Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет328/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
337 
ҚР ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ
ҚҰРАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мызыраева Ә.Е. 
Ғылыми жетекші:п.ғ.д., х.ғ.к., профессор Бекишев К. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
myzyrayeva15@mail.ru
Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі – нарық талаптарына сай мамандар 
дайындау. Ол үшін білім сапасын көтеру керек, ал ол үшін өз кезегінде әр пән бойынша оқу-
әдістемелік кешен құрастыру керек! Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев 2022 жылғы өткен 
сайлауалды бағдарламасының «Қолжетімді және сапалы білім» бөлігінде білім беруді 
цифрландыру мақсатында «Пәндерді оқытудың инновациялық әдістері енгізіліп, қажетті оқу 
материалдары цифрлы форматқа ауыстырылады. Оқулықтарды цифрлы форматқа көшіру 
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Балалар цифрлы сабақтар, жаттығулар мен тапсырмаларға 
қосымша қол жеткізіп, мектепте дәстүрлі баспа оқулықтарын пайдалануға мүмкіндік алады. 
Оқулықтар үйреншікті дәстүрлі қағаз және цифрлы форматта қолжетімді болады» деп атап 
өткен болатын.
Оқу-әдістемелік кешеннің негізгі компоненті – оқулық! Ал осы күнгі ақпараттық 
технологиялар заманында ол электрондық оқулыққа ауысуда. Дәстүрлі оқулықтардан 
электрондық оқулықтардың ең басты айырмашылығы – электрондық оқулықтар кешеннің 
басты компоненттерін (негізгі оқулық, дидактикалық материалдар, есептер жинағы, 
практикум, сыныптан тыс оқуға арналған оқу кітабы) бір жүйеге біріктіреді. Электрондық 
оқулықтардың білім саласына қажеттілігіне тоқталсақ, еліміздің біршама ауылдық 
жерлеріндегі мектептері шағынкомплекті мектептер қатарына жатады. Мұндай мектептерде 
бала санының аздығы, мұғалімдердің жетіспеушілігі жиі кездеседі. Сондай-ақ, жарысқа 
басқа қалаға кеткен не денсаулығына байланысты ауырып мектепке уақытша бара алмайтын 
оқушылар да болады. Бұл жағдайларда оқушылар білімді өз бетінше меңгере алуына 
электрондық оқулықтар жағдай жасайды. 
Қазіргі уақытта заман талабына сай қазақ тіліндегі оқулықтар немесе оқу 
құралдарының электрондық нұсқалары жоқ. Тек «PDF» форматында бірсарынды жасалған. 
Олар дәстүрлі оқулықтарды тек конвертация жасалынып салынған. Ешқандай компьютерлік 
бағдарламалар қолданылмаған. Қазақ тілінде сапалы электрондық оқулықтарды жасау әр пән 
мұғалімінің борышы деп есептейміз. Біз де осы мақсатта химия пәнінің «Ерітінділер» 
тарауын мысалға ала отырып, электрондық оқулықтың моделін жасаудамыз. Электрондық 
оқулығымыздың құрылымы негізгі ақпараттар, ғалымдардың қысқаша өмірбаяндары, 
терминдердің сөздігі, есептер жинағы, практикалық жұмыстар мен сілтемелер, қосымша 
ақпараттардан тұрады. Осындай электрондық оқулықтар пайда болса, кез-келген елді-
мекенде (тіпті шетелде) тұратын кез-келген адамның қалаған уақтында кез-келген ғылым 
саласы бойынша қазақ тілінде жүйелі білім алуына мүмкіндік туар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет