ХИМИЯ ПӘНІНЕН «ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖҮРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ» АТТЫ БЕЙІНДІ СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТИВТІ КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫН СЫНИ-ОЙЛАУ ӘДІСІМЕН КІРІКТІРЕ ОҚЫТУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Үмбет Ж.Қ. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Далабаева Н.С. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 06-chemist-06@mail.ru Мемлекет тарапынан бейінді бағытқа арнап элективті курстар ұйымдастырылуы білім
алушының жоғары оқу орнына барғанда кәсіби дағдыларды оңай игеруіне жағдай жасауды
талап етіп отыр. Осыған орай ұсынылып отырған курстың барлық тақырыптары тікелей
сыни-ойлау дағдысын қалыптастыруға негізделген, шындығына қарағанда мектеп
бағдарламасында практикалық жұмыстардың тізімі өте аз деуге болады. Олай болса,
оқушылардың теориялық білімі қалыптасқанмен, практикалық жағынан дағды,
құзіреттіліктерін қалай қалыптастырамыз? Химия, соның ішінде химиялық реакциялардың
жүру заңдылықтары (термодинамика, тепе - теңдік т.с.с ) жаратылыстану бағытына жататын
пәндердің де негізі болып табылады. Ал мектептерде бұл тақырыптар күнтізбелік жоспарға
сәйкес көп дегенде екі сағат қарастырылған. Осыған орай химиялық реакциялардың жүру
заңдылықтарын тереңдете түсу үшін элективті курсын жасау өзекті болып табылады.
Бейіндік дайындыққа арналған «Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары»
элективті курсы Жалпы орта мектебінің және бейінді мектептердің 11 сынып оқушыларына
арналып жасалынған және 17 сағатты қамтиды. Оқытылатын тақырыптар ұзақ мерзімді
жоспармен сәйкестендіріліп алынған, тақырыптар туралы теориялық біліммен қоса жалпы
химиялық реакциялардыі не үшін жүретіні және тақырып бойынша есептеулер кіріктірілген.
«Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары» тақырыбына негізделген элективті
курсына сыни-ойлау әдісін кірістіре оқыту арқылы білім алушылардың танымдық ойлауын,
химия пәніне ынтасы мен қызығушылықтарын, химия пәнін ғылым саласы ретінде және
біздің күнделікті өміріміздің химиямен тығыз байланысты екендігіне, сондай-ақ берілген
мысалдар негізінде өз бетінше білімді тереңдету ұмтылыстарын арттыра түседі. Білім
алушыларға нәтижелі түсіндіруде сыни-ойлау әдістерін қолдану үшін әдіснамалық
ұсыныстарды ұсынамыз. Білім алушыларға физикалық химия тақырыптарын сыни-ойлау
әдісін кірістіре білім берген кезде ақпарат білім алушының ұзақ ми жадында сақталатынына
қорытынды сабақ кезінде көз жеткізілген болатын.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
352