Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет63/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
67 
LONICERA
 ТҰҚЫМДАС ӨСІМДІКТЕРДЕН
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ КЕШЕНДЕРІН БӨЛІП АЛУ 
 
Қалыбек Ж. Ж. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к. Берганаева Г.Е. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
zhannur.kalybekova@mail.ru

Қазіргі таңда фармацевтика саласында құрамы таза, табиғи заттардан алынған дәрілік 
препараттардың маңызы өте зор. Соның ішінде өсімдіктердің жемісінен, гүлінен, тамырынан 
алынатын препараттар ерекше бағаланып отыр. 
Зерттеу нысаны ретінде Қырғызстанда, Джеті-Оғыз ауданында өсетін ұшқаттың 
«Бахчарский великан» сортының жемісі таңдалып алынды.
Ұшқат (лат. 
Lonicera
) – ұшқаттар тұқымдасына жататын шырмалған бұта, кейде ағаш. 
Солтүстік жарты шардың барлық дерлік аймақтарында 190-ға жуық түрі белгілі, олардың 
көпшілігі Гималай мен Шығыс Азияда кездеседі. Қазақстанда ұшқаттың Іле ұшқаты, Қаратау 
ұшқаты, Алтай ұшқаты, татар ұшқаты секілді түрлері өседі.
«Бахчарский великан» сорты – мәдени өсімдіктердің ішінде ең ірі жеміс беретін 
өкілдерінің бірі болып табылады. Бұл сорттың артықшылығы – ол 15 жылға дейін үздіксіз 
жеміс бере алады, аса күтімді қажет етпейді және өсімдіктерде кездесетін көптеген ауруларға 
төзімді. 
Жоғарыда атап өткендей, ұшқат әлемде кең таралған, жемісі биологиялық белсенді 
заттарға бай және адам ағзасына пайдасы ұшан теңіз. Мәселен, дәрумендердің көп болуына 
байланысты тәбеттің төмендеуі және анемия кезінде, фебрильді жағдайларда антипиретик 
ретінде, метаболизм бұзылған жағдайда, екінші типтегі қант диабеті мен буын ауруларына 
т.б. қолданылады. 
Жемістері 2800 мг% дейін Р-белсенді қосылыстар жинайды, олардың 900-1400 мг% 
антоциандарға, 120-620 мг% катехиндерге,15-100 мг% фенолкарбол қышқылдарына, 70 мг% 
флавонолдар мен флавондарға сәйкес келеді. 
Ұшқат жемісінен биологиялық белсенді заттарды бөліп алу үшін фитохимиялық талдау 
жасалып, сапалық және сандық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу барысында жемістің 
ылғалдылығы, күлділігі, құрамындағы макро-, микроэлементтер, органикалық қышқылдар, 
флавоноидтар, антоциандар, тері илегіш заттар анықталды. Ылғалдылығы – 18,88%, күлділігі 
– 8,49% құрады. 
Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет