Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ТҰЩЫ СУЛАРДЫ МЕМБРАНАЛЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҚПЕН



Pdf көрінісі
бет247/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ТҰЩЫ СУЛАРДЫ МЕМБРАНАЛЫҚ СЫЙЫМДЫЛЫҚПЕН
ДЕИОНИЗАЦИЯЛАУ ӘДІСІН ДАМЫТУ 
 
Хамзин Б.Ғ., Супиева Ж.А. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
ҚазҰ
 
bekzathamzin@gmail.com

Қазіргі уақытта үлкен мәселелердің біріне айналған тұщы су мәселесі. Планетамызда 
тұщы судың таралуын қарасақ, тұщы судың үлесі 3% екенін байқаймыз. Дүниежүзілік 
Банктің болжамына сәйкес, 2025 жылға қарай әр түрлі елдерде 2,5 миллиард адам тұщы 
судың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Тұщы судың тапшылығының негізгі себебі адам 
санының экспоненциалды түрде өсуі, сондықтан тұщу суға деген қажеттілік күн сайын 
артып келеді. Бұл Қазақстанды да айналып өтпейді, қазіргі кездегі мәліметтер бойынша 
еліміздің батыс және орталық аймақтары тұщы су тапшылығын сезінуде. 
Қазіргі уақытта дамыған мемлекеттерде тұщы суды алудың термиялық және 
мембраналық әдістер қолданылады. Термиялық әдістің негізінде тұзды суды, судың қайнау 
температурасына дейін қыздыру болып табылады. Су қайнау температурасына жеткеннен 
кейін оның булануы жүреді, алынған бу конденсацияланады да бөлек контейнерге 
жиналады. Әдістің мәні су қайнау температурасына жеткенде тек су буланып, онда еріген 
тұздар ерітіндіде қалады. Нәтижесінде тұщы су және тұзды ерітінді пайда болады. 
Мембраналық әдістің негізі жүйеге жоғары қысыммен әсер еткенде, тұщы су өткізгіш 
мембрана арқылы өтеді, ал тұзды компоненттер мембранадан өтпей концентрат түзеді, кейін 
ол жүйеден шығарылады. 
Алайда, берілген әдістердің үлкен бір кемшілігі олардың экономикалық жағынан 
тиімсіздігі. Қымбаттылығынан көп мемлекеттер оларды сатып алуға және жұмысын 
қамтамасыз етуге қаухарсыз. 
Осы кемшіліктерді ескере отырып, тұщы су алудың альтернативті жолы 
сыйымдылықты ионсыздандыру әдісін қолдану жолға алынды. Әдістің мәні 
тұзсыздандырылған судың ағыны екі кеуекті көміртекті электродтар арасында айдалады. 
Иондар және басқа зарядталған бөлшектер электростатикалық адсорбцияланады және 
қарама-қарсы белгінің электродының ішкі бетінде ұсталады. Теріс электрод катиондарды, ал 
оң электрод аниондарды адсорбциялайды. Осылайша, қос қабатты конденсаторлардағы 
жағдайға ұқсас қос электр қабаты зарядталады. Ақыр соңында электродтардың беті 
иондармен қаныққан болады және оны қалпына келтіру керек. Бұл электр тізбегін ашу 
немесе қайта полюстеу арқылы жүзеге асырылады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
255 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет