«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
268
“БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ” ПӘНІ БОЙЫНША АВТОРЛЫҚ БЕЙНЕ КУРСТЫҢ
МОДЕЛІН ЖАСАУ
Бұхарбай Г.Н.
Ғылыми жетекші: п.ғ.д., х.ғ.к. Бекишев К.
Әль
-
Фараби
атындағы
Қазақ
Ұлттық
университеті
Gulkhan.bukharbai@mail.ru
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы нәтижесінде осы күндері кез келген елді
мекенде (тіпті елде) тұратын кез келген адамның қалаған мамандық бойынша өзіне ыңғайлы
уақытта қалаған тілде жүйелі түрде қосымша білім алуына мүмкіндік туды. Бірақ мұндай
мүмкіндікті пайдалану үшін Интернетке қосылатын компьютер (планшет немесе смартфон)
және жүйелеген білім көзі болу керек. Көптеген жағдайда ол үшін қайтадан университетке
түсу қажет емес. Сондай білім көздерінің бірі – ғылым негіздері бойынша жасалған бейне
курстар.
Химия ғылымының әртүрлі мәселелеріне арналған ғаламшардағы бейне курстар
мазмұндарына жасалған сараптама ондай курстардың қазақ тілінде әлі жеткіліксіз екендігін
көрсетті. Курстың мазмұны қойылған мақсатқа байланысты екендігін ескере отырып, біз
келесі нақты мәселелерді шешетін бейне курстың модельін жасауға кірістік. Біз ұсынып
отырған бейне курс мақсаттарын келесі тезистермен сипаттауға болады:
1.
Кез келген жерде тұратын кез келген адамға қалаған уақытында «Бейорганикалық
химия» пәні бойынша қазақ тілінде білім алуына мүмкіндік жасау; Қазіргі заманда белгілі
бір мамандық бойынша бір рет жоғарғы немесе арнайы оқу орнын бітіріп, одан әрі өмір бойы
білікті маман болып қала беру мүмкін емес! Бұрынғы заманның ұраны «Бір рет өмірлік білім
алу» болған болса, қазіргі заманның ұраны «Өмір бойы үздіксіз білім алу»!
2.
Еліміздің шалғай ауылдарындағы орналасқан аз комплекті мектеп оқушыларына
кейбір химиялық білімді қажет ететін мамандықтарына түсуге мүмкіндік жасау. Ауылда
Интернет, ал талапкерлерде Интернетке шығатын қарапайым компьютер, смартфон немесе
планшет болған жағдайда бейне курстар бұл мәселені шешеді!
3.
ҚР ЖОО оқитын студенттер мен орта мектептерінде оқитын оқушылары бойларында
функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда химия пәнінің үлесін жоғарылату; Жұмыс
берушілердің және халықаралық зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстан студенттері
мен орта мектеп оқушыларының бойларында функционалдық сауаттылықтық қалыптасу
дәрежесі басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
4.
Ең дамыған елдердің өзінде ғалымдар бүкіл халықтың небәрі бірнеше пайызын
құрайды, ал, қалғандары – білімді тұтынушылар. Тұтынушылар болса, денсаулықтарына
зиян келтірмес үшін күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттардың қасиеттерін
білулері қажет. Оларды білу үшін де көптеген жағдайда «Бейорганикалық химия» және
«Органикалық химия» бойынша арнайы бейне курстарды көру жеткілікті!
Достарыңызбен бөлісу: