«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
222
КОСМЕТИКА ӨНДІРІСІНДЕГІ ПИКЕРИНГ ЭМУЛЬСИЯЛАРЫ
Төлеубекова А.Ғ., Ертаева А.Б., Кенешбекова А.
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. доцент Адильбекова А.О.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
lutoleubekova@mail.ru
Пикеринг эмульсиялары дегеніміз микро-нано мөлшеріндегі
қатты бөлшектермен
тұрақтанған эмульсиялар [1]. Пикеринг эмульсияларында тұрақтандырғыш микро-
нанобөлшектер қызметін қол жетімді, табиғи, әрі адамның тері күтіміне
жағымды әсер
әкелетін саз бөлшектері(глина) атқара алады. Сол себепті Пикеринг эмульсияларын
косметика өндірісінде[2] пайдалану өте өзекті мәселе. Яғни, бұл эмульсиялардың
артықшылығы: адамға
және қоршаған ортаға зиянсыз; мұндағы қатты тұрақтандырғыш
микро-нанаобөлшектердің өзіндік құны қол жетімді болып табылады. Тіпті косметика
өндірісінен бөлек, тағам [3] және дәрі өндірісі сияқты
аса маңызды салаларда кең
қолданылыс тауып жатыр.
Пикеринг эмульсияларын алу үшін қызғылт саздың(розовая глина) микробөлшектері
қолданылды. Саз бөлшектерінің үлгілерін зерттеу барысында ренгендік спектрлік
микроанализ әдісі пайдаланылды. Сынамалардың элементтік құрамын талдау және әртүрлі
сәулелену түрлерінде фотосуреттер энергетикалық дисперсиялық
спектрометр көмегімен
орындалды. Қызғылт саз бөлшектерінің орташа өлшемі 36.67 мкм болып табылады.
Пикеринг эмульсиясының тұрақтылығына концентрацияның әсері 1-3% сазды
суспенциялармен тәжірибе жүргізе келе анықталды. Қызғылт саз бөлшектерімен тұрақты
тура Пикеринг эмульсияларын алуға болатыны байқалды. Концентрациясы С = 3%
саздың
сулы суспензиясында 4:6 қатынасында фазалар бөлінбей 2 айға жуық уақыт тұрақты болып
қалатын Пикеринг эмульсиялары алынды. Зерттеулерге сүйене келе, тұрақтандырғыш саз
бөлшектерінің концентрациясы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым эмульсия тұрақтылығы
жоғары болады. Тұрақты эмульсия үшін ең оңтайлы концентрация 3%-ға тура келеді.
Қызғылт саз негізінде алынған үлгіні косметика саласында қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: