Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«БИОТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН «ХИМИЯ



Pdf көрінісі
бет341/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«БИОТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНА АРНАЛҒАН «ХИМИЯ 
ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА» ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ЖАСАУ
Усербаева А.М. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Рыскалиева Р.Г. 
Әль
-
фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
alina.139@mail.ru
 
 
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени 
жаңаруы жоғары білім беру жүйесіндегі болашақ мамандарды даярлауға ерекше талаптар 
кояды. Себебі, мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары «Қазақстан – 2050»
стратегиясында, «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында жан-жақты 
айқындалып, кәсіби мамандардың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру арқылы, адам 
капиталының сапасын жақсарту міндеттері айқындалған. 
Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті мамандарды білім саласындағы үздік әлемдік 
тәжірибелерге сәйкес даярлау және мемлекетті индустриялық-инновациялық дамыту 
міндеттерін, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру жылдам өзгеретін әлемде 
жетістікке жетуді қамтамасыз ететін, білім алуға сұраныстары жоғары, ұйымдастырушылық 
қабілеттері дамыған кәсіби мамандар дайындау өте өзекті бола түсуде. 
Қазақстанның әлемнің озық отыз елінің қатарына ену жағдайында еліміздегі жоғары 
оқу орындарының халықаралық білім беру жүйесіне біріктірілуі қазіргі білім беру сапасын 
жаңғыртуды, 
жаңартуды, 
жандандыруды, 
әлеуметтендіруді, 
инновациялық 
технологиялармен қамтамасыздандыруды талап етуде. Осыған орай, «Биотехнология» 
мамандығына арналған химия пәнінің мазмұнын қазақ тілінде заманауи дидактикалық 
талаптарға сай етіп жасау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Биотехнология мамандығының студенттеріне «Химия және математика» пәні 7 апта 
химия және 7 апта математиканы оқытуға бөлінген. Сондықтан да осы мерзім ішінде химия 
пәнін оқыту үшін оқу әдістемелік кешен құру, кәсіптік бағытталған оқытуды жүзеге асыруға 
мүмкіндік беретін мазмұнды іріктеу және оны құрылымдау қағидаттарын сараптау және 
құрастыру қажет. Бұл бағдарламаны жасауда мамандық ерекшелігін және сол мамандыққа 
қажетті химияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын ескерген жөн. Кез келген білім 
бағдарламасын игеруде студенттер өзінің рухани құндылығын байытып, дүниеге көзарасын 
оң бағытқа өзгертуі тиіс.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
351 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   337   338   339   340   341   342   343   344   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет