Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА САРАЛАП ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет344/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА САРАЛАП ОҚЫТУ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
 
Халел Н.А. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., оқытушы-дәріскер Сыдыкбаева С.А. 
Ілияс
 
Жансүгіров
 
атындағы
 
Жетісу
 
университеті
 
Оқушылар бір-бірінен физикалық, интеллектуалдық, эмоционалдық дамуы, оқу 
материалын қабылдау қарқыны бойынша ерекшеленетіні мәлім. Оқушылардың ішінде 
стандарттан тыс ойлайтын балалар, сондай-ақ қабілеттері мен бейімділіктері әлі 
анықталмаған оқушылар бар. Сонымен қатар, дәстүрлі мектеп пәндерінің бағдарламасынан 
тыс қабілеттері мен қызығушылықтары бар оқушылар да бар. Бұл оқытуды даралау үшін 
жағдай жасау қажеттілігін көрсетеді, яғни баланың жеке ерекшеліктеріне сай оқыту 
процессін жүргізу қажет. 
Әр түрлі топтар мен сыныптардағы балаларда білімді тиімді игеру үшін оқу процесінде 
әр баланың ерекшеліктерін ескеру қажет. Саралап оқыту әдісінің тиімділіктерін зерттеу 
мақсатында химия сабағында саралап оқыту әдісінің мына түрлері қолданылды: тапсырманы 
саралау, жұмыс қарқынын саралау, қолдау және үй жұмысын саралау. Тапсырманы саралау 
оқушының қабілетіне байланысты немесе жеткен жетістігіне қарай түрлі тапсырмалар 
беріледі. Сабақтың мақсаты бірдей, бірақ сол мақсатқа жеткізетін тапсырма түрі әр оқушыда 
әртүрлі болады. Жұмыс қарқынын саралау түрі бойынша оқушыларға бірдей тапсырма 
берілгенімен оларға берілетін уақыт әртүрлі. Яғни тапсырманы орындау қарқыны ескеріледі. 
Бұл арқылы қарқыны жоғары оқушы жұмысын ерте аяқтаса, келесі тапсырмаға өте береді. 
Ал қарқыны төмен оқушы тапсырманы мұқият орындап, мақсатқа жетеді. Қолдауды саралау 
түрі бойынша әр оқушыға қолдау жеке беріледі. Кейбір оқушы қолдауды қажет етпеуі 
мүмкін, ал кейбір оқушыға қолдау көбірек қажет болуы мүмкін. Яғни әр оқушының 
қажеттілігі ескеріледі. Ол оқу мақсатына жеткізудің бір жолы. Үй жұмысын саралау түрі 
бойынша үй тапсырмасы түрлі формада ұсынылады. Оқушы өзінің қызығушылығына 
байланысты тапсырма түрін таңдайды. Бұл оқушылардың үй тапсырмаларын өз 
қалауларымен орындауына мүмкіндік береді.
Саралау әдістерін қолдану әр оқушының даралығын ескеруге мүмкіндік береді, бұл әр 
оқушының оқу материалын түсіну мүмкіндігін арттырады, сонымен қатар оқушылардың 
зейінін, қабылдауын, есте сақтау қабілетін және ойлауын дамытудың жоғары деңгейіне қол 
жеткізуге мүмкіндік береді, баланың сабақтағы белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, 
өз бетінше жұмыс істеуге деген ұмтылысын арттырады. Зерттеу барысында саралау әдісінің 
мынадай тиімділіктері байқалды: оқушылардың өз деңгейлеріне сай тапсырмалар орындауы, 
дарынды оқушының тақырыпты одан әрі дамыта меңгеруі, дейгейі төмен оқушылардың да 
деңгейі жоғары тапсырмаларды орындауға тырысуы және өз деңгейіндегі тапсырмаларын 
толық орындауы, оқушылардың оқу мақсатына толығымен жетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет