«Стресспен қалай күресуге болады?» Мақсаты



Дата15.11.2019
өлшемі21,93 Kb.
#51895
Байланысты:
7-Stres

Тренинг

«Стресспен қалай күресуге болады?»

Мақсаты: Мектеп түлектерінің ҰБТ алдындағы стрессті жеңуге үйрету,қатаюдан арылу.

1.Сәлемдесу жаттығуы

Нұсқау: Бүгінгі күнді 4 кіші топтарға бөлінуден бастайық. Ол қыс, көктем, жаз, күз ұстанымы бойынша жасалынсын. Әрбір топтың міндеті - сәлемдесу ойлап тауып,оны ым-ишара арқылы басқа кіші топтарға көрсету.

Талдау:

  1. Жаттығу қаншалықты сізге ұнады?

  2. Сіздің тобыңыз тапсырманы қалай орындады?

  3. Сәлемдесу тәсілі жылдам ойлап табылды ма?

  4. Топтан қалай сәлемдесу қажетті жөніндегі,идеяны кім ұсынды?

  5. Қандай сәлемдесу сізге ерекше тәсілмен сәлемдескенде не сезіндіңіздер?

2.«Шынымды айтсам» жаттығуы

Мақсаты: Айналадағылардың топтық сенімін бекіту, ішкі қысымнан,қорқынышынан арылту,ашық болуға бағыттау.

Уақыты: 15 мин.

Құрал-жабдықтар: аяқталмаған сөйлемдер топтамасы.

Нұсқау: алдарыңызда топтамалар жиынтығы жатыр. Қазір әрқайсысыңыз кезекпен шығып, аяқталмаған сөйлемдер жазылған топтаманы бір-біреулеп аласыз. Сізге ойланбастан сөйлемді аяқтау қажет. Мүмкіндігінше шынайы болуға тырсыңыздар. Егер топ мүшелеріне жауабыңыз шынайы болып көрінбесе, онда сізге басқа топтаманы алуға тура келеді.

Топтама үлгілері:

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Талдау:


  1. Ұсынылған сөйлемдерді аяқтау қиын болды ма?

  2. Топ қатысушылары туралы жаңа бір нәрсе білдіңіздер ме?

  3. Сіздің қазіргі сәттегі өмірлік маңызды мақсаттарыңыз қандай?

3.Тестке дайындық. Сауалнама «Стреске қалай қарсы тұру керек»

Мақсаты: осы сұрақ бойынша қатысушылардың хабардалығын айқындау және проблемаларды табу. Уақыты: 10 мин.

Сауалнама сұрақтары:

  1. Сіздің ойыңызша, сіз стреске берілгішсіз бе?

  2. Стресс туралы әдебиет оқыдыңыз ба?

  3. Сіздің ойыңызша стресттің себептері қандай?

  4. Сіз стресс белгілерін білесіз бе?

  5. Қалай ойлайсыз,стресс неге ықпал етеді?

  6. Қандай азық-түлік ақыл-ой іс-әрекетін белсенді етеді деп санайсыз?

  7. Стресті болдырмаудың жаттығуларын білесіз бе?

  8. Алдағы ҰБТ –ге байланысты қандай сезімдерді сезінесіз?

  9. Бүгінгі күні алдағы тестке дайындығыңызды қалай бағалайсыз?

  10. Сіз сынақтан өткізген оқу материалын есте сақтаудың әдістері бар ма? Қандай?

  11. Тестке дайындалудың қандай тәртібін жақсы деп санайсыз?

4. Стресс тесті

Мақсаты: бітірушінің стреске берілгіштігін айқындау

Уақыты: 15 минут

Нұсқау: Пікірлерді оқып, өз укелісімңіздің деңгейін төмендегі шкалалар бойынша белгілеуіңіз қажет.

Ешқашан(1 ұпай),

Кейде(2 ұпай),

Жиі(3ұпай)

Әрқашан (4ұпай)


  1. Мені болар-болмас мәселелер ашуландырады

  2. Біреуді күтуіме тура келсе,менің жүйкем жұқарады

  3. Ыңғайсыз жағдайға тап болағнда,мен қызарамын

  4. Мен өкпелесем онда біреуді ренжітуім мүмкін

  5. Сынды көтере алмаймын,көтеріліп кетемін

  6. Егер мені көлікте біреу итерпі жіберсе, мен дәл солай қайтарамын немесе дөрекі сөйлеймін

  7. Барлық бос уақытымда бір нәрсемен шұғылданамын

  8. Кездесуге әрқашанда алдын-ала келемін немесе кешігемін

  9. Тындай білмеймін

  10. Тәбетімнің жоқтығынан қиналамын

  11. Еш себепсіз жиі қамығамын

  12. Таңертең өзімді нашар сезінемін

  13. Өзімді шаршаңқы сезінемін,нашар ұйықтаймын,ойымды басқаға аудара алмаймын

  14. Ұзақ ұйқыдан кейін де өзімді қалыпты сезінбеймін

  15. Меніңше жүрегімде бір кінәрәт бар

  16. Менің арқам және мойыным ауырады

  17. Үстел үстінде отырғанда үстелді саусақтарыммен ұрып,аяғымды қимылдатамын

  18. Өзгелері мені мойындағанын және мақтағанын қалаймын

  19. Мен көпшілігінен жақсымын деп ойлаймын

  20. Мен диета сақтаймын

30 балл және төмен

Сіз туындаған мәселелерді шешіп,тыныш әрі ақылмен өмір сүресіз. Сізде жалған атаққұмарлық та, шектен тыс қарапайымдылық та жоқ.бұл адамдар бәріне жақсы жағынан қарап,кемшілігін ескермейді.



31-45 балл

Сіздің өміріңіз іс-әрекет пен арпалысқа толы,стресс жағымды және жағымсыз түрде әсерін тигізеді. Сіз өміріңізді өзгерпейсіз,дегенмен де өзіңізге уақыт бөліңіз.



46-60 балл

Сіздің өміріңіз күрес. Сіз атақты болуды ұнатасыз және карьераны армандайсыз. Сізге басқаның пікірі маңызды сондықтанда үнемі стресте жүресіз. Егер дәл осындай қарқынмен жүрсеңіз, көп нәрсеге қол жеткізесіз,дегенмен де бұл сізге қуаныш әкеле ме? Артық сөз бәсекесі қажет емес,ұсақ – түйекке ашуланбаңыз. Әрқашан жоғары нәтижеге жетуге тырыспаңыз . уақыт уақытымен толық тынығуға уақыт бөліңіз.



61 балл және жоғары

Сіз бір газды бірде тежегішті бастаны машина жүргізушісі сияқты өмір сүресіз. Өмір салтыңызды өзгертіңіз. Сіздің стресс жағдайыңыз,денсаулығыңызға және болашағыңызға қауіп келтіреді.



5.«Бір-біріне»жаттығуы

Мақсаты:бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынасты қалыптастыру,сипап сезу қабылдауын дамыту.

Нұсқау: Сіздер аудиторияда еркін жүріп,менің айтқан тапсырмаларымды орындауларыңыз қажет. Мен «Бір-біріңе» дегенде сіздер жұп табуларыңыз қажет. Жұптасқаннан кейін тапсырма беремін.

Сонымен бастадық: «Бір-біріңе». Енді бір-біріңнің қолын қосыңыздар,аяқтарыңызды аяққа,мұрныңызды мұрынға,басты-басқа,құлақты-құлаққа,беттеріңізді және т.б.бір-біріңе тигізіңдер. Залда қайта еркін жүріңіздер, жаңа жұр табыңыздар.Ойын жаңа жұппен жалғастырылады.



Талдау:көңіл-күйлеріңізбен бөлісіңіздер.Бұл ойын неге бағытталған? Кіммен және қашан қолдануға болады?

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...

Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Шынымды айтсам, ҰБТ туралы ойлансам...

Шынымды айтсам, ҰБТ-ге дайындалып жатсам...

Шынымды айтсам мен алдағы ҰБТ-ден...

Шынымды айтсам, мен үйге келгенде...

Шынымды айтсам, мен алдағы ҰБТ-ге байланысты ата-анамның қобалжуын ойласам...

Шынымды айтсам, мен қобалжығанда...

Шынымды айтсам, мен ойымды жинақтай алмай жатқанда...



Шынымды айтсам, мен осы ҰБТ туралы естігенде...

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет