ХИРУРГИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ Науқастың есі қалпында бола тұра, оның денесінің белгілі бір жерінде ауырғанды сездірмеуге бағытталған іс-шаралар жергілікті анестезия деп аталады.
Операция болатын жердің ауырғанын сездірмеуге әрекет ерте кездерден-ақ белгілі. Мысалы, египеттіктер операцияның алдында теріні крокодилдің майымен сылаған, мемфис тасын сірке суымен араластырып теріге танып қойған. Орта ғасырларда теріге меңдауана араласқан май жаққан. Аталған әдістер жөнді нәтиже бермеген соң анестезия үшін механика, физика тәсілдері қолданыла бастады. Нерв талшықтарын қысу, мұз басып мұздату 16 ғасырда қолданылса, бертін келе 19 ғасырдың 70 жылдарында жергілікті анестезия үшін эфир, хлороформ, бромэтил жиі қолданылады. Ол негізінен абсцестерді, флегмоналарды тілуде, тіс жұлуда әжептәуір нәтиже береді. Анестезия үшін суықты пайдалануды С.Е.Березовский ғылыми еңбектерінде арқау етті.
1943 жылы Воод үшкіл нервтің невралгиясын емдеуге алғаш рет морфин мен апиын ерітіндісін екті. Әйтседе жергілікті аенстезияның тарихы 1879 жылы фармаколог В.К.Анрептің кокаинды қолдауынан басталады. Алғаш рет оны 1884 жылы Автрияда көзге операция жасағанда (Коллер) қолданды. Кейінірек жергілікті анестезияда жақ-бет операцияларында қолданыла бастады. 1885 жылы Голдстат астыңғы жақ қуысына кокаин енгізіп алғаш рет тіс жұлды. Бірақ кокаинмен улану, тыныс, жүрек орталықтарының параличі (салдануы), науқас өліміне соқтыруы бұл саладағы ізденістерді жалғастыруға мәжбүр етті.
1905 жылы Эйнгорнның новокаинды ашуы үлкен жаңалық болып, жергілікті анестезияда жаңа дәуір басталды. Содан бері жергілікті анестезияның үлкен бір тармағы қалыптасты.