Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет65/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
69 
ДАЛАЛЫҚ ҚЫРЫҚБУЫН ӨСІМДІГІНІҢ ҚҰРҒАҚ ЭКСТРАКТІСІНЕН ЖАҚПА 
МАЙ АЛУ ЖОЛЫН ҰСЫНУ 
 
Көпжасарқызы А.
Ғылыми жетекші: х.ғ.д., профессор Бурашева Г.Ш. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

kpzasarkyzyaruzan@gmail.com

Қазақстан Республикасының аумағы дәрілік өсімдіктерге өте бай, оларды ата-
бабаларымыз халық шаруашылығы мен медициналық мақсатта қолданған. Зерттеу 
нысанындағы өсімдік емдік қасиетінің кең спектірімен халықтық медицинада қолданылып 
келеді. Далалық қырықбуын ормандарда, бұталарда, орманды және субальпілік 
шалғындарда, батпақты батпақтарда кең таралған. 
Емдік қасиеттері - инфузиясы тамшы, өкпе туберкулезі, ішек инфекциясы, қанды 
диарея, бүйрек тастарын кетіру, бас ауруы, Аддисон ауруы, сиатикалық нервтің қабынуы, 
ревматизм және подагра үшін қолданылады. 
Зерттеу
 
нысаны
.
 
Далалық қырықбуын (Herba Equiseti arvensis) өсімдігінің жер үсті 
бөлігі - Алматы обылысынан 2022 жылы гүлдеу уақытында жиналынған. 
Әдістер
.
Зертеу жұмысы ең алдымен өсімдік шикізатының шынайылығы зерттелінді, 
зерттеудің нәтижесінде ылғалдылығы- 8,68%, күлділігі-18,4% және өсімдік шикізатының 
құрамындағы экстрактивті заттар 48,79% болды. 
Далалық қырықбуын өсімдігін мацерация әдісімен сулы-этанолдың 50%-ын 1:10 
қатынасында, 3 күн – экстракцияланды. Роторлы буландырғыштың көмегімен экстрактімізді 
45-50°С –та қоюландырылды. Концентратының PH-ын анықтадық. PH- 5,74. 
Құрамындағы ББЗ сапалық сараптау үшін бір және екі жүйелі қағазды хроматография 
әдістері жасалынды. Аммиак буы, ДзПНА /сода, ЖАК 1%-ды, FeCl
3
1%-ды, AlCl₃ 1%-ды, 
орто-толуидин және нингидрин реагенттері сапалық реакциялар жүргізу үшін қолданылды. 
Нәтижелер
.
 
Сапалық сараптау барысында өсімдік шикізатының құрамында
эквизетонин, сапонин және экзитин деген алкалоидтар, флавоноидтар, алма, аскорбин, 
қымыздық, кремний қышқылдары, иілік, ащы заттар, майлар, белоктар және көмірсулар бар 
екені белгілі болды. Далалық қырықбуын өсімдігінің негізгі ББЗ-ның сандық құрамын зертеу 
жұмысы ҚР мемлекеттік фармакопея I-том негізінде жасалынды, сараптау нәтижесінде 
құрамында: органикалық қышқылдар 2,7%, тері илегіш заттар 2,6%, флавоноидтар 1,54%, 
көмірсулар 3,2%, және кумариндер 0,6% болды.
Қорытынды
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет