«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
215
НЕОДИМ ЖӘНЕ ПРАЗЕОДИМ МЕТАЛДАРЫНЫҢ СОРБЦИЯСЫ
Салимова К.Е, Аканова Г.Ж.
Ғылыми жетекшісі: Исмаилова А.Г.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
salimova.k02@mail.ru
Сирек жер металдары (СЖМ) қасиеттеріне қарай церий және иттрий топтарына, және
салмағына қарай жеңіл және ауыр деп бөлінеді. Қарастырып отырған металдар
Nd(
Neodymium
), Pr(
Pr
aseodymium
) церий тобының жеңіл металдарына жатады.
Бұл СЖМ
электронды құрылғылардың құрамында, әсіресе, тұрақты
магниттің құрамында көп
кездеседі. Сондықтан оларды әр түрлі қалдықтардан тиімді аналитикалық әдістермен бөліп
алу маңызды болып табылады. Осындай бөліп алу әдістерінің бірі – ионалмастырғыш
сорбенттердің көмегімен собрциялау.
Осы [1] жұмысында неодим және празеодим иондарының сорбциясына Intergel – поли-
4 винилпиридин гидрогелі жүйесінің полиакрил қышқылы
гидрогелін сорбент ретінде
қолданған. Осы сорбентпен неодим және празеодим иондарының сорбиялану дәрежесі 65%
құраған. Келесі жағдайда [2] лантаноидтарды сорбциялауға анионды ионалмастырғыш
Purolite S 910 пайдаланылған. Сірке қышқылды ортада және рН=4,38
болған жағдайда
сорбция жүргізуге қолайлы. Лантаноидтар үшін Purolite S 910 сорбентімен pH=4-4.5
жағдайында сорбция процесін орындау тиімді болып табылады.
Біздің жұмысымызда ионалмастырғыш сорбент ретінде Purolite
TM
C100 қолданылды.
Алдымен, сорбентті сорбция процесіне дейін кептіріп дайындап алу қажет. Сонымен қатар,
сорбенттің ісіну дәрежесі тексерілді.
Сол бойынша, ауада құрғатылған сорбенттің үлес
салмағы ісінуден кейінгі салмағымен салыстырылды. Бұл сорбенттің сулы ортада
қаншалықты салмақ өзгерісіне ұшырайтындығын көрсетеді. Ол
өз кезегінде сорбция
процесінің тиімділігіне әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: