Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Іш қуысы дренаждарына күтім жасау



бет16/46
Дата05.05.2020
өлшемі231,85 Kb.
#66009
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
оеска t Word (3)-1
оеска t Word (3)-1
Іш қуысы дренаждарына күтім жасау

Мақсаты: Іш қуысы дренаждары іш қуысындағы патологиялық эксудатты сыртқа шығару үшін және іш қуысына антибиотиктер енгізу үшін қолданылады.

Қажетті заттар: стерильді салфетка, шариктер, хирургиялық, анатомиялық пинцеттер, қысқыштар, қайшы, шприц, бөліністі жинайтын ыдыс, фурациллин, спирт-70%, лейкопластырь, электросорғыш аппараты.

Іс-әрекет алгоритімі

  1. Мейірбике науқасты тыныштандырып, науқасқа іс-шара барысын түсіндіреді.

  2. Төсек үстіне клеенка, төсеніш қойады.

  3. Дәрігердің рұқсатынсыз науқастың қалпын ауыстыруға болмайды.

  4. Таңғыш көп ылғалданғанда, төсекке қарай ағып оныда былғайды, сондықтан төсек орнын жиі ауыстырып тұру керек.

  5. Мейірбике ескі таңғышты алып, жара айналасын құрғатып спиртпен сүртіп, құрғақ асептикалық таңғыш қояды.

  6. Дренажды түтікшеден шығып жиналған ыдыстағы бөліністің мөлшеріне, түсіне баға береді.

  7. Екі ұшты дренажды түтікшенің жіңішке түтікшесіне фурациллин ерітіндісін, екіншісіне сорғыш аппаратын жалғап дәрігердің қатысуымен қуысты жуып тазалайды. Керек жағдайда түтікше қуысына антибиотик жіберіліп 5-10 минутқа түтікшені қысып қояды.

  8. Өздігінен түсіп қалған түтікті немесе тампонды қайта орнына салуға болмайды, оны дәрігерге хабарлау керек.

  9. Дренажды түтікшені дәрігер босатады, мейірбике түтікшенің айналасын спиртпен өңдеп, тігісін босатады, дәрігер дренажды шығарып алады. Дренаждан кейінгі қалған тесікті йоданатпен өңдеп құрғақ таңғышпен жауып қояды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет