«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
48
ҚЫРҒЫЗДЫҚ ЖАНТАҚ (
ALHAGI KIRGISORUM SCHRENK
) ӨСІМДІГІНЕН
АЛЫНҒАН ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТ НЕГІЗІНДЕ
СВЕЧА АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ
Елтай Н.Н.
Ғылыми жетекшілері: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш.,
PhD., қауым. профессор Тұрғынбаева А.A.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
nyeltayeva@mail.ru
Қазіргі таңда фармацевтік ғылымдар мен тәжірибелердің дамуы үшін дәрілік түрлерді
дайындаудың дәстүрлі тәсілдерін жетілдірумен қатар жаңа тәсілдерді зерттеу қолға алынып
келеді. Соған сәйкес Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер саныда күн санап артуда. Орта
есеппен қажет етілетін дәрілік заттардың 30% –ы өсімдіктерден дайындалады.
Шөлді, шөлейт өңірлерде өсетін жантақ өсімдігі – түйе малының жеңсік азығы болып
табылады. Ертеде жантақтан алынған дәріні қуыққа тас байланғанда, өт несеп жолдары
қабынғанда қолданса, тұнбасынан тік ішектің қан тамыры кеңейіп ауырғанда бұлау жасаған.
Осыған байланысты қазіргі таңда жантақ өсімдігінен әр түрлі дәрілік формалар жасалуда.
Зерттеу жұмыстарында емдік қасиеті жоғары болғандықтан Қазақстанда өсетін жантақтың
қырғыздық түрі (
Alhagi Kirgisorum Schrenk
) таңдалды.
Зерттеу нысаны – Алматы облысы, Шелек ауданынан 2022 жылы тамыз айында,
гүлдеу кезінде жиналған
Alhagi Kirgisorum Schrenk
өсімдігінің жер үсті бөлігі.
Жүргізілген зерттеу жұмыстарында өсімдіктің сапалық және сандық құрамы
анықталды. Фитохимиялық сараптауда бір және екі жүйелі қағазды хроматография
көмегімен өсімдіктегі негізгі биологиялық белсенді заттар (ББЗ): флавонол гликозидтері,
агликондар, фенол қышқылдары, амин қышқылдары, көмісулар бар екені іс жүзінде белгілі
болды.
Жантақтың қырғыздық түріне (
Alhagi Kirgisorum Schrenk
) жүргізілген шынайылық
келесі мәліметтерді көрсетті: шикізат ылғалдылығы – 8,1%, күлділігі – 16,4%, экстрактивті
заттар (70%-ды сулы-этанолда) – 34,1% болды.
Экстрактивті
заттар
мәліметіне
сүйеніп,
биологиялық
белсенді
кешенді
экстракциялауға ертінді есебінде 70%-ды сулы-этанол алынды (шикізат : экстрагент - 1:8,
экстракция уақыты – 72 сағат, экстракция реті - 2-рет, t°-22,28°C) таңдалды. Алынған
экстракт концентрленді, концентрат кептірілді, кепкен (ББК) ұнтақтың құрамында
флавоноидтар - 4,7%, аминқышқылдары - 17,6%, полисахаридтер - 32,2% бар екені белгілі
болды. Жұмыс жалғасуда.
Свеча жасауға негіз ретінде какао мен құйрық майы таңдалды. Сонымен қатар
концерванттар, ауырсынуды басатын заттарды қолдану көзделіп отыр. Қазіргі таңда осы
қосымша заттардың қатынастары қарастырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: