Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет249/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
ТАС КӨМІР ШАЙЫРЫНЫҢ АНТРАЦЕН ФРАКЦИЯСЫНАН
КОКС АЛУ ӘДІСІН ЖАСАУ 
 
Ақан А. А. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., қауым. профессор Смағұлова Н.Т. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
 
Тас көмір шайырының антрацендік фракциясы (АФ) күл қоспаларының болмауына, 
гетероатомдардың аздығына және салыстырмалы түрде қарапайым химиялық құрамына 
байланысты кокс алу үшін перспективалы шикізат болып табылады. Әртүрлі технологиялық 
әдістерді қолдана отырып, изотропты және анизотропты (инелі) құрылымды коксты алуға 
болады. 
Зерттеу объектісі ретінде «Caры-Aркa Cпeцкокc» ЖШС Шұбaркөл кeн орны тас 
көмiрiн жaртылaй кокcтeу процесінен aлынғaн тac көмiр шайырының антрацендік 
фракциясы қолданылды. Жұмыстың мақсаты өз буларының қысымымен кокстеу арқылы 
АФ-нан алынған кокстарының қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ алынған кокстардың 
қасиеттерін зерттеу болды. 
Шұбаркөл кен орнының тас көмірін жартылай кокстеу алынған тас көмір шайырының 
(ТКШ) антрацендік фракциясының химиялық заттардың молекулалық құрылымы С
13
ЯМР 
спектроскопия арқылы анықталды. ЯМР спектрлері Bruker Ascend
TM
400 МГц 
спектрометрінде анықталды. Зерттеу нысанындағы күкірт және металдар мөлшері Shimadzu 
EDX-8000P рентген-флуоресценттік спектрометрінде анықталды. Алынған кокстың 
микроқұрылымдалуын бағалау мәні МИМ-7 металлографиялық анализ арқылы анықталды.
Термоөңдеу процессі Parr цифрлық бақылаушымен басқарылатын араластырғыш 
құрылғысы бар, жоғары қысымды реакторда жүргізілді. Тас көмір шайырының антрацендік 
фракциясынан кокс алу 1,5; 2,5; 3,5; 4,5 МПа қысым астында 5,5 сағат жүргізілді. 600°С 
температура, 4,5 МПа қысым астында 5,5 сағат жүргізу нәтижесінде алынған кокс шығымы 
65 % құрады. Кокс алу процесінің оңтайлы температурасы 600°С, қысымы 4,5 МПа 
болатындығы анықталды. Зерттеу барысында алынған өнімнің микроқұрылымы зерттелді. 
Кокстеу барысында көлденең тігiлген құрылымдардың түзілетіндігі анықталды. 
Мемлекетаралық стандарт ГОСТ 26132-84 "Мұнай және шайыр кокстары. Микроқұрылымды 
бағалау әдісі" бойынша алынған кокс үлгісінің микроқұрылымын бағалау мәні 2,0 балл. 
Құрылымдық элементтер арасындағы нақты шекара байқалатын біртекті құрылысты 
сипаттайтын ұсақ талшықты құрылым. Аталған құрылымдық элементке сәйкес талшық 
ұзындығы 3-10 мкм, ұсақ талшықты құрылым екендігі анықталды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
258 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет