Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет235/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
242 
КӨКСУ ШУНГИТЫНАН БИТУМДЫ МАСТИКА АЛУ 
Мазаржан А.А. 
Ғылыми жетекші: профессор Онгарбаев Е.Қ. 
Әл
-
Фараби
 
ат

Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

asiya.mazarzhan@gmail.com 
Бұл жұмыста Көксу шунгитынан битумды мастика алу қарастырылады. Шунгит
тарихы бар минерал. Шунгит жыныстары – минералогиялық жағынан графитке ұқсас 
көміртекті зат пен микрокристалды кремнеземнен тұратын бірегей табиғи наноқұрылымды 
композиция. Шунгиттер металлургияда, резеңке бұйымдары өндірісінде, құрылыс 
материалдары өндірісінде қолданылады. Кокс және флюс қоспаларын алмастырғыш ретінде, 
тотығу-тотықсыздану процестерінде шунгит жыныстары жоғары температурада өте 
белсенді, бұл оларды темір және түсті металдар металлургиясында кеңінен қолдануға 
мүмкіндік береді. 
Битум – қатты немесе шайыр тәрізді өнім, көмірсутектер мен олардың азот, оттек, 
күкірт және металдары бар туындыларының қоспасы.Битум жол төсемдерін салуда кеңінен 
қолданылады. Жол төсемдерінің кейбір бұзылуы битумның реологиялық қасиеттеріне 
байланысты. Битумды түрлендіру – жол төсемдерінің бұзылуы азайту үшін ең көп 
қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. 
Мастикаға жол битумы, дивинилстирол термоэластопласты, пластификатор ретінде – 
өнеркәсіптік май, резеңке чиптері, минералды толтырғыш ретінде – дисперсті шунгит және 
нанотүрлендіргіш кіреді.Қоспаның компоненттік құрамы келесідей болды, масс.%: 
нанотүрлендіргіш – 1ꞏ10 
-3
-6ꞏ10
-3
, өнеркәсіптік май – 2-9,4, термоэластопласт – 2,5-3,5, 
резеңке чиптері – 3-5, толтырғыш – 7, битум – қалғаны. 
Битум-полимерлі мастиканың көптеген артықшылықтары бар. Бұл материал өте жақсы 
физика-химиялық қасиеттер көрсетеді . Осы қасиеттер негізінде полимерлі мастиканы 
гидрооқшаулағыш немесе шатыр материалы ретінде қолдануға мүмкіндік береді.Жұмыстың 
зерттеу нысаны ретінде Павлодар қаласындағы “КазБитумСервис” компаниясынан мұнай 
битумы алынады. Мұнай битумын шамамен 400 г өлшеп алып, пеште битум 200℃-қа 
жетенше 1 сағ қыздыру процесі жүргізіледі. Процес барысында терможүппен 
температурасын өлшенеді.Битум 200℃-қа жеткенен кейін түрлендіру процесі басталады. 
Көсу шунгит 1%,резина үгіндісі 5%, бензол 5% алынып битумнің араластырғыш көмегімен 
1 сағ араластырылады.Процес аяқталғаннан кейін үлгінің созылғыштығы,иненің ену 
тереңдігі , жұмсару температурасы өлшенеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет