Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МАКУЛАТУРА ҚАЛДЫҚТАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН СӘНДІК ЖАБЫНДАР МЕН



Pdf көрінісі
бет240/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МАКУЛАТУРА ҚАЛДЫҚТАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН СӘНДІК ЖАБЫНДАР МЕН 
СҰЙЫҚ ТҰСҚАҒАЗДАР 
 
Орынқұл Ә.Н. 
Ғылыми жетекші: Тулепов М.И. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
4aliwerorynqul@gmail.com
 
Сұйық түсқағаз – әрлеу және құрылыс жұмыстарында қолданылатын таптырмас 
композициялық материал. Әлемдік өндірістің дамыған уақытында сұйық түсқағазды жасауда 
шикізат ретінде макулатуралық қалдықтарды қолдану экологиялық және экономикалық 
сипатқа ие. Біріншіден, макулатуралық қалдықтардың көбеюі табиғат экологиясына теріс 
әсер етуде. Осыған байланысты, оны қайта өңдеу қалдықтарды жоюға, материалдық және 
энергетикалық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, осы өңделген 
макулатураны сұйық түсқағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдалану материалдың өзіндік 
құнының төмендеуіне әкеп соғады. 
Бұл жұмыста сұйық тұсқағаз жасауда негізгі компонент ретінде жоғары сапалы А4 
кеңсе қағазы, қосымша компоненттер ретінде су, Na-КМЦ және гипс қолданылды. Жұмыс 
барысында сұйық түсқағаз құрамына бірнеше қосымша қоспалар қосылды. Нәтижесінде 
химиялық құрамы әртүрлі 7 сұйық түсқағаз алынды. 
Сұйық түсқағаздардың реакциялық химизмі зерттелінді. Химиялық реакциялар 
нәтижесінде бірнеше сұйық түсқағаздың бірыңғай химиялық формуласы қорытылып 
шығарылды. 
Алынған сұйық түсқағаздардың элементтік құрамын анықтау үшін физико-химиялық 
талдау әдістері жүргізілді. Рентген спектралды флуоресцентті талдау нәтижесінде сұйық 
түсқағаздардың құрамында концентрациялық мөлшерде қандай металдар бар екені 
анықталды. ИҚ спектроскопия нәтижесінде алынған спектрлерді талдай отыра сұйық 
түсқағаздардың функционалдық құрылымы анықталды. 
Сонымен қатар сұйық түсқағаз қасиеттеріне салыстырмалы талдау : отқа төзімділік, 
кебуі, адгезия, суға төзімділік, беріктілік және эластикалық секілді қасиеттері зерттелінді. 
Алынған ақпараттарды қорытындылай келе, макулатура негізінде экологиялық таза 
сұйық түсқағаз алу мүмкін болды. Сұйық түсқағаздың айрықша қасиеттерге ие екендігіне 
көз жеткізілді. Өндірістік жолмен алынған баламасына қарағанда отқа, суға төзімді, 
эластикалық, берік және адгезияға қабілетті екендігін көрсетті.Экономикалық тұрғыдан 
сұйық түсқағаздың өзіндік құнының төмендеуіне қол жеткізілді. Алынған сұйық түсқағаз 
құрылыс нарығында әрлеу материалы ретінде өндірістік баламасын толыққанды түрде 
алмастыра алады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
248 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет