ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
СТОМАТОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
ВН 2210 БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ пәні бойынша
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В10156-Стоматология
Оқу формасы: күндізгі
Курс: 2, семестр: ІІІ,IV
Академиялық кредит/сағат: 5/150
Оқу тілі: қазақша
Түркістан -2021
Емтихан сұрақтары кафедраның «____» _______ 2021ж. № ___ хаттама мәжілісінде талқыланды.
Кафедра меңгерушісі техн.ғ.к. доцент м.а. Г.К.Айболова
Пән координаторы, аға оқытушы Б.Ж.Ширинбекова
Стоматология мамандығы бойынша емтихан сұрақтары
І деңгей
1. Белоктардың жалпы қасиеттері, олардың жіктелуі, жануарлар организміндегі маңызы.
2. Аргинин және глицин аминқышқылдарының медицинадағы қолдану жолдары.
3. Гемоглобин, миоглобин, құрылысы организмдегі маңызы, қасиеттері, химиялық табиғаты, простетикалық топтары.
4. Белоктардың функциясы, белок молекуласының формасы. Белок молекуласының функциясын, формасын, қасиетін анықтау кезінде белок құрылыстарының ролі.
5. Ферменттердің жалпы қасиеттері, әсер ету механизмдері.
6. Ферменттер активтілігіне әсер етуші факторлар.
7. Ферменттердің жіктелуі мен номенклатурасы. Негізгі топтары мен топшаларына жалпы сипаттама.
8. Гидролазалар: эстеразалар және гликозидазалар. Өкілдері, каталитикалық әсері, орналасқан орны.
9. Энергетикалық алмасу, энергетикалық алмасудың сатылары.
10. Маңызды витаминдердің жіктелуі және оларға жалпы сипаттама. Алиментарлы және екінші ретті гипо- және авитаминоздар. Гипервитаминоздар.
11. Тағамдағы көмірсулар және олардың маңызы. Көмірсулардың асқорыту жолдарындағы қорытылуы мен сіңірілуі. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі. Көмірсулар гидролизінің өнімдерінің тағдыры.
12. Гликогеногенез, гликогенолиз, процесстерге сипаттама және олардың ролі.
13. Глюкоза мен гликогеннің тағдыры.
14.Организмде глюкоза мен гликогеннің ыдырауыц, жалпы түсінік, ұқсастығы және айырмашылығы.
15. Глюконеогенез, реакциялары рет-ретімен,Кори циклы, физиологиялық рөлі.
16. Глюкозаның пентозафосфатты жолмен тотығуы, мәні, маңызы, кездесетін жері.
17. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері. Олар қандай реакциялар нәтижесінде түзілетінін жазыңыз. Бөлінуі.
18.Тағам липидтері, биологиялық маңызы, ас-қорыту жолдарындағы олардың қорытылуы мен сіңірілуі. Мицелланың құрамы мен ролі.
19.Өттің химиясы. Жұп өт қышқылдарының және өт пигменттерінің құрылысы. Липидтер алмасуында өт қышқылдарының ролі (қорытылуы, сіңірілуі).
20. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасы мен май тканінің ролі.
21 Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
22 Липогенез, липолиз, липонеогенезге сипаттама беріңіз және осы процестердің ролі.
23. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері. Олардың түзілетін процесстері. Бөлінуі.
24. Тағам белоктары, олардың маңызы, азотты баланс, алмасудың ерекшелігі, ас-қорыту жолдарындағы белоктардың қорытылуы мен сіңірілуі. Белоктар қорытылуындағы асқазан сөлінің құрамының ролі.
25. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.
26. Жануарлар организміндегі аминқышқылдарының дезаминденуі, түрлері, процесстің маңызы.
27. Қанның құрамында глюкозаның мөлшерін реттейтін гормондар, ағзадағы биологиннің ролі.
28. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процесстер, химиялық табиғаты. Бөлінуі.
29. Қан плазмасының химиялық құрамы. Олардың қалыпты мөлшері.
30.Эритроциттер химиясы. Газдар тасымалдауға және қанның рН-ын сақтауға гемоглобиннің қатысуы.
31.Нерв тканінің химиялық құрамы, нерв тканіндегі зат алмасудың ерекшеліктері. Мидағы физиологиялық активті пептидтер.
32. Сүйек тканінің химиялық құрамы, функциясы, зат алмасуының ерекшеліктері.
33. Қалыпты зәрдің физико-химиялық қасиеттері, нормадан өзгеруі.
34. Гормондардың әсер ету механизмдері.
35. Гормондар, жалпы түсінік,нысана клеткалары, рецепторлар, гормондардың биологиялық ролі.
36.Гипофиз, гипаталамус гормондары, биологиялық ролі.
37.Сүйек тканіндегі зат алмасу ерекшеліктері. Минералдану жолдары.
38. Дентин, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
39. Цемент, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
40. Эмаль, химиялық құрамы, органикалық және неорганикалық заттары.
41. Тіс тканінің биохимиясы, химиялық құрамы, атқаратын қызметі.
42. Мультиферментті комплекс, химиялық реакцияға қатысатын ферменттер, класы, тобы.
43. Дәнекер тканінің құрамының ерекшеліктері. Протеогликандар мен гликозамингликандардың су мен катиондар алмасуындағы ролі.
44. Қан плазмасының бейорганикалық құрамы, маңызы, қалыпты мөлшері, қалыпты жағдайдан өзгеру себептері.
45. Нуклепротеидтердің алмасуы, нуклепротеидтердің соңғы өнімі, бұзылыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |