ІІ деңгей 1. Альбуминдер, глобулиндер, қасиеттері. Ұқсастығы мен айырмашылығы. Жануарлар организміндегі маңызы, табиғатта таралуы.
2. Протаминдер, гистондар қасиеттері. Бір-бірінен айырмашылығы ұқсастығы. Жануарлар организміндегі маңызы, табиғатта таралуы.
3. Коллагендер, эластиндер, кератиндер. Аминқышқылдарының құрамының ерекшелігі, қасиеттері, табиғатта таралуы. Жануарлар организміндегі маңызы.
4.Күрделі белоктар: фосфопротеиттер, металлопротеиттер. Құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері, қасиеттері, жануарлар организміндегі маңызы.
5. Белок молекулаларының құрылыстары, (структуралары), оларды қамтамасыз ететін байланыстардың түрлері. Белоктардың денатурациясы. Биологиялық сұйықтықта белок тұрақтылығын қамтамассыз ететін факторлар. Белоктардың тұнбаға түсуі.
6. Қанның құрамында кальцийдің қалыпты мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциялары
7. ЦТК-ның биологиялық тотығудың, тотығудан фосфорланудың биологиялық рөлі.
8. Гидролазалар: пептидгидролазалар. Негізгі топшалары, өкілдері, каталитикалық әсері, орналасқан орны. Проферменттер, проферменттердің активтену механизмдері.
9. Үшкарбонқышқылының циклы, мәні реакциялар жүйелігі, оның ролі.
10.Тиамин, құрылысы, коферменті түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы, авитаминозы.
11. Рибофлавин, құрылысы, кофермент түзуге қатысуы, биологиялық маңызы, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы.
12. Никотинамид, құрылысы, кофермент түзуге қатысуы, биологиялық әсері, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы, авитаминозы.
13. Пиридоксин, құрылысы, кофермент түзуге қатысуы, биологиялық әсері, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы, авитаминозы
14. Вс және В12 витаминдері, құрылысы, кофермент түзуге қатысуы, биологиялық әсері, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы, авитаминозы.
15. С және Р витаминдер құрылысы, физиологиялық әсері, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы, авитаминозы.
16. Ретинол, құрылысы туралы түсінік, физиологиялық маңызы авитаминозы, тәуліктегі қажетті мөлшері, табиғатта таралуы.
17. Кальциферолдар, құрылысы, витаминнің негізгі- активті формалары, биологиялық маңызы, тәуліктік қажетті мөлшері, табиғатта таралуы авитаминозы.
18. К және Е витамині, құрылысы туралы түсінік, биологиялық маңызы табиғатта таралуы, тәуліктегі қажетті мөлшері, авитаминозы
19. Глюкозаның аэробты жағдайда ыдырауы, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы, энергиялық құндылығы.
20. Анаэробты гликолиз, реакция жүйелігі, физиологиялық маңызы, соңғы өнімінің тағдыры.
21.Шөрнек механизмдері, цитоплазмалық НАДН2 тотығуындағы олардың ролі. Энергиялық балансы.
22. Тканьдердегі гликолиз нәтижесінде түзілетін ПЖҚ тағдыры. Пирожүзім қышқылының айналуына қатысушы ферменттер.
23.Холестерин, химиялық табиғаты, холестерин туындылары. Холестериннің және оның туындыларының маңызы.
24. Липопротеидтер, түрлері, түзілетін орны, липопротеидтер құрамының ерекшелігі мен функциялары. Олардың холестерин және ТАГ алмасуындағы ролі.
25. Липидтердің тасымалдау формалары, құрамының ерекшелігі, тағдыры.
26. Атеросклероз дамуы кезінде липопротеидтердің ролі. Атеросклероздың дамуы кезінде қазіргі теориясы.
27. Қалыпты асқазан сөлінің химиялық құрамы, қасиеттері, асқазанда ас қорытылудағы тұз қышқылының маңызы. Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері, қышқылдықтың түрлері. Асқазан сөлін зерттеу. Тұз қышқылының дебит-сағатын анықтау.
28.Ішек қабырғасында белоктардың шіруі, шіру өнімдерінің химиялық табиғаты, шіру өнімдерінің усыздану жолдары және орны.
29. Биогенді аминдер, өкілдері, түзілуі, химиялық табиғаты, физиологиялық маңызы.
30. Сары ауру түрлері кезінде гемоглобиннің метобализмі, сары ауру (сарғыштану) лабораториялық диагностикасы.
31.Қан плазмасының белоктары, өкілдері, қасиеттері, қандағы қалыпты мөлшері. Қалыпты жағдайдан өзгеру себептері. Қан белоктарының маңызы.
32. Организмдегі аммиактың түзілу жолдары және оны пайдалануы.
33. Қалқанша безі гормондары, құрылысы, түзілуі, әсер ету механизмі, жануарлар организміне әсері.
34. Ұйқы безінің гормондары, құрылысы туралы түсінік, әсер ету механизмі, зат алмасуға қатысуы.
35. Қант диабеті кезіндегі зат алмасу өзгерістері.
36.Паратгормон, кальцитонин, минералокортикостероидтар: минералдар алмасуына әсері.
37 Қанның құрамындағы темірдің қалыпты жағдайда мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
38 Қанның құрамындағы калийдың қалыпты жағдайда мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі,гипо-; гиперфункциясы.
Қанның құрамында мырыш элементінің атқаратын қызметі. Ұйқы безінің гормоны инсулинге әсері, мырыштың жетіспеушілігі кезінде патологиялық өзгерістер.
Қанның құрамындағы натрийдің қалыпты мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциялары.
Қанның құрамында фосфордың қалыпты жағдайда мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
Қанның құрамында хлордың қалыпты жағдайдағы мөлшері, биологиялық олі, гипо-; гиперфункциясы.
Қанның құрамында фтордың қалыпты жағдайда мөлшері, биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
Қанның құрамында селеннің қалыпты жағдайда мөлшері, биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
Қанның құрамында мырыштың қалыпты жағдайда мөлшері, биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
3 кезең
Альбумин, глобуминдер, нормалық көрсеткіштері, организмдегі биологиялық ролі, қандай патологиялық жағдайда төмендейді және жоғарылайды.
Көмірсу алмасуының бұзылыстары. Ағзадағы өзгерістер, патологиялық өзгерістерге толық тоқталу, қанның және зәрдің құрамының өзгерістері, қанның және зәрдің патологиялық құрамы.
Органоспецификалық ферменттер, өкілдері, қандай патологиялық процестерде организмде пайда болады, клиникалық маңызы.
Қант диабеті, түрлері, ағзадағы өзгерістер, қант диабеті кезіндегі көмірсу, липидтер, белоктар алмасуларының өзгерістері.
Қалқанша бездерінің гормондарының бұзылыстары, нәтижесінде алмасу процестерінің өзгерістері, қалқанша бездерінің гормондарының гипо-; гиперфункциялары.
Липидтер алмасуының бұзылыстары, ағзадағы өзгерістер, қанның және зәрдің құрамындағы патологиялық құрам бөліктері.
Балалар организмінде қанның құрамында холестериннің мөлшері, атқаратын қызметі, қанның құрамында холестериннің төмендеуі қандай өзгерістерге алып келеді.
Балалар организмінде витамин Д-нің атқаратын қызметі. Минералды алмасуды реттеуге қатысуы. Балалар организмінде жетіспеушілігі.
Өт қышқылдары қандай заттан түзіледі, биологиялық ролі, өт тастарының пайда болу биохимиясы.
Белоктар алмасуының бұзылыстары, патологиялық өзгерістер, қанның құрамындағы патологиялық құрам бөліктер.
Белок алмасуының бұзылыстары, қанның құрамында патологиялық өзгерістер, ағзаның бұзылыстары.
Пигмент алмасуының бұзылыстары, сары аурудың түрлері, қанның және зәрдің патологиялық құрам бөліктері, анықтау әдістері.
Зәрдің биохимиясы. Гематурия, гемоглобинурия, анықтау әдістер, пайда болу себептері, ағзадағы өзгерістер, Гематурия және гемоглобинурияны қалай ажыратуға болады.
Қанның құрамындағы буферлік жүйе түрлері, маңызы, қышқылды-сілтілі тепе теңдіктің бұзылыстары. Ацидоз, алколоз.
Бауыр биохимиясы, белок алмасуында ішекте түзілген улы заттардың бауырда усыздануы, бауырдың бұзылыстары.
Қанның құрамында креатининнің қалыпты мөлшері, қанның құрамында креатининнің жоғарылауы, пайда болу себептері, патологиялық өзгерістер, анықтау әдістері.
Зәрдің биохимиясы. Кетонурия және глюкозурия, пайда болу себептері, анықтау әдістері, қандағы өзгерістер.
Зәрдің биохимия. Билирубинурия, пайда болу себептері, анықтау әдістері, қандағы өзгерістер.
Тіс тканінің бұзылыстары, пайда болу себептері, ағзадағы өзгерістер, тіс тканінің химиялық құрамының өзгерістері, қанның құрамындағы патологиялық процестер.
Витамин С (аскорбин қышқылы) тәуліктік мөлшері, биологиялық ролі, жетіспеушілігі, коллаген белогының синтезіне әсері, коллаген белогының синтезінің бұзылыстары.
Пигмент алмасуы, гемоглобиннің ыдырауы қанның құрамында гемоглобиннің қалыпты мөлшері, пигмент алмасуының бұзылыстары, сары ауру түрлері, ағзадағы өзгерістер, нәжіс пен зәрдегі пигменттердің өзгеруі, қалыпты жағдайда қанның құрамындағы билирубиннің мөлшері.
Қанның құрамында иодтың қалыпты жағдайда мөлшері, табиғатта таралуы биологиялық ролі, гипо-; гиперфункциясы.
Қан плазмасының белоктары, патологиялық жағдайда өзгеру себептері, патологиялық өзгерістер.
Қанның құрамында патологиялық белоктар, пайда болу себептері, анықтау әдістері, қандағы өзгерістер.
Лактатдегидрогенеза ферменттері (ЛДГ1, ЛДГ2, ЛДГ3, ЛДГ4, ЛДГ5) қанның құрамында қалыпты мөлшері, клиникалық маңызы, қанның құрамында пайда болу себептері, ағзадағы патологиялық өзгерістер.
Қанның ұюы, фазалары, қан ұюының бұзылыстары, қанның ұюына витамин К-нің биологиялық ролі. Гемофилия, пайда болу себептері.
Холестериннің биосинтезі, мевалон қышқылы түзілуіне дейінгі реакцияларды көрсетіңіз, осы этап жайы туралы тусінік. Холистериннің алмасуында липопротеидтердің ролі.
БМҚ тағдыры, тотығуы, энергиялық құндылығы.
Организмдегі бос май қышқылдарының биосинтезі, реакциялар жүйелігі, физиологиялық маңызы.
Кетон денелерінің биосинтезі, өкілдерінің химиялық табиғаты, тағдыры, организмдегі маңызы, кетоацидоз себептері, кетон денелерін анықтаудағы диагностикалық маңызы.
Ерлер жыныс безінің гормондары, биологиялық ролі, ерлер жыныс безі гормондарының бұзылыстары. Тестесторон гормонының белсенділігі неге байланысты. Ерлер жыныс бездерінің жетіспеушілігі.
Әйелдер жыныс бездерінің гормондары, биологиялық ролі, әйелдер жыныс безі гормондарының бұзылыстары. Әйелдер жыныс бездерінің гормондары қай заттан түзіледі.
Құрастырғандар: х.ғ.к., доцент: Мамырбекова А.К.
аға оқытушы: Шырынбекова Б.Ж.
оқытушы: Ашимбекова Б.А.