Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет359/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
369 
ЖАНТАҚТЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ӘСЕРІ. 
ЖАНТАҚ ЖАҚПА МАЙЫ 
 
Төленова.А.С 
Ғылыми жетекшісі: PhD Оспанова Г. 
Сулейман
 
Демирель
 
Университеті
 
aykerm.tulenova@bk.ru
 
Жантақ-далалы аймақта өсетін, адам ағзасына пайдасы мол шөп тектес өсімдік. Оның 
химиялық құрамы мен биологиялық тұрғыда адам ағзасына әсерін зерттеу өте өзекті 
тақырып болып табылады. Жантақтың емдік қасиеті фармацевтикада аз қолданысқа ие 
болып табылады. Жантақ Қазақстанның шөл далалық аудандарында сұр, құмайт және 
сортаң топырақты жерлерде өседі Осындай қасиеттерімен танымал жантақты біз жоғалтып 
алуымыз ықтимал. Себебі, жантақтың бұршақ тәрізді жемісі екі жылдық болып табылады. 
Ал адамдардың жантақты жыл сайын отаруы бүршіктің азая бастап, жантақ өсетін 
аталықтың қалмауына алып келеді. 
Емдік қасиеті: Гастроэнтерологта қабынуға қарсы, қыжылға қарсы, созылмалы 
ауруларда, диарея және созылмалы квотизбен ауырғанда, инфекциялық аурулар кезінде 
қолданылады. Проктологияда, гинекологияда, іш қату мен экземамен қарсы тұрады. Кейде 
оларды суық тигенде, жөтелді жұмсартатын ұнтақ түрінде болады. Түйе тікеннің шөбінен 
алынған сығындылар микробқа қарсы әсерге ие және олар стрептококқа, стафилококқа және 
дизентерия таяқшасына айқын бактерицидтік әсер етеді. Өсімдіктердің дәрілік қасиеті осы 
биологиялық әсерлі заттардың тобына алколоидтар, гликозидтер, эфир майлары, сапониндер, 
илік заттары, витаминдер, органикалық қышқылдар тағы басқа да көптеген заттар кіреді. 
Жантақ құрамы: Эфир майы стериодтар, алкалоидтар, С және К витаминдері, В 
тобындағы дәрумендер, каротин, кумарин, катехиндер, флавоноидтар, органикалық 
қышқылдар және лейноантициандар, эфир майы, бояғыш заттар, смолалар болады. 
Жантақтың химиялық құрамын жоғарыда айтқандар бойынша талдай отырып 
жантақтан жақпа май жасадым. Жақпа майдың құрамы: Жантақ күлі, жантақ балы, ақ саз, 
сутектің асқын тотығы, глицерин қолданылды. 
Бұл жақпа майдың емдік қасиеті, жараларды емдеуге, мәселен, күйік орын, тіліп алған 
кезде залалсыздандырғыш ретін де сонымен қатар терінің құрғақтығын қайтарады. Жақпа 
май құрамындағы зәйтүн мен бал теріге жұмсақтық, нәзіктік береді. Медицинада жантақтың 
шөбінен сусын, жақпа май көп жағдайда антисептикалық яғни зарарсыздандыру мақсатында 
қолданылады. Жантақтың теріге пайдасы орасан зор. Соның бірі сары жара, 
бөрткен,гемморойдың басын қайтаруға пайдаланылады. 
Қорытындылай келе, жантақтан жасалған жақпа май: біздің негізгі жантақ жайлы 
ашқан жаңалығымыздың бірі болып табылады. Жантақтың майы геморрой, тері күйген 
жағдайда, сары жара мен бөртпе пайда болған жағдайда жағылатын сыртқа арналған мазь.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы 
370 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет