Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ЦЕОЛИТ ҚҰРАМДЫ НАНОРАЗМЕРЛІ КАТАЛИЗАТОРДА КӨМІРСУТЕКТЕРДІ ӨҢДЕУ Бақытжанова Қ.Б. Ғылыми жетекші:
Омарова А.А. Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ayim_93@bk.ru Қазақстан Республикасы көмірсутектік шикізат қоры бойынша әлемнің жетекші
елдерінің қатарына кіреді. Мемлекетте мұнай қорының бар болуы, мұнайды және мұнай
өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндігі, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
өркендеуде үлкен жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұнай өндірісің
экологилық аспектілері ескерілу қажет, әсіресе экологияны ластайтын мұнай отындарының
сапасы жоғарғы стандарттарға сай болуы керек.
Көпфункционалды, наноқұрылымды катализаторларды ашудың басты маңыздылығы
бір мезетте және параллель 3-4 процестің қатар жүруінде. Газоконденсат пен басқада мұнай
газдарын көпфункционалды катализаторларда өңдегенде бір мезетте және кезек-кезек:
дегидрлену, алкилдену, изомеризация, циклизация, сондай-ақ құрамында күкірті бар
қосылыстардан тазартатын реакциялар жүреді. Нәтижесінде газоконденсат немесе мұнай
газдарын өңдеудің бірінші сатысында мотор жанармайындағы жоғары октанды компонент
пен ароматты көмірсутектегі концентратын алуға болады. Нанокатализаторлар әдетте
каталитикалық процесті күшейту мақсатында қолданылады. Металл нанобөлшектерінің
жоғары
бетінің ауданы
, бұл каталитикалық белсенділікті арттыра алады.
Электронды микроскопия және электронды дифракция әдістерінің көмегімен
катализаторлардың белсенді орталықтарының құрылымы мен жағдайы зерттелді.
Электрондық микроскопия деректеріне сәйкес La-ZSM-Al
2
O
3
катализаторының беті
айтарлықтай біртекті: La
2
О
3
және La
2
О
11
сирек жер элементінің оксидтік күйлерінен түзілген
d ≈ 2,0-4,0 нм жоғары дисперсті құрылымдар басым. AlSi
2
O
6
және Al
4
Si
4
O
17
ретінде
анықталған d ≈ 100,0 нм түзілімдері де бар.
Зерттеулер көрсеткендей, La-ZSM-Al
2
O
3
, катализаторларының бетіндегі бөлшектер
өте дисперсті. Металдар - белсенді фазаның компоненттері негізінен тотыққан күйде болады,
бетінде дисперсиясы, құрылымы мен күйі катализатор компоненттерінің табиғатымен
анықталатын кластер-ассоциаттарды құрайды. Осылайша, катализаторлардың бетінде
қышқыл орталықтар металмен қатар өмір сүреді: қышқыл (Бронстед және Льюс), MP+ -
металл және аралас орталықтардың болуы тән. Қышқыл орталықтарының құрамына цеолит
қуыстарының ішіне де, олардың сыртқы жағына да бекітілген әртүрлі тотығу дәрежесіндегі
металдар кіруі мүмкін, бұл жұмыстарға сәйкес келеді және электронды микроскопия
деректерімен расталады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
265