Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
АЭРОКІРНЕЛЕР» ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУ Смаилхан Б.Қ. Ғылыми жетекші: х.ғ.к. профессор Қоқанбаев Ә.Қ. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті bota_smailkhan@mail.ru Қазіргі уақытта заманауи білім берудің маңызды және өзекті міндеттерінің бірі
бәсекеге қабілетті тұлғаны дайындау болып табылады. Жоғары оқу орындарының
көпшілігінде оқылатын коллоидтық химия пәніне негізделген «Аэрокірнелер» таңдау курсын
оқытудың әдістемелік материалдар кешенін кұрастыруда білім беруді дамыту үшін, білім
беру стандартында ұсынылған негізгі қағидалардың, пәнаралык байланыстардың,
интеграцияның, үздіксіздік пен сабақтастықтың, материалды тереңірек зерделеуге
себептесетін ғылымилық пен жүйелілік аспектілері ескерілуі қажет. Себебі жаңа ғасырды
аттаған бүгінгі қоғамның барлық салаларында (ғылым, мәдениет, әдебиет, химия, өнер,
тарих, білім беру, техника) айтырлықтай өзгерістер болуда.
Бүкіл әлем халқының өміріне жаһандану үдерісі еніп жатқан мына өмірде студенттерге
білім беруді әлемдік стандарттарға жакындату, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін
жаңаша жаңғыртып оқытуға лайыктау − күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі. Біз
аталмыш тақырыпта әдеби шолулардың негізінде аэрокірнелердің алынуы, қолданылуы
бойынша оқу-әдістемелік кешенінің басты бөлімдерін жасадық. Атап айтқанда, пәннің
жұмыс оқу бағдарламасы, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары, әдістемелік
материалдар. Зерттеу нәтижелері нормативтік құжаттамалар жасау бойынша жалғасуда.
Біздің жасаған және толықтырып жасалатын «Аэрокірнелер» таңдау курсының оқу-
әдістемелік кешені білім мазмұнын толықтыру үшін, сонымен қатар, жаратылыстану-
математика бағытындағы техникалық колледждер, университеттерде таңдау курсы ретінде
енгізуді ұсынуға болады. Университеттердегі білім алушылар «Аэрокірнелер» курсын
таңдаған жағдайда, біз құрастырған оқу-әдістемелік кешен олардың коллоидтық химия
бойынша білімдерін жетілдіріп және оларды практикада пайдалануына үлкен мүмкіншілік
туғызады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
346