Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ACANTHOPHYLLUM PUNGENS ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ



Pdf көрінісі
бет105/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ACANTHOPHYLLUM PUNGENS ӨСІМДІГІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН ЗЕРТТЕУ 
 
Тюмебаева A.A. 
Ғылыми жетекші: PhD, доцент м.а. Елибаева Н.С. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Дәрілік өсімдік шикізатының химиялық құрамы мен фармакологиялық қасиеттерін, 
оның құрамындағы жалпы фитопрепараттарды және өсімдіктерден оқшауланған жекелеген 
заттарды зерттеу жаңа, жоғары тиімді дәрілік заттардың пайда болуына әкеледі және оларды 
өндірудің жаңа технологияларын ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Қазақстанның шет ел 
тауарларына деген тәуелділікті жойып, отандық өнірісті қолдау басты мақсат болғандықтан, 
Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды өндіріп, 
қолданысқа ұсыну басты назарда.
Зерттеу нысаны-Қалампыр 
(Caryophyllaceae)
тұқымдасына жататын 
Acanthophyllum 
pungens
өсімдігінің жер беті бөлігі. Бұл өсімдік Алматы облысынан,гүлдену кезеңінде 
жиналған. 
Acanthophyllum pungens
өсімдігінің шынайылығы (шикізаттың ылғалдылығы
күлділігі,экстрактивті заттар) ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының әдістемесі бойынша 
анықталды. 
Acanthophyllum pungens
өсімдігінің ылғалдылығы-3,42 %,күлділігі- 3,78 %, 
экстрактивті заттар (50 % сулы-спирт)-16,8% 
Қалампыр 
(Caryophyllaceae)
тұқымдасы 
Acanthophyllum pungens
өсімдігі жер үсті 
бөліктерінің амин-, май- және фенолқышқылдық құрамы сарапталды. Қағазды 
хроматографияда шикізат құрамындағы 20 аминқышқылдарының сандық құрамы 
анықталды. 
Аминқышқылдарымен қатар тірі ағзада май қышқылдары зат алмасу процестеріне 
қатысады. Өсімдіктің құрамындағы май қышқылдары сарапталды. Тікенді бозтікен 
(Acanthophyllum pungens)
құрамында макро және микроэлементтер, В дәрумендері, Е 
дәрумені, сондай-ақ сапониндер, органикалық қышқылдар және құрамында флавоноидтар, 
тритерпен гликозидтері, экдистерон бар. Зерттеу жұмысы жалғасуда. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
110 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет