RUBUS HYBRID
ӨСІМДІГІНІҢ ЖЕР ҮСТІ БӨЛІГІН ХИМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ
Амангелді А.Б.
Ғылыми жетекші: х.ғ.к. Дюсебаева М.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aydana.amangeldi@gmail.com
Бүгінгі таңда өсімдік негізінде жасалған дәрілік препараттарға сұраныс артуда. Оның
бірден бір себебі препараттардың аллергиялық әсері синтетикалық дәрілік заттарға қарағанда
төмен көрсеткішті көрсетуі. Германиядағы қоғамдық пікірді зерттеу институтының
мәліметтері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 50% - дан астамы табиғи дәрі-
дәрмектермен емделуді жөн көреді және тек 20% - ы химиялық заттар сенімдірек деп
санайды. Халқымыз ежелден бері дәрілік өсімдіктерді қолдану арқылы әртүрлі сырқатты
емдеп келе жатыр, солардың бірі таңқурай мен бүлдіргеннің гибриді Логан жидегі
(ежеиалина). Ежемалина аталық және аналық формалардың пайдалы қасиеттерін өзіне алған.
Жемістерінің калориясы төмен, 100 г жаңа піскен жидектерде 55 кКал бар. Олардың
құрамында РР, Е, А, С, К дәрумендері, А провитамині, микро және макроэлементтер – темір,
селен, кальций, натрий, мыс, калий, марганец, фосфор көп. Халық медицинада ежемалина
жидектері ғана емес, сонымен қатар бұтақтар, жапырақтар және тіпті тамырлар пайдалы
қасиеттерге ие және көптеген балама медицина рецептерінде қолданылады. Жапырақтары
мен жемістерінен жасалған инфузия суық тиюді, пневмонияны, ас қорыту жүйесінің
бұзылуын және шамадан тыс жүйке қозғыштығын емдеуде қолданылады. Менопауза кезінде
әйелдерге ішу ұсынылады.
Зерттеу
нысаны
ретінде Алтай және Нарынқол өңірлерінде өсетін тас жусан өсімдігінің жер
үсті бөлігі алынды.
Жұмыстың
мақсаты
:
Алматы өңірінен жиналған
Rubus hybrid
өсімдігінің химиялық
құрамын зерттеу және биологиялық белсенді кешендерін алудың тиімді технологиялық
сызбанұсқасын жасау. Өсімдіктердің негізгі ББЗ – ның сандық құрамының зерттеулері
мемлекеттік фармокопеядағы ХI әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді.
Rubus hybrid
өсімдігінің жер үсті бөлігін зерттеу нәтижесінде шикізаттың бос
органикалық қышқылдар – 0,86%, экстрактивті заттар – 54,32%, флаваноидтар – 0,102%,
полисахоридтер – 1,49%, анықталды. Сонымен қоса 20 амин қышқылы және 8 май қышқылы
анықталды. Бүгінгі таңда
Rubus hybrid
өсімдігіне ғылыми зерттеу жұмыстары жалғасуда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
261
Достарыңызбен бөлісу: |