Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ



Pdf көрінісі
бет332/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГТЫҢ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ 
БЕРУ ҮРДІСІНДЕГІ ФУНКЦИЯЛАРЫН 
ЗЕРТТЕУ 
 
Омарова Б.Д. 
Ғылыми жетекші:
 
PhD Сатыбалдиев Б.С. 
Әл
-
фараби
 
атындағы
 
ҚазҰУ
 
balausa.omarova.00@mail.ru
Орта және жоғарғы білімнің сапасы – табысты, бәсекеге қабілетті, тұғыры биік ұлт 
болудың маңызды шарты. Бұл ретте білімнің сапасын жақсарту үшін, алдымен, білім 
алушының да, білім берушінің де құштарлығын оята білу қажет. Дәстүрлі оқытуда мұғалім 
функциясы: тәрбие беру, білім беру, коммуникативтік, ұйымдастырушылық, дамытушылық. 
Ал заманауи педагог дамытушылық функцияға үлкен мән беруі керек. 
Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша 
цифрландыру. Оқушылардың гаджеттерді жиі пайдаланатыны ескерсек, білім беруді де 
цифрландыру аса маңызды. Цифрлық қоғам дамыған заманда ЖОО-да арнайы дәріс 
сағаттарын ұйымдастырудың қажеттілігі төмендеп жатыр. «Төңкерілген сынып» әдісі 
дамыған елдердің білім беруінде өте танымал. Білім берудің осы әдісі педагогтың білім беру 
функциясы мен дамытушылық функциясын ұштастырып, арнайы дәріс сағаттарын 
ұйымдастырмай, семинар сағаттарына көп көңіл бөлінуіне көмектеседі. Яғни педагог алдын 
ала тақырыптарға подкасттар түсіріп, әдебиеттерге сілтеме жасап, оқушыларға тақырып 
туралы өзі ізденіп оқып келуге нұсқау береді. Семинар сағатында педагог барлық оқушыны 
тыңдап өзара білім алмасады. Оқушылар үшін бұл әдіс немен тиімді: Дәріс оқып тыңдауды 
өзіне ыңғайлы уақытта бірнеше рет қайталап жүзеге асырады; Өзін мұғаліммен ақпарат 
алмасуда тең дәрежеде сезінеді де, бұл оны ынталандырады; гаджеттердегі ойындарға 
бөлінген уақыт көбірек білім алуға жұмсалады; дәріс сағаты үшін дәріс залына келмейді, 
экономикалық жағынан тиімді, және транспортқа уақыт құртпайды. Ал педагог үшін: 
Подкасттарға ғана уаұыт жұмсаса, бір оқылған дәрісті қайталап оқи бермейді, оған бөлінген 
сағат оқушыны дамытуға жұмсалады, физикалық жүктемесі азаяды. 
Техникалық білім беру орынында «Бейорганикалық химия» курсын оқитын 
студенттерге 3ай тәжірибе жасау барысында екі топ студенттеріне тәжірибе жасалынды. 
Бірінші топ дәстүрлі түрде оқыса, екінші топ. 
«Төңкерілген сынып» әдісімен оқыды. Екі топтың да кіріс нәтижесі ұқсас болды. Ал 
шығыс нәтижесі «Төңкерілген сынып әдісімен оқитын студенттерде жоғары болды. 
Оқушылардың қызығушылығы артып, білімі, сабаққа қатысу активтілігі, сынып ішілік бәсеке 
жоғарылады. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
342 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   328   329   330   331   332   333   334   335   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет