Бюлау дренажына күтім жасау. Флаконды алмастыру техникасы.
Анықтамасы: Бюлау дренажы - бұл плевра қуысынан эксудатты ұзақ уақыт аспирациялауға арналған дренаж.
Мақсаты: дренаж қызметін бақылау, ауруханаішілік инфекцияның алдын-алу.
Көрсетпесі: флаконның бөлініске толуы.
Қажетті заттар: стерильді салфетка, шариктер, қайшы, 2-пинцет, қысқыш, спирт, биялай, фурациллин, лейкопластыр.
Науқасты дайындау: науқасқа іс-шара барысын түсіндіріп, келісімін аламыз.Науқасты ыңғайлы етіп жатқызамыз, жара астына кленка н/е лоток қойылады.
Іс-әрекет алгоритімі
Қолымызды спиртпен сүртіп биялай киеміз;
Түтікшенің дистальді жағын қысқышпен қысып, бөлініс жиналған ыдыстан ажыратамыз;
Бөліністің көлеміне, иісіне, түсіне баға беріп, оны дезертіндіге құйып (3% хлорамин 60мин ұстап) төгеміз;
Босатылған ыдыстың орнына 200мл фурациллин ертіндісін қайта жалғап қысқышты босатамыз;
Биялайды спиртпен өңдеп, дренаж аймағындағы ескі таңғышты пинцетпен аламыз;
Жара аймағын спиртпен өңдеп, асептикалық таңғыш қойып лейкопластырмен бекітеміз;
Қолданылған құрал-саймандар дез ертіндіге салынады;
Науқасты бақылау парағына бөліністің сипаттамасын жазамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |