Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖАЛПЫ ХИМИЯДАН ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУҒА КОНТЕКСТТІК



Pdf көрінісі
бет291/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖАЛПЫ ХИМИЯДАН ПӘНДІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ БАҒАЛАУҒА КОНТЕКСТТІК 
ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Төлегенова Д.Е. 
Ғылыми жетекші: Далабаева Н.С. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
dilnaz.tulegenova.01@mail.ru
 
2020-2025 жылдарға арналған білім беру жоспары бойынша оқу орындарының білімі 
"ҚР-ның қазіргі заманғы инновациялық әлеуметтік бағдарланған даму талаптарына сай"
"шығармашылық әлеуметтік жауапты тұлғаны" қалыптастыруға бағытталуы керек деп 
мәлімдейді,осыған орай бүгінгі таңда қоғамға өзінің білімі мен қызметін үнемі жетілдіре 
алатын бастамашыл және тәуелсіз мамандар қажет.Дәстүрлі оқытуда тапсырмалар 
таным,зерттеу,іздеу,білім процесіне әлеуметтік мән мен жеке мағына беретін тұрмыстық 
сипаттан 
ажырайды,бұл 
алынған 
білімді 
практикада 
қолдану 
мүмкіндігінен 
айырады.Контексттік тапсырмалардың көмегімен пәндік білім мен дағдылар ғана 
емес,сонымен қатар олардың жүйелілігі мен функционалдығы,ойлаудың тәуелсіздігі мен 
шығармашылығы және басқа да жеке сипаттамалары анықталады.Сол себепті де бұл 
тақырып қазіргі кезде өзекті.Республиканың білім беру саласындағы заманауи үрдістер мен 
оның әртүрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер жалпы білім беру жүйесіндегі 
олардың рөлін, функциялары мен орындарын қайта пайымдаудың, оларды одан әрі дамытуда 
жаңа тәсілдерді әзірлеудің қажеттілігін тудырады. Жоғары тиімді,сапалы білім беру жүйесі 
ел экономикасының және қазақстандық қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізгі 
факторларының бірі. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты – химия пәнін контексттік 
тапсырмалар арқылы оқыту тәсілін енгізу. Зерттеу жұмысына Химия және химиялық 
технология факультетінің органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының 
1-курс студенттері қатысты. Бақылау кезінде барлығы 7 студент болатын. Алдын ала 
“Химиялық байланыс” тарауына дәстүрлі тапсырмамен салыстырмалы түрде контексттік 
тапсырма даярланып,бейорганикалық химия сабағында берілді. Білім алушылардың 
тапсырмалар бойынша деңгейлері бақыланды.Нәтижесінде контексттік әдіспен берілген 
тапсырманы студенттер тез арада орындап, жоғары балл алды. Ал дәстүрлі тапсырма 
бойынша төмендеу көрсеткіш көрсетті. Сонымен қатар, зерттеу барысында сауалнама және 
талдау әдістері қолданылды. Талдау әдісі негізінде зерттеу жұмысының нақты мәселесін 
анықтасақ, сауалнама жүргізу мәселенің дұрыс шешімін анықтауға негіз бола алды. 
Анализдей келе,дәстүрлі тапсырмаларға қарағанда,контексттік тапсырмаларды орындау 
студенттердің логикасын жетілдірді. 
Контексттік тапсырмалар тұрмыстық жағдайлармен байланысқандықтан,студенттердің 
білімін практикада қолдану мүмкіндігі артты. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
300 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет