Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КОЛЛОИДТЫҚ КҮКІРТТІҢ СЕДИМЕНТАЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА



Pdf көрінісі
бет133/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
КОЛЛОИДТЫҚ КҮКІРТТІҢ СЕДИМЕНТАЦИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА
БАЗ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Избасканова А. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к, доцент Құмарғалиева С.Ш.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
aikerimizbaskan@gmail.com

 
Коллоидтық күкірт фунгицидтік препарат ретінде өсімдіктерді ауылшаруашылық 
зиянкестері мен әртүрлі өсімдік ауруларынан қорғау үшін қолданылады. Қазіргі таңда 
елімізде қолданылып жүрген коллоидтық күкірт көбінесе көрші елдерден – Ресей мен 
Қытайдан тасымалданады. Сонымен қатар, Қазақстанның батыс өңірлерінде мұнай өңдеудің 
қалдығы ретінде күкірт көп мөлшерде жиналып, үлкен экологиялық проблеманы туғызуда. 
Осыған орай, мұнай өңдеу қалдығын, яғни күкіртті отандық шикізат ретінде пайдаланып, 
өңірдің экологиялық ластану мәселесін шешумен қатар ауыл шаруашылығында 
қолданылатын фунгицид — коллоидтық күкірт алу өзекті мәселеге айналып отыр. 
Осындай фунгицид ретінде коллоидтық күкірт гидросуспензия түрінде қолданылуға 
тиіс. Күкірт суды жұқтыру қабілеті бойынша гидрофобты болғандықтан, оның судағы 
тұрақты суспензияларын алу негізгі мәселелердің бірі. Сондықтан осы жұмыстың мақсаты – 
әртүрлі беттік-активті заттар мен минералдық қоспалардың қатысуымен күкірттің 
гидросуспензияларын алып, олардың седиментациялық тұрақтылығын бағалау.
Зерттеу нысаны ретінде Тенгиз Шевройл өндірісінің қалдығы – кесекті күкірт, 
анионды, катионды және бейионды беттік-активті заттар, монтмориллонит минералдық 
қоспасы алынды. Күкірт-БАЗ-монтмориллонит әртүрлі қатынасында күкіртті композициялар 
құрастырылып, 
олардың 
гидросуспензияларына 
Фигуровский 
таразысы 
арқылы 
седиментациялық талдау жасалып, эксперимент нәтижелері Цурюпа әдісімен өңделді. 
Әр қоспаның минимал, максимал, ықтимал радиустары табылды. Бөлшектердің өлшемі 
бойынша интегралды және дифференциалды таралу функциялары анықталды.
Алынған нәтижелер бойынша беттік-активті заттардың қатысында күкірт бөлшектері 
гидрофилденіп суды жақсы жұқтыра бастайды. Минералды қоспаның қатысында күкірт 
бөлшектерінің өзара когезиялық әрекеттесулері әлсірейді, яғни олар бір-біріне жабыспай 
дисперсиялық ортада таралады. Осының барлығы күкірт гидросуспензияларының агрегаттық 
және седиментациялық тұрақтылығын арттырады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
139 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет