Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖЕЛАТИН-ЗИНГИБАИН ЖҮЙЕСІНІҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА



Pdf көрінісі
бет154/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖЕЛАТИН-ЗИНГИБАИН ЖҮЙЕСІНІҢ РЕОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫНА 
ЗИНГИБАИН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Нурмаханова А.Е.
Жетекшісі: х.ғ.к., доцент Тюсюпова Б.Б.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

nurainura01@gmail.com
 
Қазіргі таңда желатиндік капсулалар медицинада кеңінен қолданылуда. Кейбір 
зерттеулер желатиннің өсу гормонын өндіруді ынталандыратын маңызды компонент екенін 
айтады. Желатинді тағамдарды пайдалану жаралардың тезірек сауығып, зақымдалған 
жерлерде қабыну қаупін айтарлықтай төмендетеді. Яғни, тірі ағза үшін маңыздылығы өте 
жоғары.
Сонымен бірге, желатиннің жанама әсерлері де бар екен. Желатиннің жалғыз белгілі 
жанама әсерлері - кекіру, кебулер және ас қорытудың қиындығы. Бірақ бұл реакциялар өте 
сирек кездеседі. Тағы бір қауіп - диеталық қосымша ретінде желатинді қабылдаудың тым 
ұзақ курсы. Бұл қанның шамадан тыс тұтқырлығын және жоғары қан қысымын тудыруы 
мүмкін. Спорттық диетологтар валин, лейцин және изолейцин сияқты маңызды амин 
қышқылдары жұмыртқа, балық, тауық, қой етінен гөрі желатиннің құрамында көп мөлшерде 
болатынын есептеген. Желатиндік капсулалардың қызметі дәрілік затты адам ағзасына 
мақсатты түрде тасымалдауға және босатуға арналған. Бос желатинді капсулалар ұнтақ 
немесе түйіршіктелген дәрілер үшін қолданылады. Кез келген дәрінің адам ағзасына тигізер 
жағымсыз әсері болады. Дәл сол сияқты желатиндік капсулаларды жиі қолдану тірі ағзаға 
жанама әсер тигізеді.
Осыған орай, зерттеу мақсаты желатин негізінде алынған капсулалардың физика-
химиялық қасиеттеріне зингибаин ферментінің әсерін анықтау. Имбирь тамырларында 
кездесетін цистеинпротеаза немесе зингибаин ферментін желатиндік капсулаларға қосу 
арқылы желатиннен туындайтын жанама әсердің алдын алуға болады. Ақуызды ыдырататын 
ас қорыту ферменті зингибаин желатинмен байланысып асқазан-ішек мәселерін жеңілдетеді. 
Бұл желатин-зингибаин қосылысы тірі ағзада капсуланың денеден оңай өтуіне көмектеседі 
және өз кезегінде ісінуді, газды немесе іш қатуды азайтады. Зерттеу барысында біріншіден, 
қалыптау ерітіндісі дайындалып, яғни зингибаиннің әр түрлі концентрациясы 
негізінде 
желатин-зингибаин полимерлі үлдірлері алынды. Алынған үлдірлердің реологиялық 
қасиеттері немесе сипаттамалары 
МТ 150 жырту машинасының көмегімен 
анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет