Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚАБАТТАРДАҒЫ БЕТТІК БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ЕКІ



Pdf көрінісі
бет343/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

АДСОРБЦИЯЛЫҚ ҚАБАТТАРДАҒЫ БЕТТІК БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ЕКІ 
ӨЛШЕМДІ КҮЙІ» ЭЛЕКТИВТІ КУРСЫНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН 
ӘЗІРЛЕУ 
 
Ұлықбаш А.Ж. 
Ғылыми жетекші:
х.ғ.д. профессор Мұсабеков Қ. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
aidaulikbash@gmail.com
 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған 
тұжырымдамасында барлық адамның сапалы білім алу құқықтарының теңдігі атап өтілген 
болатын. Соған сәйкес жалпы мамандарды даярлау жүйесі озық кадрлармен қамтамасыз 
ету моделіне көшу процессі қолға алынуда. Оның басты міндеті – өңірлік және салалық 
бөліністе жаңа кәсіптерге сұраныс пен адами ресурстардың ұсыныстарын тиімді 
ұштастыруды қамтамасыз ету. Жоба шеңберінде өңірлер кадрларға ағымдағы және 
перспективалық қажеттілікті анықтап қана қоймай, таяудағы онжылдыққа арналған 
мамандар даярлаудың стандарттары мен бағдарламаларын да айқындайтын болады. 
Осылайша, жоғары оқу орындары неғұрлым маңызды салаларды дамыту жолға қойылады. 
Химия пәнін оқитын бакалавриат студенттерінің осы пәнге деген қызығушылығын 
арттыруда, аталған мамандық бойынша тәжірбие барысында туындайтын мәселелерді 
шешуге, жұмыс жасау қабілетін арттыруға, заман талабына сай білікті маман дайындау 
басты мәселелердің бірі болып отыр. Осы тақырып аясында адсорбциялық қабаттардағы 
беттік белсенді заттардың екі өлшемді күйі модулінің мазмұнын таңдау, жаңа заманауи
ақпараттармен толықтыру және оның оқу-әдістемелік кешенін құрастыру, дайындалған оқу-
әдістемелік кешен негізінде аталған модулді оқыту үшін қажетті оқу материалдары мен 
дәрістерді, зертханалық сабақтарды әзірлеу жұмыстары жасалынды. Зерттеу жұмысы 
құрастырылған оқу-әдістемелік кешен арқылы «Адсорбциялық қабаттардағы беттік белсенді 
заттардың екі өлшемді күйі» элективті курсын оқытудың тиімділігін дидактикалық, 
педагогикалық эксперимент негізінде дәлелдеу арқылы жалғасын табады. 
Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынатын оқу әдістемелік кешенді ҚР ЖОО
коллоидты химия пәні оқытылатын бакалавриат мамандықтарының білім мазмұнын 
толықтыру үшін және сонымен қатар жаратылыстану-математика бағытындағы техникалық 
колледждер, университеттерде таңдау курсы ретінде енгізуді ұсынуға болады. 
«Адсорбциялық қабаттардағы беттік белсенді заттардың екі өлшемді күйі» элективті курсы 
бойынша құрастырылған оқу-әдістемелік кешен арқылы оқу процесі жүзеге асырылса, 
коллоидтық химия бойынша білімдерін жетілдіріп, сол білімдерін практикада пайдалануына 
мүміндік береді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
353 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   339   340   341   342   343   344   345   346   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет