Әңгіме ашық болсын
Министр білімге қатысты кемшіліктерді ашық талқылауға шақырды.
Білім және ғылым министрлігі білім беру мен ғылымның барлық деңгейлеріндегі мәселелер мен кемшіліктерді ашық талқылауға дайын, - деді ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов министрліктің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңестің екінші отырысында.
- Білім беру жүйесіндегі барлық мәселелер туралы ашық сөйлесе алатын мұндай алаңдар (ред. БҒМ-нің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесі) елімізде онша көп емес, - деді Б.Жұмағұлов.
Оның айтуынша, мағлұмат жетпейтін жұртшьшық арасында мәселелер көп туындайды. «Барлық жерлерде білім сапасын бақылау департаменттерін құрдық. Білім беру стандарттарының қалай орындалатынын тексереміз, 11-сынып оқушылары білім алудың орнына тест тапсырмаларын жаттайтынын өзіміз бірінші болып айттық. Қазір осы мәселе министрліктің басты кемшілігіне айналды», - деп атап өтті министр.
Білім беру ведомствосының басшысы мұндай кемшіліктердің мектепке дейінгі, мектептегі, кәсіби-техникалық білім беру саласында бар екенін де қосып айтты.
«Тағы бір мәселе, мектеп әкімгерлерін жағдайды өзгертіп, сан емес, сапаға негізделген білім беруге мәжбүрлеу. Бұл - министрлігіміздің міндеті. Барлық оқулықтарды қайта жасау мүмкін емес. Оларды қайта тапсырып, түзетеміз. Бұл қазіргі танда шешіліп жатқан мәселелер», - деді ол.
Ол қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес қызметінің маңыздылығы мен оның білім беру сапасын жақсартудағы рөлін атап өтті.
Ол қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес қызметінің маңыздылығы мен оның білім беру сапасын жақсартудағы рөлін атап өтті.
«Қандай мәселелер бар екенін білу үшін министрліктен бастап мектепке дейін кез келген ұйымға кіріп, ондағы мәселелерді түсінуге тырысу керек. Қоғаммен байланыс жөніндегі кеңес кемшіліктерімізді көрсетіп, жұмысымызға көмектесе алу үшін мұны министрдің бұйрығы етіп жасандар», - деп қорытындылады Б.Жұмағұлов.
//Класс Тайм.-2013.-27 ақпан,№9.-2б.
28
Айнұр БАТТАЛОВА
Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы мақұлданды
Осы аптаның сейсенбі күні Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы мақұлданды.
Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысына тиісті сала министрлері, облыс әкімдері қатысты.
Онда аталған құжат бойынша Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов баяндама жасады. Оның сөзіне қарағанда, жастар ұйымдарының қатысуымен аталған тұжырымдаманы талқылау бойынша жалпыұлттық пікірталас жүргізілген. Сонымен қатар, тұжырымдаманың жалпы ережелері «Жас Отан» жастар қанатының «Жастар Отанға!» атты даму стратегиясымен үйлестірілген. Мемлекет жастарды жұмысқа орналастыруға, оларды оқытуға және қайта даярлауға, қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге, жол жүру мен тамақтануға субсидия бөлуге тиісті шаралар қабылдайды. Бұл ретте, мемлекеттің басты міндеті – жастардың бастамаларына қолдау көрсету, сондай-ақ өз мақсаттарына жету үшін мүмкіндік беру.
Белгілі болғанындай, тұжырымдама екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі 2013-2015 жылдарға, екіншісі 2015-2020 жылдарға арналған. Бұл құжатты табысты іске асыру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп іс-шаралар жоспары әзірленетін болады. Осы орайда Үкімет басшысы Серік Ахметов Білім және ғылым министрлігіне 15 наурызға дейін еліміздің 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын енгізуді тапсырды.
Үкімет отырысында сонымен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед елімізде жаңадан ашылып жатқан телеарналардың мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасын ақпараттық сүйемелдеуге жұмылдырылатынын айтты. Оның айтуынша, тұжырымдамада көзделген негізгі мақсат-міндеттер халыққа кеңінен жетіп, әсіресе жастар арасында барынша талқылануы үшін оған ақпараттық сүйемелдеу керек. Ол үшін тиісті жұмыстар атқарылуда.
Осы орайда, яғни, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша өңірімізде атқарылатын іс-шаралар жоспарын енгізуге байланысты облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жастарға қатысты қандай мәселелерге баса назар аудару қажет, неге басымдық беру керектігі жөнінде өз ойын білдіріп, орынбасарына, тиісті басқарма басшыларына бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтқанда, жастармен жұмыс істеудің жаңа үлгісін табу керектігін, ауылдан қалаға келген жастарды қабілеттеріне қарай мамандыққа баулып, еңбекпен қамту бағытында нақты жұмыс тетіктерін іске асыруды жүктеді. Сонымен бірге шетелдерде жоғары білім алып, белгілі бір мамандық иесі атанып келген жастарды жұмыспен қамту жайына тоқталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы еңбек адамдарын, олардың отбасын насихаттап, оларды жастарға үлгі етудің маңыздылығын алға тартты.
//Сыр бойы.-2013.- 28 ақпан.-2б.
КОНЦЕПЦИЯ ОДОБРЕНА!
Правительство Казахстана одобрило Концепцию государственной молодежной политики до 2020 года.
"По поручению главы государства Нурсултана НАЗАРБАЕВА
разработана Концепция государственной молодежной политики до 2020 года. 14 февраля 2013 года проект концепции был обсужден в Администрации Президента под председательством руководителя администрации", - сообщил сегодня министр науки и образования Бакытжан ЖУМАГУЛОВ. По его словам, концепцию планируется реализовать в два этапа: с 2013 до 2015 года и с 2015 по 2020 годы. Профильным министерством проведена общенациональная дискуссия по обсуждению концепции с участием молодежных организаций. Основные положения концепции были синхронизированы со стратегией развития молодежного крыла "Жас Отан" - "Жастар Отанға!". В нее внесены все основные положения, выдвинутые Президентом страны на 19-й сессии Ассамблеи народа Казахстана в апреле прошлого года. "Накопившиеся в молодежной среде вопросы сформировали актуальную повестку государственной политики в отношении молодежи. Это проблемы, касающиеся обеспечения молодежи доступным жильем, трудоустройства и занятости, радикализации молодежной среды. Данные вопросы нашли отражение в разработанной нами концепции. В 2013 году из республиканского бюджета на финансирование молодежной политики предусмотрено 1,5 миллиарда тенге, в том числе 590 миллионов тенге - по соцзаказу. Из местных бюджетов - свыше 2 миллиардов тенге, в том числе по соцзаказу - более 940 миллионов тенге. Это в 2 раза больше показателей 2010 года, что позволило реализовать больше социально значимых проектов", - отметил министр.
Премьер-министр РК Серик АХМЕТОВ поручил Министерству образования и науки совместно с другими заинтересованными госорганами до 15 марта разработать план мероприятий по реализации Концепции молодежной политики до 2020 года. Кроме того, в ходе заседания правительства глава кабмина призвал МОН РК обеспечить своевременное внесение соответствующего законо- проекта в правительство и парламент.
Класс Тайм.-2013.-27 февраля.-С.2
Тағайындау
Дербісәлі директор болды
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының бұрынғы төрағасы, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Алматыдағы Шығыстану институтының директоры қызметіне тағайындалды.
Кеше институт қызметкерлеріне жаңа басшыны Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов таныстырып, Әбсаттар қажы Дербісәлінің шығыстану саласына қосқан үлесі мен еңбегін атап өтті.
«Ол Бас мүфти лауазымына дейін талай жылдар осы салада қызмет атқарды. Академик, ғылым докторы дәрежесіне дейін көтерілді. Біз Әбсаттар қажы Дербісәлінің шығыстану ғылымын төрге сүйрейтініне сенімдіміз», - деді министр Бақытжан Жұмағұлов.
Экс-мүфти Білім және ғылым министрінің сенімін ақтап, ғылымның өркендеуіне қажыр-қайратын жұмсайтын болады.
***
Министр образования и науки Бакытжан ЖУМАГУЛОВ в Ғылым ордасы представил нового директора Института востоковедения МОН РК Абсаттара ДЕРБИСАЛИ.
А. Дербисали - известный ученый- востоковед, религиовед, литературовед, доктор филологических наук, профессор.
В научно-педагогической сфере ра- ботает с 1976 года - научным сотрудни- ком Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова; заведующим кафе- дрой восточной филологии, деканом факультета востоковедения, проректо- ром по языкам и международным связям КазНУ им. аль-Фараби.
В Московском институте востоковедения Академии наук СССР защитил кандидатскую и докторскую диссертации по вопросам развития арабоязычной литературы Марокко.
Впервые организовал в КазНУ им. аль-Фараби кафедру арабского языка и восточных языков, а также факультет востоковедения. Его перу принадлежит свыше 600 научных работ по вопросам литературы, истории и культуры, духовной связи республики с мусульманскими странами Востока. В последнее время возглавлял ДУМК.
//Класс Тайм.-2013.-6 марта.-С.3
30
«Болашаққа» жол ашу!
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жиырма жыл бұрын Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша қурылған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайды. 2013 жылы әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарында ғылыми-педагогикалық тағылымдама бағдарламасы бойынша 400-ден астам оқытушылар мен ғылым қызметкерлері өз біліктілігін арттырмақ. Алғашқы рет «Болашақ» халықаралық стипендиясы еліміздің жетекші жоғары оқу орнының оқытушылары мен қызметкерлеріне тағайындалды. Бұл «Болашақ» халықаралық бағдарламасының қанат қақты бастамасы.
Үш ай көлемінде Халықаралық Бизнес Академиясының оқытушылары мен топ-менеджерлері Қазақстанға оралып, жоғары оқу орнынының студенттері, әріптестерімен жаңа білімдері, тәжірибелерімен белісу, әріптестік орнату мақсатында бизнес, экономика, маркетинг және басқару салаларында тәжірибе жинақтайтын болады.
Бұл бірегей жоба 2011 жылы Білім және ғылым министрлігі шетелде тағылымдамадан өту барысында оқытушылардың жас мелшеріне қойылатын шектеулерді жойған еді. Бұл адами әлеуетті дамытуға мемлекеттің қаржы салуына байланысты қабылданған оң шешім болды.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ отандық университеттерге тағылымдамадан етуге түпкілікті мән беру женінде ұсыныстар жасады. Яғни жоғары оқу орнының ішкі кадрлық сұраныстары мен даму стратегиясына сай белгілі жоғары оқу орындары үшін дайындаудың топтық бағдарламасына көшу ұсынылды.
Халықаралық Бизнес Академиясының 29 оқытушылары мен қызметкерлері қазақ тілі, Қазақстан тарихы бойынша емтихандардан мүдірмей өтіп, психологиялық тестті сәтті тапсырды. Мемлекеттікr комиссия мүшелерімен әңгімелесу еткізілді. Енді олар Beгкеley-Нааs School of Business(АҚШ), Моntreux School оf Business (Швейцария), сондай-ақ Оңтүстік Корея, Нидерланды, Испанияның жоғары оқу орындарында оқитын болады.
ХБА-ның 17 оқытушысынан тұратын үлкен топ ХААС (АҚШ) атындағы бизнес-мектепке оқуға аттанбақ. Бұл бірегей жоба Берклидегі Калифорния университеті мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ келісімі аясында жүзеге асырылып отыр. Халықаралық Академияның оқытушылары Калифорниядағы Беркпи, Стэнфорд, Калифорния технология университеттерінің жанындағы бизнес мектептерінің даму механизмі және саясатымен толыққанды танысады.
Мақсатты бағдарламаның негізгі міндеті - болашақта отандық жоғары білім саласына жаңа леп беруге орасан үлес қоса алатын
белсенді топ құру. Өзінің басшысымен бірге тағылымдамадан өткен үздік оқытушылар мен топ-менеджмент өкілдері университетті басқару ісіндегі бірегей стратегиялық бағдары бар қуатты топ болмақ. Бұл өзінің нақты даму стратегиясы белгіленген, барлық мақсаттары мен міндеттері кадрлық стратегиямен байланыстырылған жоғары оқу орындарына арналған, - деді өз сөзінде «Болашақ» бағдарламасының координаторы Альмира Закиева.
- Жеке ЖОО оқытушылары мен ғылыми- педагогикалық оқытушылар үшін қарастырылған бірқатар жеңілдіктер болашаққа жасалған үлкен қадам болып есептеледі. Бұл мемлекеттің жеке секторды қолдаудағы нақты шарасы және ЖОО арасындағы бәсекелестікті нығайтуы тиіс, - деді ХБА президенті Асылбек Қожахметов.
Салтанатты жиынға АҚІІІ, Ұлыбритания, Швейцария елшіліктерінің, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, ХБА қамқоршылық кеңесінің мүшелері, қазақстандық ЖОО ректорлары, БАҚ өкілдері мен тағы басқа қонақтар қатысты.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
//Класс Тайм.-2013.-27 ақпан,№9.-14б.
31
Әлипа Өтешева,
ҰЛТТЫҚ БРЕНД КӨМЕККЕ КЕЛЕДІ
Қазақтың өсімдіктерді қорғау мен карантин жөніндегі ғылымн-зерттеу институтында зиянкес жәндіктерге қарсы аса тиімді «Ақ көбелек» атты биологиялық дәрі әзірленді.
Бүгінде ауыл шаруашылығында улы химикаттардың кеңінен қолданылуынан «пестицидтік бумеранг» феномені пайда болды. Бұл дегеніміз не? Еліміздегі егіс алқаптарында зиянкес ағзалардың жаңа буыны уы мен зияны жағынан бұрынғы пестицидтерді екі орайтын пестицидтер көбейді. Осылайша, ауыл шаруашылығындағы зиянкестерге қарсы күрес адамның жеңілісімен аяқталғандай еді.
Алайда қазақстандық ғалымдар да қарап отырған жоқ Өсімдіктерді қорғау мен карантин жөніндегі ғылыми-зерттеу институтында зиянкестерге қарсы жаңа, экологиялық таза дәрілер жасалуда, оның ішінде айрықша назарға тұрарлығы - «Ақ көбелек» биопрепараты. Ол өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігі жағынан шетелдік баламаларынан асып түспесе, еш жағынан кемшін емес. Бұл дәріні әзірлеу жұмыстарына белсене қатысып жүрген жас ғалымдардың бірі - Қазақтың өсімдіктерді корғау мен карантин жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері Айнұр ӘДЫХАНҚЫЗЫ былай дейді:
- Казір өзі зиянды жәндіктердің егіс алқаптарына әкелетін шығыны шамамен 28-35 пайызды құрайды. Ал аса қауіпті ағзалар өздеріне қарсы химиялық өндеу жүргізілетініне қарамастан зиянын тигізуін тоқтатар емес. Еліміздің ауыл шаруашьшығы үшін әсіресе қауіпті қүбылыс - шегіртке, астық жейтін сұр көбелек сияқты өзге де жәндіктердің күрт көбейетін кезендерінің жиілеуі. Мысалы, 1999-2001 жылдардағы шегірткенің қаптауынан еліміздегі егіс алқаптары тып-типыл болғанын еске түсіріңіз. Колорадо қоңызы деген пәленің өзі қазір республикамыздың барлық жерін жаулап алды.
Көкөністердің 70 пайызын түрлі шыбын-шіркей құртады, өсімдік биті қырыкқабаттың да 70 пайызын жегідей жейді. Кейбір шаруашылықтар бір жаздың ішінде көкөніс алқаптарын 12 рет өндейді, оның өзінде өңдеу жұмыстары дер кезінде жүргізілмейді. Сонда қараңыз, мұнша химияның бәрі ақыр аяғы дастарханымызға қойылып, біздің ішімізге түсуде!
Елді сау, экологиялық таза өнімдермен қамтамасыз ету үшін біз алдымен, ауыл шаруашылығында зиянкес жәндіктер мен түрлі кеселдермен күрес үшін қолданьшатын улы химикаттарды азайтуымыз керек. Қалайша дейсіз бе? Өсімдіктерді қорғаудың биотехнологиялық әдістерін дамыту керек.
Біздің институтымызда Bacillus thuringiensis бактериясының жергілікті штаммы негізінде «Ақ көбелек» атты юиопрепарат жасалды. Бұл - жергілікті штаммның негізінде әзірленген ең алғашкы биологиялық инсектидті отандық дәрмек.
Біз білетіндей, өсімдікті биологиялық қорғау әдісі дегенде әдетте тірі ағзалар немесе олардың тіршілік етуінен түзілетін өнімдер жайында айтылады. Bacillus thuringiensis бактериясы тірі ағзаға жатады. Қазіргі заманауи бактериялық биопрепараттар өндірісінің бар негізі осы бактерияға сүйенеді. Бұл ағза жәндіктермен жақсы күреседі әрі қоршаған ортаға зиянын тигізбейді.
32
Алыс-жақын шетелдердің бәрінде Bacillus thuringiensis бактериясы негізінде кәдімгі өнеркәсіптік көлемдерде зиянкестермен күреске арналған бірқатар биопрепараттар дайындалады. Ал біздің елімізде өсімдіктерді қорғаудың дәл мүндай биологиялык құралдарын жасау жұмыстарымен тек біздің институтымыздағы биотехнология зертханасы ғана айналысады.
«Ақ көбелек» биопрепараты экологияльщ жағынан таза өнім болып табылады, сол себепті оны қалалық жерлердегі саябақтар мен өзге де жасыл желекті аймақтарда қолдануга әбден болады, онық қоршаған ортаға зияны жоқ.
«Ак көбелек» дәрісі қырыққабат пен шалқан құрттары, қалканжапырақтылардың шіркейі, бақша ағаштары жапырақтарының жегілері, алма қүрты сияқты көптеген зиянкестерге қарсы өте тиімді күреседі. Ол экологиялық жағынан таза өнім болып табылады, сол себепті оны қалалық жерлердегі саябақтар мен өзге де жасыл желекті аймақтарда қолдануға әбден болады, оның қоршаған ортаға зияны жоқ.
Біздің қазақстандық «Ақ көбелек» шетелдің ешбір дәрісіне өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігі жағынан дес бермейді. Бірақ өкінішке қарай, қазіргі уақытта ол жаппай өндіріске әлі ене алмай келеді. Алдағы уақытта біз оның өндірісін жолға қойып, құрығанда микробиологиялық дәрілердің отандық нарығын жаулаймыз деп үміттенемін.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев агроөнеркәсіп кешенінің алдына «Экологиялық таза өндіріс саласында жаһандық ойыншыға айналу» міндетін жүктеді, сол себепті біз экологиялық қауіпсіздік жағына басымдық бере отырып, өзіміздің бәсекеге қабілетті брендімізді жасауымыз керек. Біздің «Ақ көбелегіміз» осы брендке лайық.
Біз агроөнеркәсіп кешенінде өзіміздің төл биологиялық өнеркәсібімізді дамытуымыз керек, бұл- баршамыздың міндетіміз. Бүл өте тиімді, болашағы зор әрі басым бағыт, - дейді Айнұр Әділханқызы.
//Класс Тайм.-2013.-27 ақпан,№9.-3б.
Гүлнәр рахметова,
Бір мамандықты оқытуға үш жарым кандидат
пен ғылым докторы келеді.
Еліміздің жоғары оқу орындарында бір мамандық бойынша студенттер дайындауға үш жарым каңдидат пен ғылым докторынан келеді. Бұл жөнінде ЖОО-ларды оңтайландыру жөніндегі республикалык қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасы Серік Ырсалиевтің баяндамасында айтылды. Салыстыру үшін айта кетсек, осыдан жиырма жыл бұрын ғылыми дәрежелі мұғалімдердің болашақ мамандарға шаққандағы үлесі өзгеше болыпты.
