Структурализм мектептерін біріктіретін ортақ бағыт, проблемалар мыналар



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі30,52 Kb.
#88936
1   2   3   4
Байланысты:
ДӘРІС

Дескриптивтік мектеп үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарында Америкада қалыптасқан. Оны лингвистикалық әдебиеттерде структурализмнің бір тармағы деп санайды. Мектепті қалыптастырушылар және АҚШ тіл білімінің классиктері профессорлар Эдуард Сепир (1884— 1939), Леонард Влумфилд (1887—1949). Бірақ структурализмді қалыптастыруда екеуінің атқарған ролі мен ұстанған принциптері бір емес. Сондықтан бұл екеуі қазіргі АҚШ тіл біліміндегі — этнографиялық, структуралық деп аталатын екі мектептің дем берушілері, болып саналады.
Америка структурализмі дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік әдіс деп те аталады. Бұл әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі, статикалық қалпы эмприкалық тәсіл бойынша сипатталады, ондағы өзгеріс-құбылыстар, даму, тарих дегендер ескерілмейді.
Дескриптивтік мектеп—тілдік тектестерді талдаудың әдіс-тәсілдерін қалыптастыру, жетілдіру, лингвистикалық терминдерді айқындау мәселелеріне ерекше мән береді.
Дескриптивтік мектеп ол баста таза практикалық, мақсаттан туған. Американың байырғы тұрғындары, сақталған жазба нұсқасы жоқ, даму тарихы, басынан өткізген дәуір кезеңдері белгісіз индеецтер тілдерін зерттеуге салыстырмалы-тарихи әдіс жарамады. Бұл тілдердің қазіргі статикалық күйін түсіну үшін зерттеудің жаңа әдіс-амалын табу қажет болды. Ізденіс нәтижесінде структуралық әдістің тиімділігі айқындалды.
Дескриптивтік мектептің жұмыс әдісі мен принциптері салыстырмалы принципке сай келгенімен, көп мәселеде де Соссюр мен Копенгаген структуралистерінің концепцияларын басшылыққа алғандарымен, оның өзіндік ұстанған жолы, бағыты бар. Структурализмнің басқа мектептеріне қарағанда оның қалыптасқан, тұрақты зерттеу жүйесі бар. Кейбір ғалымдар дескриптивтік тіл білімін тілдің құрылымын сипаттаудың ең айқын тәсілін қалыптастырған мектеп деп санайды.

  1. Америка структуралистеріне бірден-бір материал болған және сол әдістің дүниеге келуіне себепші болған индеецтер тілдерін ең алғаш зерттеген адам — Американың көрнекті лингвисі, белгілі антрополог Франц Бопп {1858—1942). Индеецтер тілдерінің сипаттама грамматикасына арналған еңбектерінде Ф. Бопп тілдердің сипаттама грамматикаларын жазу барлық тілге ортақ принципке негізделу керек дейтін концепцияға қарсы шығып, әр тілдің сипаттама грамматикасы «сол тілдің өз лексикасы» негізінде, дедуктивтік емес, индуктивтік әдіспен жазылу керек (жалпыдан жалқыға қарай емес, жалқыдан жалпыға қарай) дейді. Ф. Бопптың осы көзқарасын Леонард Блумфилд әрі қарай дамытты.

Леонард Блумфилд — Америка лингвистикасының ең көрнекті қайраткерлерінің бірі. Кезінде Америка лингвистикалық қоғамының президенті, бірнеше университеттердің профессоры болған адам. Америка индеецтері мен герман тілдерінің фонетикасын, морфологиясын зерттеген. Л. Блумфилдтің негізгі еңбектері — «Тіл зерттеуге кіріспе» (1914), «Тіл» (1933) деп аталатын кітаптары (Соңғы еңбек орыс тіліне 1968 жылы аударылды).
Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихебиоризмдік (мінез-құлық) психологияның концепцияларын басшылыққа алды. Бұл қазіргі Америка психология ғылымындағы керітартпа, идеалистік, механистік көзкарас. Бұларша, психология тек мінез-құлықты ғана зерттеу керек, ал мінез-құық дегеніміз — организмнің сыртқы реакциясының жиынтығы, реакция қоршаған орта туғызатын стимулдар арқылы механистік жолмен пайда болады.
Л. Блумфилд те өз ілімін механистік теория деп атады. Бихевиоризмнің механистік концепциясын сол күйінде сөйлеу процесін түсіндіруге қолданды. Сөйлеу әрекеті дегенді сөйлеушінің белгілі бір жағдайға байланысты туатын реакциясы деп есептейді.
Сөйлеу процесі бірнеше стимулдар мен реакцияларға бөлшектенеді, тіл арқылы қатынас жасау дегеніміз— стимулдар мен реакциялардың, әсер мен салдар туғызған себептердің жиынтығы деп түсіндіреді.
Сөйлеудің ойлаумен, ұғыммен байланыстылығы ескерілмейді. Тіл қызметінде жеке индивидуумның мінез-құлқына, адам организмінің құбылыстарына, организмге сырттан болатын әр түрлі әсерлерге, түрткіге шешуші мән беріледі. Тілдің коммуникативтік қызметін мойындағанымен, оның іске асуын механистік жолмен түсіндіреді. Ал тілдің ойды қалыптастыру қызметін тіпті сөз етпейді.
Бұл тәріздес елеулі кемшіліктеріне қарамастан, Л. Блумфилд негізінен тілдердің қай-қайсысына болса да қолдануға жарайтын, тіл білімінің дамуына белгілі ықпалы болған жаңа әдісті қалыптастырып, сындарлы жүйеге келтірді. Ол тілді формалды сипаттаудың қажеттігін дәлелдеп, негіздеді, Блумфилдті әдетте, дескриптивтік, кейде Иель мектебі деп аталатын лингвистикалық бағыттың негізін қалаушы деп санайды. Оның ілімін 3. Хэррис, Б. Блок, Ч. Хоккет, Г. Троджер т. б. шәкірттері басшылыққа алып отырды.
Дескриптивтік әдіс өз дамуының жоғары сатысына 40—50-жылдары көтерілді. Л. Блумфилдтің көрнекті шәкірттерінің бірі 3.Хэррис 1951 жылы «Структуралық лингвистиканың әдістері» деген монография жазды. Бұл еңбек америка структуралистері зерттеулерінің жинақталған қорытындысы іспеттес. Онда дескриптивтік әдістің ең түйінді, өзекті мәселелері жан-жақты талданған.
Америка структуралистері өздерінің алдына жалпы лингвистикалық теорияны дамыту міндетін емес, тілдік элементтерді оңай және тез табу, олардың есепке алып, қандай контексте қолданылатынын айқындау міндеттерін қойды. Сондықтан кейбір лингвистер Америка структурализмі теориялық ілім емес, ол тіл фактілерін қалай сипаттаудың жөн-жобасы туралы тапсырмалардың, нұсқау, схемалардың, үлгілердің жиынтығы іспеттес дегенді айтады.
Дескриптивистер тіл — ішкі, сыртқы байланыстары бар сигналдар жүйесі дейді де, тіл білімін металиигвистика, микролингвистика деп екі салаға бөледі.
Металингвистика сөздік мінез-құлықтың сыртқы жағын зерттейді. Ол этнолингвистика, психолингвистика, социолингвистика, менталингвистика, фонетика, паралингвистика (интонация, ымдау-нұсқау сияқтыларды зерттейді) деп аталатын салаларды қамтиды.
Микролингвистика сөздік сигналдардысипаттайды, бірақ оны сипаттағандаметалингвистикалық жайттарға, яғни сыртқы өмірмен байланысқа, тарих мәселелеріне,тілдің семантикалық жағына көңіл аудармайды, оның материалдық жағын ғана зерттейді.
Америка структуралистері зерттеудің негізгі методикасы ретінде дистрибуцияны алады. Латын тілінен алынған бұл терминнің бастапқы мағынасы — бөліп тарату. Бірақ тіл білімінде одан гөрі кеңірек мағынада қолданылады. Мұнда дистрибуция дегеннен белгілі бір тілдік элементтің сөйлеу процесінде қолданылатын орны, контекісі деген мағына түсініледі. Мысалы, фонема үшін контекст оның алды-артында келетін фонемалар болса, морфема үшін контекс оның айналасында келетін, яғни оны қоршап тұрған морфемалар болады.
Дескриптивтік талдаудың объектісі — сөйлеу тілі, сөйлеу процесіндегі тілдік материалдар. Ал көзделетін түпкі мақсат — сол ауызекі материялдарды талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын айқындау. Бұл мақсатка жету үшін әр қабаттың элементтері жеке-жеке айқындалып, есепке алыну керек, екіншіден, ол элементтердің дистрибуцияларын айқындау керек. Бұл әрекеттердің әрқайсысы екі реттен қайталанады: бірінші — фонемалық элементтерді бөліп, олардың дистрибуциясын ашу, екінші — морфологиялық элементтерді есепке алып, олардың дистрибуциясын айқындау.
Дескриптивистер әр қабаттың өзіне тән ең кіші элементтері болады: фонологиялық қабатқа — фонема, морфология қабатқа — морфема тон т.б. Фонема фонологияның, морфема морфологияның объектісі, фонологиядан фонемалардың қатынасын зерттейтін фонетактика, морфологиядан морфемалар қатынасын зерттейтін морфотактика дейтін пәндер бөлінеді, ал фонология мен морфологияға бірдей тән пән морфонология болу керек, мұның міндеті — морфемалардың фонемалар арқылы көріну жолдарын, ондағызаңдылықтызерттеу дейді.
Әдебиеттер:

  1. Леви-Стросс К. Структурная антропология. М.: «Наука», 2015. -399 стр.

  2. Лотман Ю. Структура художесвенного текста. Анализ поэтического текста. СПб.: «Азбука», 2015. – 704 стр.

  3. Усовская Э.А. культурно-антропологические школы США. Минск: БГУ, 2015. – 119 стр.

  4. Гуревич П. С. Философская антропология. М., 2015. – 160 с.

  5. Грецкий М. Н., Французский структурализм, М.: «Наука»,, 2016. – 210 стр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет