Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖОҢҒАР ИРИС ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет52/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖОҢҒАР ИРИС ӨСІМДІК ШИКІЗАТЫН ФИТОХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ 
 
Жолдыбаева Ж. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Мифтахова А.Ф. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
zholdybayeva1@gmail.com
 
 
Орталық Азия аумағында көптеген дәрілік өсімдіктердің түрлері бар, әсіресе Қазақстан 
аумағында толық зерттелмеген өсімдік шикізаты көп. Ел территориясында өсетін Жоңғар 
ирисі деген өсімдіктің химиялық құрамы толық зерттелмеген. Ирис қазіргі заманғы 
халықтық медицинада да қолданылады. Ғылыми медицинада зерттеу сатысында тұр.
Зерттеу нысаны ретінде 2022 жылы тамыз айында Алматы облысы аумағында 
жиналған Жоңғар ирис өсімдігі алынды. Жиналған өсімдік шикізаты бастапқы өңдеуден 
өткізіліп, ауа-көлеңкесінде кептірілді. Шикізат материалының биологиялық белсенді 
заттарының нақты мөлшерін анықтау үшін абсолютті құрғақ мәніне сәйкес есептелді.
М-04-38-2009 стандарты бойынша «Капель» капиллярлық электрофорез жүйесінде 
(анализатор) капиллярлық электрофорез әдісін қолдану арқылы аминқышқылдарының 
массалық үлесін өлшеу жүзеге асырылды. Жоңғар ирис құрамында аргинин, тирозин, 
фенилаланин, валин, пролин, аланин және глицин аминқышқылдары едәуір мөлшерде 
анықталды. Аргинин мен тирозин атаулы аминқышқылдарының мөлшері – 10,0 мг/л. Пролин 
аминқышқылының мөлшері – 12,0 мг/л. Гистидин, метионин, серин атаулы аминқышқылдар 
аз мөлшерде табылды. Метионин аминқышқылының мөлшері ең төменгі мәнге ие болды. 
Метионин аминқышқылының мөлшері – 2,70 мг/л. Жоңғар ирис өсімдік шикізатының 
минералдық құрамы ГОСТ 32343-2013 стандарты бойынша анықталды. Зерттеу нәтижесінде 
Жоңғар ирис құрамынан темір, мыс, мырыш, селен, хром минералды элементтері анықталды. 
Минералды элементтер ішінде мырыштың массалық үлесі ең жоғарғысы болып табылады. 
Мырыш минералының мөлшері – 23,21мг. Жоңғар ирис құрамында қорғасын және кадмий 
улы элементтер мөлшерлері ГОСТ 30178-96 стандартына сай рұқсат етілген норма шегінде 
анықталды. Жоңғар ирис құрамындағы полифенолдардың массалық концентрациясы ГОСТ 
Р 55488-2013 стандарты бойынша зерттелді, ал флавоноидты қосылыстардың массалық үлесі 
ГОСТ 55312-2012 стандарты бойынша анықталды. Жоңғар ирис құрамында зерттеу 
бойынша полифенолды қосылыстардың массалық үлесі - 0,62%, ал флавоноидты 
қосылыстардың массалық үлесі - 2,13%. Зерттеу нәтижесі бойынша полифенолдар мен 
флавоноидты қосылыстардың мөлшері олардан жеке заттарды бөліп алу үшін жеткілікті 
екені анықталды. Демек, Жоңғар ирис өсімдік шикізатын одан әрі фитохимиялық талдауға 
ұсынуға болады деп есептейміз.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
57 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет