«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
361
ДҮКЕНДЕГІ СҮТТІҢ САПАСЫН АНЫҚТАУ
Қалибек Ұ.
Ғылыми жетекшісі:
химия
пәні
мұғалімі
Қарамырзаев Ғ.А.
№
207
мектеп
–
лицей
Қазір нарықтық қатынастар заманында белгілі бір тауар өнімін сатып алу бізді біраз
әбігерге салатыны шындық. Себебі, тауар түрлері өте көп,
тіпті оны өндіретін зауыт,
фабрикалардың түрлерін саусақпен санай алмайсыз. Нарық болғандықтан барлық жерде баға
да әртүрлі, кейде сапасына бағасы сай келмейтін тауар түрін сатып алып қойып, өкініп
жатамыз. Сол секілді күнделікті тұтынатын азық-түліктің ішінде сүттің алар орны ерекше.
Сүт ешқашан сұраныстан кетпейтін тауар болғандықтан, сапа жағынан да жоғары деңгейде
тұру керек. Алайда дүкен сөрелерінде қаптаған тетрапакеттегі сүттің
бәрі дерлік жасанды,
әйтеуір табиғи емес. Сүт көп, бірақ сапалы күмәнді. 2020 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап
Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАОЭ) «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі» туралы
регламенті күшіне енгенін білеміз. Аталған техникалық регламентке Қазақстанның сүт
өнімдерінің толықтай сай келмейтіні сан мәрте айтылып жүр. Енді қайтсек сүтіміздің
сапасын көтереміз? Осы тақырып әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Яғни, бұл
мәселе шешімін әлі тапқан жоқ. Біз өзіміздің зерттеу жұмысы арқылы мәселенің шешімін
табуға тырысамыз.
Зерттеу
жұмысының
мақсаты
:
Cүт тұтыну саласында
тұрғындардың дәм талғамын
зерттеу, сүтті негізгі сапа көрсеткіштері бойынша зерттеу.
Зерттеу
жұмысының
міндеттері
:
-
Мәлімет жинау мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізу
-
Сауалнама көрсеткіштері бойынша жиі қолданылатын сүттің бір түрін талдап, сапасына
зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы, баға беру.
-
Зерттеу жұмысының нәтижесі
арқылы мәселе шешімін анықтап, оның халыққа деген
пайддасын, эффективлігін
фактілермен дәлелдеу
Дүкендегі сүттердің сапасын анықтау үшін төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 1)
Алматы қаласы бойынша тұтынушылардың таңдауын әлеуметтік желіде сауалнама арқылы
білдік; 2) Көп дауыс жинаған сүттің сапасын бірнеше талаптар бойынша сапасын анықтадық.
Әлеуметтік желідегі сауалнама нәтижесінде «Петропавлское» ультрапастерленген сүті
зерттеу нысаны болып таңдалды. «Петропавлское» ультрапастерленген сүтін талаптар
бойынша: а) сүт
құрамында крахмал жоқтығын; ә) сүт құрамында консерванттардың
жоқтығын; б) спирт қатысында сүттің ұюы; в) минералды судың сүтке әсерін тексердік.
Зерттеу нәтижесінде «Петропавлское» ультрапастерленген сүті
сапасы жағынан өте
жақсы нәтиже көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: