Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«6B07204 – ТАҒАМДЫҚ ХИМИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет335/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«6B07204 – ТАҒАМДЫҚ ХИМИЯ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ 
БОЙЫНША «ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ АДАМ ТІРШІЛІГІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ» ТАҢДАУ 
КУРСЫНЫҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУ 
Сәрсенбаева Ж.Н. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Тугелбаева Л.М. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
 
zhazira.sarsenbayeva.02@inbox.ru 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020- жылғы 1-қыркүйектегі 
Қазақстан халқына Жолдауында «Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпаққа 
экологиялық тәрбие беру ісіне жеткілікті назар аудару қажет» деп атап көрсеткендей, білім 
алушылардың санасында экологиялық тұрғыдан маңыздылығы бар сұрақтардың туындап, 
оларға дұрыс жауап берілуін білім беру орындарында қамтамасыз ету қазіргі таңдағы білім 
беру үдерісінің негізгі ажырамас бөлігіне айналуы керек. 
Осыған орай, университеттік білім беру жүйесінде болашақ мамандарға, оның ішінде 
«6В07204 – Тағамдық химия және технология» білім беру бағдарламасының студенттеріне 
«Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі» элективті курсын оқыту мәселесін жаңа 
тұрғыдан қарастыру мәселесі туындап отыр. Сол себепті, қарастырылып отырған тақырып 
аясында, тақырыптың осы уақытқа дейінгі мәселелері мен жай-күйі сарапталып, 
әдебиеттерге шолу жасалды, яғни, теориялық тұрғыдан негізделді.
Техникалық жоғары оқу орындарының түлектері үшін өмір қауіпсіздігі саласында 
оларды дайындау сапасын арттырудың мүмкін жолдарының бірі – таңдау курстары, олар 
әрқашан белгілі бір мәселе бойынша ең өзекті және жаңа, перспективалық шешімдер мен 
ұсыныстарды қамтиды, мысалы, “ Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі ” сынды 
таңдау курстары.
Пәнді оқытудың мақсаты-болашақ мамандарда экология бойынша білімді білім жүйесі 
негізінде олардың кәсіби қызметінің салдарын бағалау және экологиялық жағдайдың 
нашарлауын болдырмайтын оңтайлы шешімдер қабылдау қабілеттерін қалыптастыру. Осы 
таңдау курсын жаңа тұрғыдан қарастыру барысында, отандық және шетелдік тәжірибелер 
мен әдебиеттерге сүйене отырып, оқу-әдістемелік кешен ұғымының жалпы құрылысы, 
бөлімдері (нормативтік, теориялық, практикалық, әдістемелік, бақылау), қызметтері 
зерттеліп, көрсетілген әр блокқа сай «Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі» элективті 
курсы бойынша материалдар жинақталды. Пәннің оқу әдістемелік кешенін құрастыру 
барысында дәріс және семинар тақырыптарына талдау жасалып, жаңа тақырыптар ұсынылу 
үшін, шетелдік ЖОО-ның оқу бағдарламаларындағы осыған ұқсас курстардың құрылысы 
қаралып, «6В07204 – Тағамдық химия және технология» мамандығына сәйкестендіріліп, 
ұсынылатын тақырыптар жаңашаланды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
345 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   331   332   333   334   335   336   337   338   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет