Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет270/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
278 
«ХИМИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЕСЕПТЕУ ТАПСЫРМАЛАРЫН 
ҚҰРАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЕШУ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫН ЖАСАУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Жұмабекова А.Н. 
Ғылыми жетекшісі:
х.ғ.к., доцент Бейсембаева Л.К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
aida.jumabekova.1916@gmail.com 
 
Химия саласындағы оқушылардың білімін, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және
жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл химияның 
практикалық маңыздылығымен, айналадағы болып жатырған өзгерістерді танудың ғылыми 
әдістері туралы идеяны қалыптастырумен анықталып отыр. 
Элективті курстар қысқа мерзімді болады және әртүрлі бағыттағы қосымша білім беру 
бағдарламаларына негізделеді. Таңдау курстары көбінесе оқушының өздігінен бағдар 
анықтауына ықпал етеді де, оқу жоспарындағы салыстырмалы түрде аз бөлігін алып 
жатқанына қарамастан орта мектептердегі бағдарлы оқытуды ұйымдастыруда маңызды рөл 
атқарады. 
«Химиялық экспериментке негізделген есептеу тапсырмаларын құрастыру және шешу» 
элективті курсын енгізу – оқушылардың химия пәнінен білімдерін тереңдетуге ықпал етеді. 
Ұсынылған тақырып бейіндік мектеп химия курсында іс жүзінде зерттелмеген. Алайда, 
ЖОО-ға түскен кезінде оқушылар эксперимент пен есепті кем дегенде орта деңгейде 
меңгерген болуы керек. Біз білетініміздей, орта мектептерде теориялық химияға көп назар 
аударылады, ал практика іс-қағаздар жүзінде ғана бар. Химияның эксперимент және есеп 
деген ең маңызды бөліктері назардан тыс қалуының нәтижесінде оқушылардағы 
эмпирикалық, дидактикалық дағдылар дамымай қалады. Себебі, химияны есептеулер мен 
экспериментсіз үйрену мүмкін емес деуге болады.
Оқушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде, олар химия пәнінен қызықты 
эксперименттерді күтетінін, алайда, мектептерде зертханалық жұмыстардың өте сирек 
болатыны белгілі болды. Сонымен қатар бұрынғы зерттелерге сүйенсек экспериментке 
негізделген есептеу тапсырмалары тапшы екенін байқалды. Сондықтанда ұсынылған 
тақырып бойынша бейіндік мектептердің 9-11 сыныптарына арналған элективті курс 
бағдарламасы жасалуда. 2 сағаттан 20 сағатқа негізделген «Химиялық эксперимент негізінде 
есептеу тапсырмаларын құрастыру және шешу» таңдау курсының тақырыптық жоспары 
жасалып, 10 түрлі оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыратын, орта 
білім мен жоғары білім арасындағы сабақтастықты қалыптастыратын түрлі деңгейдегі 
тақырыптар қосылды. Бұл курс болашағын химия пәнімен байланыстыратын оқушылар үшін 
химияны тереңдетіп оқуға, мектепте пәнді практика жүзінде үйренуге мүмкіндік береді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
279 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет