, қырғыз, орыс, неміс тілдері стилистиканың оқулықтары мен іргелі зерттеулер мұның мысалы болып табылады.
Дара немесе индивуальдық стилистика деп аталып жүрген стилистиканың түрі жеке автордың, жеке шығарманың немесе жеке жанрдың стилистикасын зерттеу нысаны болуы. Мәселен, М.Әуезовтің стиліне арналса немесе оның бір шығармасына , айталық. «Қорғансыздың күніне» арналса, ол ізденістен осы бағыттағы зерттеу жұмысы болғаны. Сондай –ақ кеңсе қағазының тіл туралы, бір ғалымның монографиясының тіліне қатысты т.с.с. жөніндегі үлкенді –кішілі стилистикалық еңбектер осы салаға жататын қарастыру.
Лингвистикалық стилистиканың мазмұны мен бағыттарын айқындайтын ең басты түрлері – функциональдық стлистика мен тіл ярустары стилистикасы.
Функциональдық стилистиканы екінші бір ретте қолданыс тілі стилистикасы (стилистика речи) деп те атайды. Қалай болғанда да, стилстиканың бұл түрінің басты бағыты – шығарманың, мәтіннің құрылымы ондағы тілдік құралдардың орнымен қолданып, тыңдарманға немесе оқырманға ойды мүлтіксіз жеткізуді қадағалау. Шығарманың (бұл жеке шығарма ұғымының барынша кең мағынада екенін еске сала кетейік) болмысында саналы немесе кездейсоқ ауытқулар, қателіктер бола беруі әбден мүмкін. Функциональдық стилистика мәселенің бұл жағына да назар аударады, демек, ол олқылықты қалай толтырудың, кешің тұстарды қалай түзеудің жолдарын көрсету қызметі қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |