Жыраулар – азаттық жаршысы
Қай ұлт болмасын өзінің еркін өмір сүруін қалаған. Өз елі, өз жері үшін жан беріп, жан алысқан. Осындай арман мен мүдде біздің ұлтымыздың да басынан өткен. Қазақ халқы қашанда еркіндікті аңсаған. Ал ақын-жырауларымыз болса, адамдар рухын көтеріп, орамды ойлар айтып, өмір шындығын суреттей, адамдар санасын оятып, сол кездегі арман мен мақсатқа бастай білген.
Бұл әр кезде болған, бүгінгі қоғамда да бар. Дана да, данышпан да, ақын да өзі өмір сүрген дәуірдегі қоғамына қарай бейімделіп, соның мұңын, адамдар мұқтажын айта білген. Өмірді өте сезімталдығымен түсіне білген жырауларымыз өмір тартысынан филосоялық ойлар туындатып, ішкі иірімдерін шындыққа бағыттап, өз ұлтының тәуелсіз өмір сүруін қалап, еркіндік жолында азуын айға білеп, халқының мақсатын айта білулері үлкен ерлік, азаматтық көзқарастың биіктігі екені анық. Бұл - өмір шындығы. Жыраулар халықтан ешқашан ажырамаған. Заман сарынын ұғыну, өмір сырын түсіну, сол кездегі қоғамның қиындығын көре білу, оны елге жырмен жеткізу, шулы теңіздің жағасын жалаңаяқ кешу емес. Сондықтан адамдардың санасын оята білу, ой тастау, оңай шаруа болмаса керек. Түсінген жанға сол кезендегі жыраулардың ел арасында шоқтығы биік болғандығын айта кетуіміз қажет-ақ. От ауызды, орақ тілді жырауларымыздың толғамы мен талғамы өте жоғары деңгейде болған. Толғауы теңіздей терең түпсіз жырдың маржанын халыққа ұсына білген олар, ел көңілін өздеріне аударып, адамдар кеудесін аша білуі өмір кеңістігі мен тіршіліктің тарлығын түйсінулері жыраулардың көрегендігі.
Тәуелсіздікке қол жетіп, егемендік алған тұста, тарихқа үңіліп, өткенге көз жүгіртсек, жыраулар толғаған жырларда коғамдық ойға қозғау салатын мәселе баршылық. Жыраулар поэзиясы адамзаттың ізгіліктерді еркіндікті көксеген шьшайы үлгілер болды. Сол себепті де жыраулар поэзиясын да жаңаша қарастыру қажет. Соның ішінде әлі күнге дейін арнайы қарастырылмаған жыраулар поэзиясындағы еркіндік, бостандық, тәуел- сіздік идеясы болып отыр.
Толғау термелердегі ойшылдық, бодандыққа қарсы дүниетаным, ке- лешекті болжау негізгі мәселе сыртқы жаудан елді қорғау, елге тыныштықәперу, ешкімге тәуелді болмау сияқгы ойлардың көрінісі, оның қоғам дамуына ықпалы болғандығы анық.
Жыраулар толғауларында халықтың мұңы, мұқгажы, арманын айтып қана коймай, өз ойын тұспалдап та кетеді. Жырауға жыр шығару үшін бір күш әсер етеді. Жаудан елді қорғау, ішкі ауыз бірліктің жоқтығы, ел билеушілердің әділетсіздігі байқап ойланады, ойы шермен ұласады. Жыраулық даналықпен ұласып отырған. Дана - жоғары деңгейдегі адамның болмыстың қасиеті десек, дана жыраулар өткенді таразылап, болашақгы бол- жаған, ойтүйген. Қазақ жыраулары ақыл айту, өсиет қалдыру, халыкты бірлікке шақыру арқылы танылған. Демек«жырау»сөзін«дана» сөзімен катар қолдануға болады. М.Әуезов: «Жыраудың мақсаты, міндеті - не болса сол көңіл ашар әлде не дерлік сөзді айту емес. Ол заман сынын, мезгіл, дәуір болжамын, тарихи оқиғаның мазмұнын, бағасын сөз қылады. Көбінесе, әріжырау, әрі би болады».
Ғұлама ғалымның осы пікірі жыраудың бүкіл болмыс, бітімін ашып береді. Жыраулар қоғамдағы әлеуметтік мәселеге көңіл бөлген. Әлеумет дегеніміз ел, жұрт, қоғам, халық. Демек, жыраулар әлеумет қамын ойлап, толғанған. Жыраулар поэзиясындағы басты тақырып әлеумет болса, сол әлеумет келешегі, еркіндігі, егемендігі, тәуелсіздігі, бодан болуын басты назарда ұстаған.
«Тарихы жоқ ел — жетім, рухы төмен ұлт — жетім»,- демекші қазақ елінің бостандығын, еркіндігін өз шығармаларына арқау еткен жыраулар поэзиясы тұнып тұрған бодандыкқа қарсы ойларға толы. Олар ғасырлар бойы халық арманының жүзеге асуына айрықша еңбек сіңірді. Жыраулар жасаған рухани игіліктер тарих қойнауында ата-бабалар арманын бүтінгі күнге жеткізе алды. Үлттық болмысты, тәуелсіз ел, азат ел болып, өзге жұртқа бодан болмауды
74
насихаттай білді.
Демек, бодандыққа қарсы күрес жыраулар поэзиясында көрініс беріп, ел тәуелсіздігін алғанша жалғасып жатты.беріп, ел тәуелсіздігін алғанша жалғасып жатты. Ғасырдан-ғасырға жалғасып жатқан жыраулардың бодандықка қарсы үні, өзіндік қолтаңбалары, дүниетанымы, қоғамдық-әлеуметтік, тарихи жағдайлары, толғауларына арқау еткен мәселе қазақ әдебиетінде әдеби ағым әкелді. Олардың поэзиясындағы бостандық, тәуелсіз ел болу, ерлік, елдік идеясының бірінші кезекте тұруы да сондықган.
Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Бұхар, Ақтамберді тағы сол сияқгы жыраулар шығармалары кейінгі ақындарға әсер-ықпал ету арқылы зар заман идеясын тудырған.
Қалмақгарға, жоңғарларға қарсы еркіндік, егемендік, тәуелсіздік идеясын жырлаған, бастарын өлімге де тіккен. Жыраулар поэзиясындағы жалпы азаматтық идеялардың көрінісі, бодандыққа қарсы үнді бүгінгі қазақ әдебиетіне әкелген тың көзқарасынан зерделеу қажеттігі туып отыр.
Жыраулар поэзиясы арқылы еліміздің өткен тарихына үңілу, олар армандаған болашақ, келешекті болжау тұрғысынан алғанда, зерттеп отырған жұмысымыздың ғылыми салмағы басым екенін айтқан абзал. Жыраулар жырлаған мәселелерге бодандыққа қарсы, еркіндікгі аңсау тұрғысынан келіп, көркемдік-эстетикалық, өре-деңгейі, шеберлігі, дүниетанымын саралай отырып қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, саяси рухани жағдайларға баға беру де жөн.
Ұлттық әдебиетімізде ғасырлар бойы жырланған бодандық және тәуелсіздік идеясы қалыптасқан дәстүр мен жаңашылдық сияқты тарихи философиялық ұғымдар өз жалғасын тапты. Бодандыққа қарсы күрес жыраулар поэзиясынан бастау алып, ақындар шығармаларында жалғасын тапқан. Сөйтіп өзінің идеялық бағыты, танымдық қырлары жағынан қазақ әдебиетін жаңа бір даму сатысына көтерді. Қазақ поэзиясындағы ұлттық болмысты, өршіл рухты, азаттықты ерекше сезіммен, философиялық терендікпен жырлап көрсетті.
Ал қазақ халқының ұлтгық мүдде мен болмыс-бітімін жыраулар поэзиясынан қарастырған жөн. Қоғамдық саяси оқиғалар жүйесінің көрінісі жыраулар поэзиясында таным- дық көрініс тапқан. Оның қазақ қоғамының дамуына, рухани дүниетанымына ықпалы болғаны да мәлім. Демек, жыраулар бодан- дыққа қарсы дүниетаным болжап, еркіндік мәселесін аңсаған.
Мәселен, Махамбет Өтемісов Нарындағы орыс патшалығының отарлау саясатына қарсы тұра білген тұлға. Жәңгір хан сол уақытқа тәуелді болды. Ол патшаның саясатына адалдықантын беріп, Бөкей ордасын орнатқан. Сол кездегі озбырлық пен отарлау саясатына сай Махамбет жырлары өмірге келген. Батыр Исатай мен ақын Махамбет Жәңгір ханмен неге қарсыласты? Орда қаласында Жәңгір 1841 жылы тұңғыш рет қазақша-орысша білім беретін қазақ балаларына мекгеп ашқан. Бұлжерде кітапхана, қару-жарақ палатасы жасақгалған, көш-керуен, сауда-саттық болған. Астраханда оқып, ақ патшаның қолынан генерал шенін алған. Жәңгір хан Еділ-Жайық өңірін 22 жыл билеген. Кезінде Махамбет пен Исатай Жәңгір екеуін екі ай- макқа старшын етіп тағайындаға- ны тарихтан белгілі. Батыр мен ақын сөзін хан көтере білген. Ал, Махамбет қазақ жері үшін патша әскерлерімен соғысады. Еділ үшін егестік, Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тобьш үшін тебістік,-деген жолдардан халық наразылығы, еркіндігі мен бостандығы үшін болғандьпын көреміз. Патша қазақ жеріне желі керіп, көшіп-конуға да тиым салады. Осыған қарсы жыр төккен Махамбет толғауы кешегі тарихты толғайды, келешекгі болжайды. Елдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім. Жағалай жатқан сол жерге, Мал толтырсам деп едім. Міне, Махамбет жырларындағы негізгі мақсат ерлік, елдің елдігі, еркіндігін армандау еді. Кезінде жыраулар армандаған еркіндікке, егемендікке, бүгіндері қол жеткізіп, тәуелсіздіктің ақ таңы атып, еңсемізді көтердік. Махамбет өмір сүрген дәуірде бұл идея арман болып ғана калған еді. Бір кезде керемет ерліктің, елдіктің үлгісін көрсеткен жыраулар поэзиясы егемен елдің өшпейтін рухымен осылай астасып жатыр. Ғасырдан-ғасырга ұпггасып жатқан жыраулар поэзиясындағы тәуелсіздік, еркіндік идеясын сөз өнерінің құдірет күші деп білуіміз қажет.
Еркіндіктің өздігінен келмегенін терен ұғына біліп, күпірлік жасамай, шүкірлік жасай отырып, халқымыздың ауызбіршілігін сақгау жолында еңбек етіп, еліміздің өсіп-өркендеуіне, дамуына өз үлесімізді қосу парызымыз болмақ.
//Ақмешіт апталығы.-2013.-28 ақпан.-4б.
75
Жайна СЫДЫҚОВА,Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің аға оқытушысы.
ҚОРҚЫТ БАБА КЕШЕНІНІҢ КЕЛЕШЕГІ
Туризм тек экономикаға оң әсер етіп қана қоймайды, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосады. Оның тарихына көз жүгіртсек, туризмнің жаппай сипат алуы инфрақұрылым дами бастаған өткен ғасырмен тұспа-тұс келеді. Қазір туризмнің жат жерді танып-білуге бағытталған түрі қарқынды дамып келеді. Денсаулықты қалпына келтіруге, демалып әрі ем алуға негізделген туризмнің кең қанат жайғаны байқалады. Сонымен қатар, біздің елімізде қасиетті орындарға зиярат ету үрдісі қалыптасқан.
Сарапшылар болжамы бойынша ХХІ ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақтың жерінде, әсіресе Сырдың бойында ескінің көзіндей жәдігерлер жетерлік. Көне заман құндылықтарын топырақ астынан аршып жүрген археологтар біздің өңірдегі ескерткіштердің тарихы тым тереңде екенін дәлелдеп келеді.
Күллі түркі әлемі ұлық тұтатын Қорқыт баба мәңгілік тыныс тапқан мекенге үлкен жолдың бойымен жүйткіген көліктердің тоқтап, зиярат етіп өтуі үшін Қорқыт кешенін алыстан көз тартар орынға айналдыру кезек күттірмейтін шаруа. Бұл туралы облыс басшысы есепті кездесуінде кешенді дүниежүзілік туристік орталыққа айналдыру туралы айтты. Бұл бастама Сыр өңірінің атын тек түркі жұртына ғана емес, айдай әлемге танытады.
//Сыр бойы.-2013.-2 наурыз.-1б.
76
Нәдір Нәдіров, академик, химия ғылымдарының докторы
Жұмақтағы жібек желден,
мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған – әйел ана құдірет
Көктемнің алғашқы шуақты күндерінің бірі –әйел- аналардың мерекесі барша жұртты қуанышқа бөлеп, кеңілдерін көк көктемнің самал желі желпіп өтуде. Мен бұл күні асыл анамның бейнесін көз алдыма әкеліп, жүрегімде нәзік бір мұң мен сағыныш орнайды. Өзіңнің де жасың келіп, ата атанғаныңа қарамастан, ана дегенде, әр адамның көңілінің түкпірінде мәңгілік бір сағыныш жатады екен.
Біздің балалық шағымыз өте ауыр кезеңдерде өтті. Қазақстанға жер аударылып келгенімізде біздің ұлттың бас көтерерлері осы аналар болды десем артық болмас. Өйткені көбіміздің әке-аталарымыз сол Кавказда-ақ халық жауы деп ұсталып кетіп, мұнда бала-шаға мен аналар келді. Бізді мейірбан құшағын ашып, қарсы алған қазақтардың да үйлерінде бастарына аппақ қарқарадай күндік салған аналар отырды. Қамкөңіл балалар сол күрд пен қазақ аналарының жүрек жылуына бөленіп, бір кесе айран мен бір үзім нанды бөліп жеп, аман қалдық.
Өз анамның бар қайғы-қасіретті ерлерше мойымай көтере біліп, біздерді - балаларын адам қатарына іліктіріп жіберу үшін бар өмірін сарп еткенін уақыт өте келе ғана бағамдаппын. Қажырлы да қайратты, шығыс әйелдеріне тән дана анамыз бізді заманның қиындығына, өзінің көрген қорлықтарына қарамай, адалдыққа, адамдарды сүюге үйреткен екен. Мен де сол анамның өсиеттеріне адал болуға әлі күнге дейін тырысып келемін. Оның қайырымдылығы, адамдардың қадіріне жете білуі, кешірімділігі, төзімділігі, аялы көздеріндегі адамдарға деген төгіліп тұратын мейірімі - осының бәрі бізді үлкен тәрбие мектебінен өткізіп, болашағымыздың жарқын болуына жол ашқан екен.
Балаларым мен немерелеріме алыста қалған сол кездерде анамыздың өз болмысымен біздерге қандай үлгі болғанын айтып отырамын. Ол тәрбиенің қанша ғасыр өтсе де ескірмейтінін сеземін. Себебі өмірдің бастауы - анадан, сондықтан өмірдің мәнін аналардан артық ешкім де терең сезіне алмайды деп ойлаймын. Өмірдің мәні - ата-ананы, қарттарды қадірлеу мен оған сыйластық, адамдар арасындағы, бауырлар мен туған-туыстардың арасындағы түсіністік пен сыйластықта жатыр. Бұл - менің анамның және барша аналардың аманаты. Сонда ғана мына жұмыр жер бетінде махаббат салтанат құрмақ. Ұрпақ жалғастығы болмақ. Алланың өзі адамдарды махаббаттан жаратқан ғой. Әлемді ұстап тұрған да сол махаббаттың күші болса керек.
8 наурыз — барша әйелдің мерекесі. Біз ерлер жыл құсындай айналып келетін осы көктемнің шуағына бөленген мереке күні әйел атаулыға бас иіп, тағзым етуіміз керек деп ойлаймын. Иіліп тағзым ету арқылы ерлер әйел-ана атаулының алдында өздерінің мәңгілік борышты екенін тағы да сезіне түседі.
Қадірлі әжелер, аналар, апалар мен қарындастар! Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана — өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждағаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға белесін!
//Класс Тайм-2013.-6 наурыз.-3б.
77
Алдажар ӘБІЛОВ
СЫР БОЙЫН ЖЫРҒА ҚОСҚАН ТАТАР ҚЫЗЫ
Қазақ елінің қашаннан-ақ ұлтына, ұлысына қарамастан адам баласына құрмет, адамдар арасындағы татулық, сыйластық дегенге ерекше маңыз беретіні баршаға мәлім. Бұл да біздің даламызда үлкен өркениеттің, көшпенділер өркениетінің болғанын көрсететін бір белгі екені де анық. Көне тарих сонау заманда да, бабаларымыз ата қоныс үшін ат үстінде жүрген тұста да қазақтардың өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарағанын, тілдік кемсіту, тілдік үстемдік дегендердің атымен болмағанын көрсетіп отыр. Осы бір ата жолы бүгінгі тәуелсіз қазақ елінде де жалғасуда.
Қазақстанда тұратын татар ұлты өкілдерінің де шежіре ізі бірнеше ғасырлардан әріге тартады. Солай болғанмен, татар-қазақ елі қарым-қатынастарының, әдеби-мәдени, сауда байланыстарының жоғары сатыға көтерілген тұстары ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысы екені белгілі. Міне, татар ұлты өкілдерінің қазақ даласына қоныс тебуі көрсеткішінің көтерілуі де осы тұс. Сол замандардан бері Сыр өңірінде бір атаның баласындай күн кешіп келе жатқан татар ұлты өкілдерінің бірі – Фируза Абубакирова.
Ол Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде 30 жылдан астам қызмет атқарады. Ұжым құрметтісі атанған Фируза Әбдірахманқызының ішкі істер органдарында қызмет атқарғанына да міне 33 жыл болыпты.
Орта мектепте оқып жүргенде-ақ өлең жазуды бастаған ол өзіне шабыт беретін Сыр бойы, туған жер деп есептейді. Онысы себепсіз де емес. 1969 жылы Ленинград қаласына оқуға түскен кезден 1975 жылдары елге оралғанша өлең ауылына қарай қадам баспапты. «Менің ғұмырымның тірегі, тіршілігімнің қайнар көзі – Сыр бойы. Өйткені мен осында тудым, осында өстім, осында ғұмыр кешудемін. Алматыға да, Көкшетауға да, Астанаға да, тіпті Қазан қаласына да қызметке шақырулар болды. Бірақ, мен Қызылордамда қала бергенді жөн санадым» – дейді ол.
1991 жылы Қызылорда қаласында татар қоғамдық-мәдени орталығы құрылғаннан бері Фируза Әбдірахманқызы осы орталықтың белсенді мүшелерінің бірі ретінде танылуда. «Горжусь тем, что я – татарин», «Язык народа – есть его душа», «К 55-летию Великой Победы», «И это все о нас...» және т.б. көптеген өлеңдері «Новая Кызылорда», «Кызылорда-таймс», «Семья», «На страже», т.б. жергілікті және республикалық басылымдарда жарық көрген ол Сыр бойы тәртіп сақшылары сапында абыройлы қызмет етуде, жас қызметкерлерге ақылшы, тәлімгер болуда.
2007 жылы облыс әкімі И.Адырбековтың қолдауымен «И это все о нас» атты өлеңдер жинағы жарық көрген Фируза Әбдірахманқызының ұзақ жылғы жемісті еңбегі бағаланбай қалған жоқ. Ол Ішкі істер министрлігінің, облыстық ішкі істер департаментінің алғыс хаттарымен, ақшалай және заттай сыйлықтарымен сан мәрте марапатталып, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Ішкі істер министрлігінің, облыстық ішкі істер департаментінің Құрмет грамоталарымен наградталды, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісінің иегері атанды
78
Өлеңдері мен поэмаларында Сыр бойын, Қызылорданы жырға қосқан татар қызы «Пусть горит твоя звезда, моя родная Кызылорда». Атты поэмасында:
...Родной Кызылорде –цветения,
Она еще так молода.
Пусть в праздник, в будни, в Дни рождения
Всегда горит ее Звезда – дейді.
2004 жылы Ғылым академиясынан редакциясын филология ғылымдарының докторы, профессор С.Қасқабасовтың басқаруымен орыс тілінде жарық көрген «Литература народов Казахстана» атты оқу құралында сырбойылық татар қызы шығармашылығына айрықша тоқталған. Сөзімізге дәйек ретінде түпнұсқасын сақтай отырып, мысал келтіре өтелік. Көрнекті татар ақындары Нури Арслан мен Махмут Хусаинның, сондай-ақ аса талантты татар композиторы Нажиб Жихановтың қазақ еліне, қазақстандықтарға бауырласып кеткендігі, татар халқының өкілдері композитор Латиф Хамиди мен әншілер Ришат пен Мүсілім Абдуллиндердің, дирижер Фуат Мансуровтың және тағы басқалардың таланты қазақ даласында ашылғаны айтыла келіп «... Вся творческая жизнь Абубакировой Фирузы Абдрахмановны связана с Казахстаном, она родилась в г. Кызылорде и по настоящее время работает в УВД Кызылординской области. Стихи писать начала еще в школе, ведет активную работу в составе организованного в 1991 году областного татарского общественного центра. Ее перу принадлежат такие строки:
Так исторически сложилось,
И так судьба распорядилась,
Что породнил всех Казахстан,
Отчизною любимой стал!
...Казахов, турков и корейцев,
Славян, татар, узбеков, немцев, Чеченцев, греков и других,
По духу близких и родных!...»
Бұдан соң оның «Мы – казахстанцы» атты поэмасы туралы пкір айтылады.
Міне, осылайша ұлттар достығын, халықтар бірлігін, туған жері Сыр бойын жырға қосқан татар қызы тәртіп сақшылары туралы да, олардың ерлігі, еңбегі жайлы да жырлауда. Ол өлеңдердің көбісі жинақтарда жарық көрді. Облыс тәртіп сақшылары қатарында қызмет ете жүріп, өлең тербеп, көркем қиял желкенін керген татар қызының туған жер, Қызылорда туралы жырлары өз алдына бөлек әңгіме желісі болары сөзсіз. Ішкі істер қызметінде сырт көзге байқала бермейтін, бірақ, бүкіл ұжымның жұмысына жауапты, қиындығы мол салалардың бірі – кадр саласы қызметкерлері десек, сол салада ұзақ жылдар қызмет атқарып келе жатқан, ақылшы-тәлімгер Абубакирова Фируза Әбдірахманқызы «Менің жырларымның өзегі – Сыр бойы» – дейді.
//Сыр бойы.-2013.-7 наурыз.- 8б.
79
Меруерт ӨМІРЗАҚОВА,Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың аға оқытушысы.
АНАҒА ҚҰРМЕТ – АРДАҚТЫ МІНДЕТ
Көгімізде бейбітшілік нұрындай болып көктем шуағы төгілгенде адамзатты қуанышқа бөлеп, күлімдеп келетін аналар мерекесі бар.
Ана дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Міржақып Дулатов айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана.
Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өміршең Жолдауын барша аналар да жақсы қабылдады деуге толық негіз бар.
«Жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды жариялаймын» деген Президент мемлекет үшін де ананы қорғау ерекше мәселе екенін тілге тиек етіп, біздерді қуантып тастады. Тіпті, әйелдерге үндеу жасап, бала тәрбиесі, оның ішінде қыздарымыздың ибалы, инабатты болып өсуіне көп көңіл бөлу қажеттігін ерекше атап өтті.
Мемлекет басшысы бұл арқылы бүкіл халқымызға мына жарық дүниедегі ең асыл, ең қасиетті, ең бағалы ұғымды ардақтаудың өнегесін көрсетіп отыр. Біздің әрқайсымызды Ана атты ерекше есімді құрмет тұтуға шақырып отыр.
Әйел – ана, әйел – отбасының ұйытқысы, берекесі, балаларымен қоса ерінің тәрбиешісі, адастырмас ақылшысы. Қоғамымыздың барлық саласында әйелдер жемісті еңбек етіп, еліміздің байлығын молайтуға, тәуелсіздігімізді одан әрі нығайтуға, Елбасымыздың алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға лайықты үлестерін қосып жүр. Бұл ұлы жол нұрлы көштің шамшырағы болып қала бермек.
//Сыр бойы.-2013.-7 наурыз.-9б.
80
Техникалық және Кәсіптік білім
Техническое и профессиональное образование-
Technical and vocational training
Казыбек БОТАЕВ
ДИПЛОМ – НЕ САМОЦЕЛЬ, ГЛАВНОЕ – ЗНАНИЯ
В Кызылординском политехническом колледже была развернута выставка, рассказывающая о жизни и достижениях средних специальных учебных заведений области. Выставку посетил аким области Крымбек Кушербаев, он также побывал в частном детском саду «Шугыла». Аким области осмотрел макеты оборудования и станков, которые применяются в учебном процессе. К примеру,Кызылординский агротехнический колледж представил действующую модель электронного фрезерного станка «Bosford». Колледж имени Абылай хана – различное оборудование для подразделений ЧС. Особое внимание руководитель региона обратил на процесс обучения студентов, подчеркнув в частности, что получение диплома отнюдь не гарантирует глубоких знаний у выпускников. И потому нужно особенно тщательно подходить к организации обучения, постоянно повышать уровень профессиональной подготовки педагогов. Кызылординский гуманитарный колледж имени Маншук Маметовой готовит студентов по 18 специальностям. С недавних пор по заказу областного управления культуры здесь готовят актеров. По словам директора учебного заведения Алимы Абдыкалыковой, поддерживается тесная связь с академией искусств имени Темирбека Жургенова и областным музыкально-драматическим театром имени Нартая Бекежанова. В нынешнем году есть заказ на подготовку студентов по специальности «Туризм». Аким области заметил, что требованием дня является изучение языков. Нужны специалисты английского, китайского и других языков. Большим спросом продолжают пользоваться специалисты по информационным технологиям. Кроме того, сейчас необходимо готовить экологов. Как сообщил и.о. начальника областного управления образования Абзал Мухимов, в настоящее время определены объемы государственного заказа для колледжей. Как показала прошедшая выставка, сфера образования будет вносить свой вклад в развитие наиболее важных направлений экономики страны. Аким посетил детский сад «Шугыла», учредитель которого – предприниматель Сеиткали Алшынбаев. Здесь работает 12 групп, в которых воспитываются 360 малышей. Аким области побывал в группах, где обучение малышей проводится по современным методикам. Детский сад поддерживает тесную связь с профильными учебными заведениями, сегодня здесь проходят практику студенты гуманитарного колледжа – будущие воспитатели. А малыши показали гостям свои навыки в выполнении спортивных упражнений, бальных танцах, подготовили концертную программу.
//Кызылординские Вести.-2013.-7 марта.-С.2
81
Айнұр БАТТАЛОВА.
КӘСІПТІК - ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАН ДАЯРЛАУ
– УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Осы аптаның сейсенбісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев білім беру мекемелерінің жұмысымен танысты.
Аймақ басшысы алдымен облыс орталығындағы Қызылорда политехникалық колледжіне тоқтап, аталған оқу орны базасында ұйымдастырылған техникалық колледждер көрмесін тамашалады.
Қызылорда политехникалық колледжінің тарихы әріден басталады. Атап айтқанда, 1955 жылы 26 мамырда Қала және село құрылысы министрлігінің бұйрығымен «Десятниктер мектебі» болып құрылған оқу орны 1966 жылы СУ-114, 1970 жылы СПТУ-58 болып өзгертілді. 1979 жылы 450 орындық жаңа кешенге көшірілді. Ал, 1996 жылы №9 техникалық мектеп, 2009 жылы «№9 кәсіптік лицей» мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелген. Үстіміздегі жылдан бастап «Қызылорда политехникалық колледжі» атауын иемденді. Білім беру мекемесінің материалдық базасында 19 оқу кабинеті, 4 зертхана, автокөліктерге күтім жасау бекеті және 4 шеберхана бар.
– Оқу орнының аты өзгергенімен, кәсіптік-техникалық мамандар даярлауды тоқтатпаймыз, тәжірибеге көп көңіл бөлудеміз. Кәсіптік-техникалық мамандар даярлауға Елбасының өзі аса мән беріп отырғанын білеміз. Олай болса, ауыл шаруашылығына, өзге де салаға қажетті техникалық маман даярлау заман талабы. Біздің колледжде 7 мамандық бойынша білім беріледі, мамандарымызға сұраныс бар. Мәселен, соңғы үш жыл қорытындысы бойынша айтсақ, біздің түлектеріміздің 94 пайызы жұмыспен қамтылды,– деді колледж директоры Бақыт Кенбаев журналистерге берген сұхбатында. Бүгінде колледжде 632 студент білім алуда.
Көрмеде И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлы-техникалық колледжінің электронды фрезерлік станок жұмысы және бекет кезекшісінің басқару таблосының макеті таныстырылды. Осы орайда облыс әкімі оқу орнына теміржолшыларды көптеп даярлау қажеттігін айтып, тапсырма жүктеді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Арал индустриалды-техникалық колледжі басшылығына балықты терең өңдеу мәселесіне мән беру керектігін баса айтты. Көрмеде сондай-ақ, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария аудандарының техникалық колледждері мен Қызылорда медициналық колледжінің жұмыстары да көрсетілді.
М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі дуалдық білім беру жүйесін енгізген бірінші оқу орны. Мұнда студенттер 18 мамандық бойынша білім алады. Оқу орнының жұмыс барысымен танысқан облыс әкімі Қырымбек Көшербаев колледж басшылығына ақпараттық технология мамандарын, сонымен бірге, шет тілі, атап айтқанда, ағылшын, қытай тілінен аудармашыларды көбірек даярлау уақыт талабы екенін ескеріп, жұмысты қолға алуды тапсырды. Сонымен қатар, аймақ басшысына «Студенттер қалашығының» макеті таныстырылды.
Онан соң облыс әкімі Қызылорда қаласы, С.Торайғыров көшесінде орналасқан «Шұғыла» жекеменшік балабақшасына аялдады. Ол жерде облыс әкімін балабақша құрылтайшысы Сейтқали Алшынбаев пен меңгерушісі Гүлсім Қожаназарова күтіп алды.
300 орындық балабақша 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылдың қазан айында пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 12 топтағы 360 бүлдіршінге 48 тәрбиеші мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беруде.
Облыс әкімі ғимаратты аралап, шахмат үйірмесінің, «Балауса», «Күн шуақ» топтарының, бейнелеу орталығының, өзін-өзі тану кабинеті мен спорт, би залының жұмысымен танысты. Ән-әуез залында өнерлі бүлдіршіндер аймақ басшысына арнап дөңгелене би билеп, ән салды, былдырлаған тәтті тілдерімен әдемі тақпақтар айтты. Балабақшаның денешынықтыру пәнінің мұғалімі, жас ақын Жақсылық Еңкебаев облыс әкіміне арнауын оқыса, ән-әуез жетекшісі Зейнет Дүйсенбаева «Бауырларым» әнін шырқады. Балабақша жұмысымен танысып шыққан аймақ басшысы өзінің оң бағасын беріп, еңбектеріне табыс тіледі.
//Сыр бойы.-2013.-7 наурыз.- 3-4б.
82
Миуа БАЙНАЗАРОВА
Достарыңызбен бөлісу: |