Бұрын бір мамандық бойынша студенттер дайындауға 60 ғалымнан келген екен. Ал 1991 жылы Қазақстанда барлығы 55 университет пен институт құрылып, олар экономиканың барлық салаларын қажетті мамандармен қамтамасыз етсе, Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында бізде бұл салада мемлекеттік емес сектордың қарыштап дамуы басталған. Осылайша, жоғары оку орындарының саны 182-ге дейін жетіпті. Әрине, бір жағынан еліміздің білім беру нарығында әйтеуір бәсекелі нарық пайда болып, жастарды жұмыспен қамту мәселесі жартылай болса да шешіліп келді. Ал екінші жағынан - жоғары оқу орындарында берілетін білім сапасы күрт төмендеп кеткені жасырын емес. Сол кездері газет-журналдардан жоғары білімді мамандарды жұмысқа шақыратын, бірақ аты аталып, түсі түстелген белгілі бір оку орындарының түлектері қажет емес дегендей хабарландырулар да болған еді. Мұндай оқиғалардың бірі туралы отырыс барысында кеңес мүшесі, «Самұрық-Қазына» қоры жанындағы әлеуметтік серіктестік орталығының жетекшісі Нұрлан Ерімбетов те айтты. Бірақ бұл анекдотқа кеңестін өзге мүшелері қатты күлген жоқ. Өйткені қазақстандық жоғары оку орындары беретін дипломдардың сапасының төмендігі шынымен де күлетін емес, жылайтын күйге түсіріп отыр.
Иә, 10 мың халыққа шақкандағы студенттер саны бойынша біз әлемде 10-орындамыз, алдымызда Германия, Жапония немесе Сингапур сияқты аса дамыған елдер ғана тұр, ал сол студенттерді дайындау сапасы жағынан әлем бойынша алғашқы жүздікке енуіміз екіталай. Бұл дегеніміз - оқу орындарының бәсекелі ортасын құру арқылы сапасыз білімнен қорғана алмайтынымызды көрсетті. Оның себептері де көп, олардың әрқайсысын жеке талдап, зерделеу қажет. Ең бастысы, шетелде өзін тиімді көрсете білген нарык заңдары мен бәсекелестік сияқты табиғи реттеушілердің Қазақстанға келгенде не себепті іске жарамай қалғанын анықтауымыз керек-ақ. Нарықтық экономика жағдайында жиырма жылдан астам уақыт өмір сүріп жүрсек те, ұлттың интеллектуалдық капиталын күшейту қажеттігін мәжбүрлі түрде мәселе етіп көтеріп отырмыз.
Нарыққа ғана карап қалған жоқпыз, мемлекет қордаланған мәселелерді шешу жолында белсендірек іске кірісуі кажет деген оймен келісуге болады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері тек өз елінің аумағында ғана емес, дүниежүзілік деңгейде бәсекеге қабілетті болуы үшін тиімді тетіктер әзірленуі қажет. Оның үстіне, қазір республиканың алдында экономиканы 2050 жылға қарай индустриялық- инновақиялық сүрлеуте түсіру, одан калса,
34
Қазакстанды әлемдегі ең дамыған деген 30 елдің қатарына қосу міндеті тұр. Бірақ сол дамыған 30 елдің бізден бір үлкен айырмашылығы бар - олардың экономикасы білімге негізделген.
Жоғарыда аталған мақсаттарға түрлі жолмен жетуге болады, оның ішіндегі ең пәрмендісі - жоғары оқу орындарындағы білім сапасын түбегейлі жақсарту. Бұл ең алдымен білім беру қызметтері нарығында тәртіп орнату арқылы жүзеге асырыла алады. Сол себепті ҚР Білім және ғылым министрлігінің кабырғаларында да, шамамен 2006 жылдан бастап Президент Н.Ә.Назарбаевтың аузынан да жауыннан кейінгі саңыраукрактай қаптап кеткен, түлектері еңбек нарығында жұмыс таба алмай сенделіп жүрген университет сымақтарды оңтайландыру қажеттігі туралы сөздер айтылуда.
ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет өз басшысының баяндамасына карағанда, жоғары білім саласындағы жағдайды жіті саралаған сияқты. Олар жоғары білімнің негізгі осал тұстарын аныктап, жағдайды жөнге келтірудің тетіктерін де ұсынып отыр. Басты мәселелер мыналар екен - оқытудың коммерциялык формасы белең алып кеткен, мұндай жағдайда еш дайындығы жоқ адамдар да қиналмастан университетке окуға түсе алады, тек оқу акысын төлей алса болғаны, мамандықтардың жаппай қайталануы, мұндай аурумен көбінесе өңірлердегі жоғары оку орындары зардап шегеді, білім сапасына қатысты стандарттардың сақталмауы. Ал ең басты мәселесі - диплом алған мамандардың кәсіби білімінің тым төмендігі.
Баяндамада келтірілген сандар мен деректер адам шошытады. Дәл қазір болашақ гуманитарийлердің 81 пайызы акылы бөлімдерде білім алады екен. Ал заңгерлердің — 91 пайызы, болашақ экономистердің, бизнес пен әлеуметтік ғылымдарды меңгеріп жатқандардың 97 пайызы ақылы бөлімдерде жүр. Ал қызмет көрсету саласын тандағандардың І5 пайызы ақылы бөлімде оқиды. Техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер саны өсіп келеді деп қуанып жүргеніміз де бекер екен, бұл өсім ақпараттандыру факультеттеріне түскендердің есебінен ғана болып отырған көрінеді.
Жоғары білімнің жаппай комерциялануы мен кадрлар дайындаудағы кемшіліктердің одан сайын көбейіп отыруының тағы бір себебі жоғары оқу орындарында сырттай оқудың көбейгені. Қазір сырттай білім алып, керемет маман болып шыққандарды күндіз шаммен іздеп таппайыз. Өңірлердегі біркатар жоғары оқу орындарында сырттай бөлімдерде оқитын студенттердің саны студенттердін жалпы санының 55 пайызынан да асып кетіпті.
Жоғары оку орындары өз өңірлеріне кажетті мамандықтар жайында да бас қатырмайды: бакалавр деңгейінде бізде 600-ден астам мамандық бір-бірін қайталайды әрі мұндай мамандар еліміздің оңтүстік өңірі сиякты халық көп шоғырланған жерлерде емес, халқы аз өңірлерде оқытылуда. Тіпті кішкентай қалашықтардын өзінде бес-алты университет бар. Осылайша, дипломы бар маман дайындау ісі бизнеске айналып кетті, тіпті мемлекеттік оқу орындарында да осылай болып отыр.
Қазір республиканың алдында экономиканы 2050 жьлға қарай индустриялық-инновациялық сурлеуге түсіру, одан қалса, Қазақстанды әлемдегі ен дамыган деген 30 елдіқ қатарына қосу міндеті тұр. Бірак, сол дамыган 30 елдің бізден бір үлкен айырмаиіылыгы бар: олардық экономикасы
35
білімге негізделген.
Жоғары білім саласында бәрі өзара күшті байланыста болады. Үлкен калалардың өзінде ғылым кандидаттары мен докторларын, магистрлар мен Рһ докторларын қажетті көлемде табу қиын. Олар бізде жеткіліксіз көлемде дайындалады, сол себепті соңғы жылдары бізде бір ғалымның бірнеше оку орнында сабақ беруі әдетке енген тәжірибеге айналды. Педагогикалық, ғылыми-зерттеулік жұмыстарда тәжірибесі бар жоғары білікті кадрлар тапшылығына оқу алаңдары, окулықтар мен кітапхана қорларының жетіспеушілігі қосылуда. Серік Ырысәлиевтің айтуынша, осы параметрлердің барлығы да білім сапасын қамтамасыз етеді, бірақ оған республикамыздағы көптеген жоғары оқу орындары сай емес.
Білім беру нарығындағы осы жай алаңдатпай қоймайды, 24 жоғары оқу орнында 2012 жылы жүргізілген соңғы аттестация барысында анықталғандай, 19 мың студенттің 46 пайызы аралық тестіні 3 пен 2-ге тапсырыпты. Осы тексерулердің нәтижелерімен танысқаннан кейін КР Білім және ғылым миинистрлігінің комитеті, ілім саласындағы басшы қызметкерлер жоғары білім саласында өзгерістер күтуі мүмкін. Айтпақшы, ЖОО-ларды оңтайландыру ісі елімізде бұдан бірнеше жыл қолға алына басталған. Көш жүре түзеледі деген сенім мол.
//Класс Тайм.-2013.-27 ақпан,№9.-4б.
36
Достарыңызбен бөлісу: |