ДӘРІЛІК ШАЛФЕЙ ЖӘНЕ БИІК АҢДЫЗ ӨСІМДІКТЕР КЕШЕНІН
ФИТОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Мыңбаева А.А.
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Тоқтарбек М.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aruzhan.mnbv@gmail.com
Қазақстан аумағы дәрілік өсімдіктерге бай және ата-бабаларымыз халықтық
медицинада оларды қолданды. Зерттеу нысанындағы өсімдіктер қабынуға қарсы, микробқа
қарсы, қақырық түсіретін, ішек қозғалғыштығын арттыратын және асқазан сөлінің
секрециясын төмендететін қасиеттерге ие.
Зерттеу
нысаны
.
Дәрілік шалфей (
Salvia officinalis L
.) және Биік аңдыз (
Inula helenium
L.)
өсімдіктер кешені.
Әдістер
.
Зерртеу жұмысы ҚР мемлекеттік фармакопея I-том негізінде жасалынды. Ең
алдымен өсімдіктер кешенінің шынайылығы зерттелінді, нәтижесінде кешеннің
ылғалдылығы- 7,69%, күлділігі-8,28% және кешеннің құрамында экстрактивті заттар 20%
болды.
Дәрілік шалфей мен Биік аңдыз өсімдіктер кешенінен тұндырынды алудың тиімді
жолын таңдау мақсатында мацерация және ультрадыбыстық экстракция әдістері
қолданылды. Екі әдісте де өсімдік шикізаты 1:1 қатынаста алынды. Экстрагент ретінде 70%-
ды этанол-су еріткіші қолданылды. Шикізат пен экстрагент қатынасы мацерация әдісі үшін
1:8, ал ультрадыбыстық экстракция үшін 1:6 және 1:8 қатынастарында 30, 45 және 60 мин
уақыттарда салыстырмалы жүргізілді. Нәтиже бойынша, 1:8 қатынасында 60 мин
ультрадыбыстық экстракциялау тиімді екені анықталды.
Кешен құрамындағы ББЗ сапалық сараптау үшін бір және екі жүйелі қағазды
хроматография әдістері жасалынды. Аммиак буы, ДзПНА /сода, ЖАК 1%-ды, FeCl
3
1%-ды,
AlCl₃ 1%-ды, орто-толуидин және нингидрин реагенттері сапалық реакциялар жүргізу үшін
қолданылды.
Нәтижелер
.
Кешені құрамынан флавонолдар, флавонондар, тері илегіш заттар,
аминқышқылдар (серин, глутамин, фенилаланин, орнитин, метионин, лизин, лейцин тирозин
аминқышқылдары) және көмірсулар (галактоза, глюкоза, манноза, мальтоза және лактоза)
анықталды.
Кешендегі ББЗ сандық сараптау жасалынды, сараптау нәтижесінде кешен құрамында:
органикалық қышқылдар 0,98%, тері илегіш заттар 4,38%, флавоноидтар 0,26%, көмірсулар
3,48%, кумариндер 0,35% екені белгілі болды.
Қорытынды
.
Өсімдік шикізаттары кешеніне сапалық және сандық талдау жасалынды.
Сараптау нәтижелері негізінде кешен құрамынан фитопрепарт алудың оңтайлы жолы
тұжырымдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |