Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 8-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет331/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕКТЕПТЕРІНІҢ 8-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН 
ХИМИЯ ПӘНІНЕН ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 
ВИДЕОКУРС ЖАСАУ 
Нұрсагатова Ж.Ж. 
Ғылыми жетекші: phD Қамұнұр Қ. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
080502.urdjar@gmail.com 
 
Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық 
бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы ең алдымен, білім беру 
жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс және біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа 
моделінің орталық буынына айналдыра отырып, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау 
қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажеттілігін көрсетеді. 
Сондай-ақ, оқушыларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы 
керек. «Үкіметке бұл мәселемен, атап айтқанда қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық 
жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырамын. Біздің білім беру жүйеміз 
қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» – деп мемлекет басшысы өз жолдауында атап өтті.
Зерттеу
 
нысаны
 
ретінде қазіргі кең қолданыстағы платформа «Youtube» желісі мен 
Семей қаласының 35 мектебі алынды.
Жұмыстың
 
мақсаты
:
Оқушылар ауырып қалған жағдайда немесе әртүрлі жарыстарға 
кеткенде сабақтан қалып білім деңгейін төмендетіп алып жатады. Сондықтан осы мәселені 
шешу үшін смартфон, компьютерін қосып, сабақты тыңдап, түрлі тапсырмаларды орындай 
береді. Сондықтан, оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін барлық пәндерден
видеоматериалдар дайындау тиімді әдіс. Химия пәніненде осындай әрбір сыныпқа, әрбір 
сабаққа оның ішінде зертханалық жұмыстарғада видео сабақ болғаны дұрыс.
Сол үшін біз өзіміздің жұмысымызда химия пәнінен 8-сыныпқа арналған толық 32 
сағатқа арғалған арнайы төмендетілген мектептерге арналған күнтізбелік-тақырыптық 
жоспар негізінде видео сабақ түсірудеміз. Оның ішінде зертханалық, практикалық 
жұмыстарға баса назар аударылған. Себебі, кейбір шалғай ауылдарда зертханалық 
жұмыстарды жасауға мүмкіндік жоқ.
Химия көп салалы пән болғандықтан, ол бүкіл жаратылыстану пәндерімен мазмұндық 
және практикалық жағынан тікелей байланысты. Сондықтан, оқушылардың білімін 
толықтырып қана қоймай, олардың ізденушілігін, зерттеушілігін дамытатын бұл пән 
бойынша дайындалған оқу құралдарының оқулық мазмұнымен сабақтастықта пайдалануын 
қамтамасыз ету қарастырылуда. 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
341 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет