Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖҮГЕРІ ШАШАҚТАРЫ (CORN SILK) ЖӘНЕ ГРЕК ЖАҢҒАҚ



Pdf көрінісі
бет54/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖҮГЕРІ ШАШАҚТАРЫ (CORN SILK) ЖӘНЕ ГРЕК ЖАҢҒАҚ
ҚАУЫЗЫ (WALNUT PARTITIONS) КЕШЕНІНЕ
ФИТОХИМИЯЛЫҚ САРАПТАУ ЖҮРГІЗУ 
 
Жұмаханова А.Е. 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Тоқтарбек М. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Азық-түлік мақсатында қоланылатын өсімдіктердің жеуге жарамсыз бөліктері қалдық 
ретінде қоқысқа шығарылады, алайда шетелдік ғалымдар кейбір азықтық қалдықтарының 
денсаулыққа тигізер пайдасы орасан зор екенін дәлелдеген. Зерттеу нысаны болып 
табылатын өсімдік қалдықтары халықтық медицинада гипергликемияны төмендету, 
антидепрессант, 
метаболизм процестерін жақсарту және жүйке жүйесін қалпына келтіретін 
агент ретінде 
пайдаланылады.
Жүгері шашағы (Corn silk) - 2022 жылы, 
қыркүйек айында Алматы облысы, Жаркент 
қаласынан жиналған;
ал 
грек жаңғақ қауызы (Walnut partitions) – 2022 жылы Түркістан 
облысы, Түлкібас ауданынан жиналған.
Зерттеу әдістері ҚР МФ талаптары бойынша жасалынды. Фитохимиялық зерттеу 
мақсатында 65 грамм жаңғақ қауызы және 35 грамм жүгері шашағы кешенінен ББЗ-ды бөліп 
алу үшін мацерация әдісімен 70%-тік этанол-су еріткіші қолданылды. Кешеннің 
шынайылығы: ылғалдылығы-5%, күлділігі-9,4% және экстрактивті заттар-23% болды. 
Сондай-ақ кешенге ҚХ, ЖҚХ әдістері көмегімен сапалық сараптаулар жасалынды. 
Кешеннен экстракт алу үшін «Сокслет экстракция» әдісімен гексан, этилацетат және н-
бутанол еріткіштері қолданылды. Экстрактілердің сапалық құрамын анықтау үшін ЖҚХ 
әдісі және айқындағыш реагент 10% Ce(SO
4
)

-
нің 15% H
2
SO

дағы ерітіндісі мен 254 және 
366 нм толқын ұзындығындағы УК жарық қолданылды.
Нәтижелер
.
 
Зерттеу нәтижесінде кешен құрамындағы аминқышқылдар (гистидин, 
тирозин, лизин, глутамин және т.б.) және көмірсулар (глюкоза, манноза, арабиноза, 
галактоза және т.б.) хроматограммадағы Rf мәні мен пайда болған дақ түстері бойынша 
анықталды.
Сонымен қатар кешен құрамында флавоноидтар, алкалоидтар, тері илегіш 
заттар, лигниндер және пигментті заттар бар екені белгілі болды. Өсімдіктер кешеніне 
сандық сараптау жасалынды, кешен құрамында флавоноидтар – 3,1%, тері илегіш заттар - 
1,8%, органикалық қышқылдар-3,3%, сапониндер – 0,15%, алкалоидтар – 2,5% және 
кумарин мөлшері – 0,5% екені белгілі болды. Кешен құрамындағы май қышқылдарын 
анықтау үшін ГХ қолданылды. Зерттеу нәтижесінде: қаныққан май қышқылдары – 12%, 
моноқанықпаған май қышқылдары – 20%, полиқанықпаған май қышқылдары – 66%-ті 
көрсетті. Кешен құрамындағы макро- және микроэлементтер мөлшері атомды адсорбционды 
анализатор көмегімен анықталды. Zn - 3.9057 мкг/мл; Cu – 0.821 мкг/мл; Fe – 18.055 
мкг/мл; Ca – 325.11 мкг/мл; Mg – 235.37 мкг/мл; K–1668.25 мкг/мл Na – 54.14 мкг/мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет